
Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз
Өлеңдер
Тұманбай Молдағалиев өлеңі
Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз
Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз,
Сыр ұрлаймыз күндерден, жыр ұрлаймыз.
Барлығына уақыт жоқ жететұғын,
Күн көзіне отырып жылынбаймыз.
Қаппаса да қармақты күміс балық,
Ауасымен арманның тыныстадық.
Міндет тауып аламыз өзімізге,
Күні бойы бітпейтін жұмыс тауып.
Арқамызға жүктерін күн артады,
Бақыт тауып аламыз бұдан тағы.
Қуантуға біреуді асығамыз,
Біздерді де біреулер қуантады.
Жеткізсек деп ойлаймыз жас баланы,
Аялайды тіршіліктің асқақ әні.
Көңіл гүлін сыйлаумен тұрғыласқа,
Өмір күнім менің де басталады...
Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз
Оянып ап ақ таңнан, қыбырлаймыз,
Сыр ұрлаймыз күндерден, жыр ұрлаймыз.
Барлығына уақыт жоқ жететұғын,
Күн көзіне отырып жылынбаймыз.
Қаппаса да қармақты күміс балық,
Ауасымен арманның тыныстадық.
Міндет тауып аламыз өзімізге,
Күні бойы бітпейтін жұмыс тауып.
Арқамызға жүктерін күн артады,
Бақыт тауып аламыз бұдан тағы.
Қуантуға біреуді асығамыз,
Біздерді де біреулер қуантады.
Жеткізсек деп ойлаймыз жас баланы,
Аялайды тіршіліктің асқақ әні.
Көңіл гүлін сыйлаумен тұрғыласқа,
Өмір күнім менің де басталады...

Ақшашты атадан қорқам, Өзім сондай болам - ау деп. Мүрделі жотадан қорқам, Мен де сонда қалам - ау деп,

Наурыз келді, Күлеке, байқадың ба, Қатығыңды түндегі шайқадың ба. Құлшынасың толқындар алып қашып, Құлаш ұрған баладай қайта ағынға.

Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгін де Менің ана тілімде. Қазақ болып туылғаннан соң, бөбегім, Қазақ болып өлген жақсы түбінде.

Сәуір күні жаңбырлы ма, желді ме, Қабағынан шуақ шашты келді де, Алты ай қыста үйден шықпай отырған Атама өзі жұмыс тауып берді де.

Таң атты, біраздан соң күн шығады, Жаяды бар әлемге нұр шұғаны. Тағы ерте оянып ап ой қуалап, Көңілім бір жақтарға құлшынады.

Айдың да кеткісі жоқ көк бетінен, Табандап жатып апты етпетінен. Күн түнге таңнан хабар айтып еді, Жұлдыздар үркіп кетті бет - бетімен.