ойын сауық отауы
Ар - ождан – сенімнің өлшемі
20.07.2018 5 531 0 Дауыл

Ар - ождан – сенімнің өлшемі

Бұл қызықты
Ар - ождан – сенімнің өлшемі
Адамзат баласы бойындағы ең қажетті сезім – ар - ожданы. Ар - ожданның негізгі мақсаты ақтық пен нақақты анық айыру, бір нәрсені өтірік мақтамау, не оны жалған жамандамау.

Қазіргі күнде әркім ождан туралы айта бастады. Мәселен, «арым таза», «арым көтермейді», «арым солай бұйырады» деген сөздер жиі естіледі. Бұ нәрселер – адам баласы сана - сезімінің оянып, өсіп келе жатқандығының дәлелі. Мәселен, аллатағала адамзатты жаратқанда оған ар - ұятты қоса жаратқан. Ал, хайуандарға да бірі - бірінен қызғану сезімін дарытқан. Демек, адамзат пен жан - жануарлардың қай - қайсысы да бойындағы осындай асыл қасиеттерімен өмір сүреді. Әсіресе, адамзаттың ар - ожданы өте қасиетті және жоғары болып саналады. Ол әділдіктің бірден - бір өлшемі болып саналады. Осы өлшем болғанда ғана адам баласы нәпсінің құлы болудан сақтана алады. Егер осы жақсы қасиетті дұрыс пайдалана алмаса, онда адамның хайуандардан айырмасы болмай қалады.

Адамзат баласы өзінің жабайылық әлемінен осы жақсы қасиеті арқылы бөлініп шығып, өмірінің барлық салаларына осы жақсы қасиетті өлшем етіп алмақ та. Сөйтіп, іс басына келген әкімдер, патшалар, халифалар осы өлшеммен жүрсе ғана, сол қоғамды һәм қоғам дәулетін дұрыс жолға алып бара алады. Құранның аятында да бұл туралы айтылған. Әлеуметтік заң, қағидалардың барлығы да адам баласы ақыл ойымен жасалады. Адам өмірінің ішкі жағдайлары (дау - дамай, жанжал - ұрыс, т. б.) осы дәстүрлі заңдарға бойұсынуы керек. Осы қағидалар әуелі түрлі ғұлама, оқымыстылар тарапынан кітап боп шығып, ресми заңдарға айналады. Және бұл заң, қағидалар әлеуметтік өмірдегі барлық істерді толық, түгел қамти алмайды, сондықтан әркез толықтырылып, жаңартылып отыруы керек.

Құран Кәримде де бұл ар - ождан туалы өте толық айтылған. Онда әр нәрсенің анық - қанығына көз жеткізіп барып, үкім айтылсын деген. Мұхаммед пайғамбарымыз да бір нәрсеге екі не үш адам куәлік етсе ғана сенуге болады деген. Демек, әрбір жағдайда да ар - ождан биік тұруы керек. Сонда ғана оның қасиеті жоғары болмақ. Бұл туралы ғалымдар өз пікірлерін баспа арқылы көбірек жарияласа, әділеттік іс жолында үлкен қызмет еткен болар еді және ғылымға да зор пайдасы тиер еді, ғылымның өркендеуіне әсер етер еді.

Ғұмар Қараш (1875 - 1921 ж. ж.)
Ғұмар Қараш – көрнекті ақын, ойшыл - философ, халқын өнер мен ғылымға, берекелі ел болуға үндеген қайраткер - ағартушы, дін - шариғат, имандылық жолын, араб, парсы, түрік, татар, башқұрт тілдерін жетік білген ғұлама - ахун, өз дәуіріндегі мерзімді баспасөзге қазақ елінің көкейкесті мәселелері хақында үзбей ой толғаған қаламгер, «Қазақстан», «Дұрыстық жолы» сияқты газеттер мен «Мұғалім» журналын шығару үшін қызу атсалысқан баспасөз жанашыры.

Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар
Бос бесікті тербетуге болмайды. Бос бесікті тербеткен жаман ырым саналады
Баланы дұрыс тәрбиелеу ата-анаға парыз Баланы дұрыс тәрбиелеу ата-анаға парыз
Баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеу, азамат ету — анаға да, әкеге де парыз. Десек те, ең бірінші әйел адамның бойында перзент тоғыз ай, тоғыз күн жататын
Құдай бар ма? Құдай бар ма?
1896 жыл. Швейцарияның Цюрих қаласындағы политехникалық училищеде жаратылыстану ғылымы бойынша дәріс өтіп жатқан бір профессор өзінің студенттерінен
Өмір туралы қанатты сөздер Өмір туралы қанатты сөздер
Өзен ағысымен өлі балық қана жүзеді.
Орал Орал
Ұзын Орал - күн мен түн шекарасы, Бір жағы - күн, бір жағы - түн баласы. Арғы жағы - көк көзді жын ұясы, Бергі жағы - Түріктің cap даласы.
Адамдар неге өтірік айтады? Адамдар неге өтірік айтады?
Адам бойындағы жағымсыз қасиеттердің бірі – өтірік айту.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×