ойын сауық отауы
Орал
02.05.2016 2 007 0 Дауыл

Орал

Өлеңдер
Мағжан Жұмабаев

Ұзын Орал - күн мен түн шекарасы,
Бір жағы - күн, бір жағы - түн баласы.
Арғы жағы - көк көзді жын ұясы,
Бергі жағы - Түріктің cap даласы.
Асқар Орал - кәрі Алып күзет тұрған,
Күн мен түн арасында «Қытай қорған».
Денесі - тас, қарағай - қою мұрты,
Оң мен сол, түстікке ол мұртын бұрған.
Қарамай еш нәрсеге көзім тоқтап,
Келіп ем алыбымды аңсап - жоқтап.
«Ұйқы - дұшпан» деген сөз дұрыс екен,
Сол Алыптан етіппін түнде ұйықтап.
Кеш, Алыбым, жүзіңді көре алмадым,
Алдында иіліп сәлем бере алмадым.
Амал не, cap даладан сақ елші боп
Күзеттегі Алыпқа келе алмадым.
Ұзын Орал - күн мен түн шекарасы,
Өлім - түн, өмір - гүлді Гун даласы.
Өмір менен өлімнің шекарасын
Ұйықтап озбақ ежелден жер баласы.
Екі дүние: күн мен түн, өмір - өлім,
Бірі - бесік, біреуі - даяр көрің.
Бала болып жата бер бесігінде,
Cap даланың еркесі - қазақ елім.

Өмір мен өлім туралы мақал - мәтелдер Өмір мен өлім туралы мақал - мәтелдер
Көңіл жақсы болғаны – өмір жақсы болғаны.
Сырымды айта алмадым Сырымды айта алмадым
Айта алмадым, сырымды айта алмадым, Осы болды - ау көңілді қайтарғаның. Дірілін ділмар тілек сездің білем, Ботадай желідегі жаутаңдадым.
Орал Орал
Оралым, шықтың алдымнан, Оралым менің, Оралым! Қол созып қызыл вагоннан, Үстіңнен өтіп барамын.
Сүйсіне алмадым, сүймедім Сүйсіне алмадым, сүймедім
Сүйсіне алмадым, сүймедім, Сүйегім жасып, сор қалың. Сүйісіп саған тимедім, Бола алмадым сенің жарың.
Қарға адым жерде тұр еді менің бақытым... Қарға адым жерде тұр еді менің бақытым...
Қарға адым жерде тұр еді менің бақытым Ұстай алмадым, Өткізіп қойып уақытын. Сансырап, шаршап жүргенде,
Қазақша қыз есімі мағынасымен Қазақша қыз есімі мағынасымен
ОЗАРИЯ - иран тілінен алынған озор — от + ия қосымша. Оттай жанған, өжет. ОПАЖАН - араб тілінен алынған вафа + иран тілінен алынған жан, адал, таза,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×