ойын сауық отауы
Жамандықты жақсылықпен жеңе біл!
13.05.2018 2 488 0 Дауыл

Жамандықты жақсылықпен жеңе біл!

Бұл қызықты
ЖАМАНДЫ ЖАҚСЫЛЫҚПЕН ЖЕҢЕ БІЛ!
Хосраудан біреулер:
- Кімдердің ақылды болғанын қалар едің? – деп сұрағанда, ол:
- Жауларымның ақылды болғанын қалар едім, себебі, ақылды адамдар зұлымдық ойламайды. Ал ақымақтар зұлымдық істемей тұра алмайды, - депті. (Абуль - Фарадж, араб ақыны)

АДАМ ЖОЛЫНДАҒЫ БӨГЕТТІ жоя алатын, қиындықтан қорықпайтын болуы керек. Оған барар жол қайсы дейсіз ғой? Меніңше, көре алмайтынға дархан мінезіңді, зұлымға қайырымдылығыңды, сараңға жомарттығыңды мойындат. Жаманды жақсылықпен жеңген дұрыс. Жамандыққа жамандықпен жауап берсең, арада мәңгілік өшпенділік пайда болады.
Кішіпейілділік – кішірею емес, қайта сенің биіктігіңнің белгісі.
Кейде біз ашуға булығып, кейін шегіне салмаймыз ғой. Бізді құртатын да сол. «Аһ, сені ме, құртып жіберемін. Ісім сенімен болсын енді» деп бар дүниені ұмытып, аласұрып жатамыз. Ал оның зардабы қанша жанды қамықтырады! Ұстамсыздық пен сабырсыздық қаншама кісінің жүрегін жаралайды десеңші!
Бірде екі сыйлас жан бір - бірімен құда болды. Қыз да, жігіт те сүп - сүйкімді, бір - бірін ұнатты. Үй болып, отау тікті. Бәрі де керемет болатын. Екі құда бірде сөзге келіп қалып, арты жанжалға айналды. Нәтижесінде құда болудан арылды, сүттей ұйып отырған отбасы да бұзылды. «Ашумен емес, ақылмен қимылда. Ашу дүние толы нәзік шарананы жыртады» деген сөз осындайдан шықса керек.
Баға беруден аулақпын. Қай кезеңде болмасын, ашудың жетегінде кеткен жан опық жейтіні анық. Өйткені ол жамандыққа бастайды. Ал жамандықтың қашанда өрісі тар, түбі таяздай, ызғары аяздай.
Әрбір жанға өз ғұмыры сын екендігі ақиқат. Қашанда қарапайым, кішіпейіл, сабырлы жан адамдық қадір - қасиетін шын жүрегімен түсінеді. «Ұлық болсаң – кішік бол» дейді. Бәлкім адамдық ұлылық та осында жатқан шығар.
* * *
Өзгенің жамандық ісіне жақсылықпен жауап беру адамның адамының ғана қолынан келеді.

Әкім Ысқақтың Жүректегі жазулар Күнделік эссесінен

Толық нұсқасын қарау

Әтеш пенен меруерт тас - Спандияр Көбеев Әтеш пенен меруерт тас - Спандияр Көбеев
Мыс қылар алтыныңды жаман адам, Қайдан білсін жақсы - жаманды надан адам, Асылдың қадырын біліп қалай тұрсын, Көрмеген өмірінде тазына адам.
Ақылды мен ақымақтың арасы Ақылды мен ақымақтың арасы
«Өзінің ақымақтығын білген адамды данышпанға тең десе де болғандай. Ал өзін данышпанға балаған ақымақ – шын мәніндегі ақымақ» деген ғұлама сөзі де
Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет. Ақылды адамның бойындағы 9 қасиет.
Кейде, күтпеген жағдай орын алған сәтте оңай жол тауып кететін адам назарыңды аудармай кетпесі анық. Ондай адамды көргенде сүйсінеміз, қызығамыз
Медетбек батырдың батасы Медетбек батырдың батасы
Батам, батам батасын Батам жерде жатпасын! Осы отырған шаңыраққа Барша әлеумет, жұртшылық Жақсылықпен аттасын!
Өмірдегі барлық қиындықтарға күліп тұрып, қолыңызды бір сілтеңіз. Өмірдегі барлық қиындықтарға күліп тұрып,
Адамдарды сыйлау, сыйламау әркімнің өз еркі, алайда олармен дұрыс қарым - қатынаста болу мәдениеттілік белгісі.
Ақымақтық туралы Ақымақтық туралы
Ақымақтың тілі ұзын келеді. (Аристофан)
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×