ойын сауық отауы
Мен - донормын
09.05.2016 2 649 0 Дауыл

Мен - донормын

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Бәріңе!
Бәріңе!
Бәріңе!
Жасыңа да кәріңе!
Кімге қан керек?
Ішуге емес, дәріге...
Мен - донормын.
Шипа болар қаным бар.
Қабылдаңдар, алындар.
Менің жылы қанымның
Қасиетін таныңдар.
Жоқ!
Ақшаға сатпаймын!
Аурулар алдында,
Борышымды ақтаймын.
Өмір беріп өзгеге,
Өмірімді сақтаймын!
Мен - донормын.
Таза қан.
Сақ боласыз жазадан,
Сақ боласыз мазадан,
Қабылдаңыз?!
Көп берем де, аз алам,
Сіздегі сансыз түтікпен
Менің қаным өтеді,
Маған сол да жетеді!
Сіздегі жылы жүректе
Менің қаным соғады.
Маған сол да болады!
Сіздің мидың, біздің қан
Болып жатса қорегі.
Басқаның не керегі?!
Бәріңе!
Бәріңе!
Бәріңе!
Жасыңа да, кәріңе!
Кімге қан керек?
Кімге қан керек?
Кімге қан керек?
Ішуге емес!
Дәріге!..

Ұшқыш Ұшқыш
Төбеден шаншылып, Бәріңе Ән салып береді бозторғай. Одан да Жоғары Әріде Ұшады тырналар жезтаңдай.
Күн ауысып барады Күн ауысып барады
Күн ауысып барады түнге қарай, Шығыста - кеш, Батысқа - кірген арай. Күн шыққан жерден әркез түн келеді, Маған солай, білмеймін, кімге қалай.
Жырлар жазам Жырлар жазам
Жырлар жазам, Алайда ол кімге керек?! Жанға шипа іздеймін, тілге дерек. Мәжнүн болып барамын күннен - күнге, Сау жандардан саяқсып, жүрген ерек.
Батар күн Батар күн
Батар күн, Келер түн, Атар таң, Шығар күн, Бәріңе, бәріңе, бәріңе құмармын! Осы мен, осылай мәңгілік тұрармын, Осы мен, сірә да, өлмейтін шығармын!
Тірі бол Тірі бол
Сүмбіл шашы, Сылқым жасы, Отағасы Кәріге. Сөкпе, жаным, Тәтті қаным, Бітті иман Бәріңе.
He жетпейді? He жетпейді?
- He жетпейді? Құлпырған маңайың гүл,- деп маған, Ырза болмай, ағайын жүр. Жаным барда, бойымда қаным барда, Жырымнан жан ашуын алайын бір.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×