ойын сауық отауы
Байлықтан ләззат алудың құпиясы неде?
02.04.2019 1 640 0 Дауыл

Байлықтан ләззат алудың құпиясы неде?

Бұл қызықты
Байлықтан ләззат алудың құпиясы неде?
Бағалы құндыз ішік киген келіншек базар маңында қолдың жұмыртқасын сатып тұрған атаның қасына келді.
- Жұмыртқа қаншадан?
- Бір данасы 30 теңге.
- Қымбат. 19 теңгеге берсеңіз, түгел әкетем.
Ата біраз ойланып тұрды да:
- Алсаң ала қойшы, қызым. Мына аяз өңменімнен өтіп барады, әрі таңнан бері бірде - бір жұмыртқа сатпап едім. Тым болмаса нан, сүт апарайын үйге...
Әр жұмыртқадан 11 теңге түсіріп алған келіншек бір жеңіске жеткендей мәз болып, қымбат көлігіне отырып, мейрамханада күтіп отырған құрбысына қарай тартты.
Екеуі 19 000 мың теңгеге түстеніп, 1000 теңге қайтарым ақшаны алмай, "шәйға" тастап кетеді.
Қызық, иә. Біз ақшаға шын мұқтаж жанның қасына келгенде үнемі "сараңдық" танытып, ақша беруден аяп, тырысып қаламыз. Жәй ғана бараxолкаға барыңыз, таңнан кешке дейін қақаған - 40 градус аязда, дірдек қағып тұрған сатушыдан зат алсақ, бағасын түсірмейінше тұрып аламыз. Түсірмесе, балағаттаймыз кеп. Ол ондай ит байласа тұрмас жерде, бала - шағасын сыртынан кілттеп, нанға ақша табу үшін шыдап тұр. Соған келіп күшті екенімізді көрсеткіміз келеді.
Ал сенің аз ғана тиын - тебеніңді мүлде керек етпейтін жерде өзімізше ақкөңілденіп "шәйға" тастап кетеміз.

Мысалы, мың теңге манағы қымбат рестораннан гөрі жұмыртқа сатқан атаға көбірек керек еді.

Сингапурдың Премьер министрі Ли Куан Ю былай дейді: "Әкем өзіне керек болмаса да жағдайы жоқ адамдардың заттарын өте қымбатқа сатып алады. Ес білгелі солай. Түсінбейтінмін. Ержеткен соң себебін сұрап ем, әкем күлімдеп: "Бұл - қайырымдылықтың бір түрі" деді...
Байлықтан ләззат алудың құпиясы – біреуге көмектесуде.

Әмиян тауып алған кедей жайлы Әмиян тауып алған кедей жайлы
Сіңірі шыққан кедей жігіт жолда келе жатып әмиян тауып алыпты. Ашып қараса әмиянның ішінде бір алтын теңге бар екен. Жігіт қуанып кетіпті де:
Сүт сатушы Сүт сатушы
Бір сүт сатушы сүт сатып, ақша жинап Алладан қажылыққа баруды сұрайды. Алла жеткізіп он төрт алтын теңге жинап, ақшаны беліне байлап қажылық сапарына
Ақша туралы мақал - мәтелдер Ақша туралы мақал - мәтелдер
Ақша туралы мақал - мәтелдер. Ақша кетуге тырысады, Есеп ұстауға тырысады.
Қазақстандықтарға үй алу үшін орта есеппен қанша ақша үнемдеу керек. Қазақстандықтарға үй алу үшін орта есеппен қанша
Ләззат Ибрагимованың есептеуі бойынша, айлық табысы 140 - 150 мың теңгені құрайтын әрбір қазақстандық орта есеппен айына жинақтау қорына 40 мың теңге
2017 жылы бір реттік жөргекпұлдың мөлшері қанша? 2017 жылы бір реттік жөргекпұлдың мөлшері қанша?
Бала тууына байланысты берiлетiн бiр жолғы мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 2017 жылғы 1 қаңтардан 7%-ға, ал 2017 жылғы 1 шілдеден тағы 20%-ға
Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз
Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз, Сыр ұрлаймыз күндерден, жыр ұрлаймыз. Барлығына уақыт жоқ жететұғын, Күн көзіне отырып жылынбаймыз.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×