Киік - Мәшһүр Жүсіп Көпеев
Өлеңдер
Киік - Мәшһүр Жүсіп Көпеев
О заманда бар екен жалғыз киік,
Тамам кәпір аттанды тұзақ жиып.
Тұзағына кәуірдің (кәпірдің) киік түсіп,
Тартып үзіп кете алмай, қалды киік.
Құдайым жеткізбесін бізді жүзге,
Естімеген сөз кетер құла түзге.
«Киік» - деген аз ғана өлеңім бар,
Тыңдасаңыз, айтамын оны сізге.
Киікті алды ол кәуір торын құрып,
Хаққа киік жылады мойнын бұрып.
«Киік» - деген аз ғана өлеңім бар,
Тыңдасаңыз айтамын, құлақ қойып.
Торын құрып ол кәуір киікті алды,
Киікті алып, тұзағын жерге салды.
Бауыздауға киікті жатқызғанда,
Мұстафа Мұхаммедім кез боп қалды.
Кәуірге Мұхалшедім сәлем берді:
- Мұның жанын маған бер, кәуір! - дейді.
- Әжетіңе жарамас арық киік,
Екі лақты (ұлақты) бейшара мұңдық еді!
Көңілі бұл киіктің лағында,
Қалды лағы бір таудың бұлағында.
Анасына азынап жылағаны -
Аян болды Алланың құлағына.
Сонда Мұхаммед пайғамбар:
- Киік барып, лағын емізіп келсін!
- Оған шейін мен кепіл болайын, киікті босат! - дейді.
Сонда кәуір айтты:
- Тас, алтын шыққан тауға, теремісің,
Менің айтқан сөзіме еремісің?
Осы киік барғаннан келмей кетсе,
Жаныңнан күйігімді беремісің?!
Мұхаммед пайғамбар айтады:
- Тас, алтын шыққан тауға, терер - ақпын,
Сенің айтқан сөзіңе ерер - ақпын.
Сол киік барғанынан келмей кетсе,
Жанымнан мен жазған құл берер - ақпын.
Айтады айт дегеннен хан тағына.
Ақынның шек келтірме тіл - жағына.
Кепіл боп Мұхаммедім жіберген соң,
Зырылдап кетті киік лағына.
Сонда киіктің екі лағы айтады:
- Алақай, анам аман кепті! - дейді,
- Жүрдің бе қимай тәтті шөпті? - дейді.
- Күнде ерте мұнан бұрын келуші едің,
Не болды бүгін саған?! - депті дейді.
Сонда киік айтады:
- Бар еді кішкентайдан көп күнәйым [күнәм],
Дауысымды шығармай, бір жылайын.
Жапанның отын оттап жүргенімде,
Кез қылды жайған торға бір Құдайым!
Балаларының сөзі:
- Отырдық сен келгенше шыдап зордан,
Ажалың болды ма, ана бейнет қордан.
Жапанға тұзақ кұрған кәуір болса,
Не дейді босатарда сені тордан?
Киіктің сөзі:
- Ол кәуір босата ма, өлмей, қолдан?
Тоқтатты тұзақ құрып бізді жолдан.
«Келсін, - деп, - емізіп балаларын!» -
Пайғамбар хақ Мұхаммед кепіл болған.
Балаларының сөзі:
- Ай, шеше, сен барғанда, біз барармыз,
Арғыңда бір күн қалмай, тез барармыз!
Пышақты сенен бұрын бізге салсын,
Басыңда шыр көбелек айналармыз!
Киік айтады:
- Ай, балам, барма! - деймін. - Сен өлерсің!
Шөп жесең, тісің шыққан, күн көрерсің.
Анаң жоқ, сүйенерге атаң да жоқ,
Үш уақыт тазар қылып күңіренерсің!
Сол мезгілде «Киік келе қоймады!»
- деп, кәуір Мүхсіммед пайғамбарға айтады:
- Мінгені пайғамбардың арғымақ дүр,
Шығырманды аралап ұшады құр.
Алдың ба азап іздеп, ай, Мұхаммед,
Кәне, киік келгені, кешігіп тұр?
Мұхаммед айтады:
- Мінгені пайғамбардың арғымақ дүр.
Шытырманды аралап ұшады құр.
Ақшам менен намаздыгер арасында
Киік енді келеді, аялдай тұр!
Сонда киік екі баласыменен үшеу болып келе жатқанын көріп,
Кәуір қуанып айтты дейді:
- Ұсындың, киік, мойын қойып,
Сені жесем кетер ем бір - ақ тойып.
Кепілдіктен құтылдың, ау, Мұхаммед,
Бір киігім келіп тұр үшеу болып.
Мұхаммед айтады:
- Тас, алтын тауға шыққан төремін бе,
Сенің айтқан сөзіңе еремін бе?
«Үш киік келіп түр!» - деп, қуанасың,
Мен саған осы үшеуін беремін бе?
- Өзің торыңа түскен киігіңмен бол! Екі баланы саған неге
өлтіртейін! Құдай өзі асырап сақтар, бұл екеуіне тиюші болма!
- дейді. Сонан соң киік балаларын Мұхаммедке тапсырғаны:
- Айтамын, айт дегеннен Мұхаммедім,
Екі лағым, мен өлсем, қалар жетім.
Жетімшілік басыңнан кешкен жоқ па,
Хабарлас боп жүре гөр - Мұхаммедім!
Мұхаммед сөзі:
- Біз хабаршы болайық, сіз барыңыз,
Тоқтау салмай кәуірге, тез барыңыз!
Жылай - сықтай бара гөр, байғұс киік,
Жетер ме екен Аллаға мұң - зарыңыз!
Киікті кәуір қуанып қармап алды,
Қармап алып, мойнына белбеу салды.
Киікті бауыздарға бет қойғанда,
Мұстафа Мұхаммед жетіп барды.
Мінгені пайғамбардың арғымақ сүр,
Аралай шытырманды ұшады құр.
- Жіберші бұл киікті, кәуір, деймін,
Сен өзің намаз оқып, мұсылман бол!
- Құс ұшып, бұлбұл деген қопар құмға,
«Құдай, жеткіз - деуші едім - осы жолда!»
Киігімді жіберсем, а, Мұхаммед,
Мен де өзіңдей мұсылман болармын ба?
Иман тапқан Құдайға құл болады,
Айтқан сөзі әрқашан пұл болады.
Тілге нанып, мұсылман болған адам
Бізден де әжептәуір сол болады.
Құс ұшып, бұлбұл деген қонар сұмға,
«Құдай, жеткіз - деуші едім - осы жолға!»
Киігіңді жібердім, Мұхаммедім,
Мен мұсылман болдым ғой, әлхамдулла!
Пайғамбар бізден бұрын өтті дейді,
Кейінгіге жол салып кетті дейді.
- Киігіңді жібердім,- ау, Мұхаммед,
Шапағатшы бол таңда! - депті дейді.
Лашын мен қарға
Лашын үйрек ілді көлді көріп,
Отырды табанымен басын бүріп.
Лашын әрлі - берлі шоқыған соң,
Бір қарға алып жейді аңдып жүріп.
Келмейді ол қарғаның санасына,
Үйректі алып ұшты баласына.
Үйректің басын, етін көріп,
Қарайды балалары анасына.
- Қарайсың неге, балам, маған! - дейді,
- Қалай екен, балалар, анаң?! - дейді.
- Үйрек етін же - дағы қарық бол енді,
Не жегізбес бұл анаң саған? - дейді.
- Үйрек етін же - дағы, қарық бол енді,
Құс жаралған жоқ шығар шешең теңді?!
Анаң байғұс аспаннан іліп еді,
Бір ерні - көк, бір ерні тіреп жерді.
- Әуеде ұшып жүрген аққу мен қаз,
Шешеке, өтірікшінің өмірі аз.
Жын менен, атам жеген, қан шоқымай.
Есен - сау ұшса игі еді биылғы жаз?!
- Көрерсің хақтың жүзін: « Алла!» - десең,
Ай, балам, нанар едің бірге жүрсең.
Шүрегей жұдырықтай, үйрек түгіл,
Ақ сұңқар әуедегі етін жесең!
- Ала қарға, сауысқан - құстың қоры,
Ақыр заман болады - ау жылқы жылы!
Атам жеген жын менен қан шоқымай,
Бекер, шешем, әкелдің бізге мұны!
- Қанағат қашан қашқан мен байғұстан?!
Салымым бұрыннан - ақ ұшқан кұстан.
Қылғалы мұны мекен - жиырма жыл,
Балалар сенеп бұрын есен ұшқан.
- Ертіс пен ұзын аққан, Есіл деймін,
Оқыған күн аударып - Бесін деймін.
«Үйректі өзім ілдім!» - деген сөзің
Шешеке - ау, боп жүрмесін кесір деймін!
- Сұм қарлығаш тызылдап ұшып кетті,
Түбіме шағымшы боп, сол - ақ жетті.
- Үйрекке сенің алған мақтанды! - деп,
Қарлығаш лашынға хабар етті.
- Бізді шаққан жағылсын жанған отқа,
Сұм қарлығаш жолықсын қайың оққа!
Келгенмен, лашын маған не қылады,
Онда тұмсық бар - дағы, мен де жоқ па?!
- Шын сөйлеген әр жерден ет жейді ғой,
Өтірікші мұратқа жетпейді ғой!
Ата - бабам жемеген ас болған соң,
Жесек - тағы тамақтан өтпейді ғой!
Лашын, сұңқар тояттап ет жейді ғой,
Өтірікті, шешеке, егітейді ғой!
Қашып енді лашыннан кұтылуға
Құйрығыма қанатым жетпейді ғой!
Қара қарға айтады:
- Балалар, басты өлімге байламайық,
Жоқ нәрсені уайым қып ойламайық!
Балалар, ол жалғыз да, біз алтау ғой,
Алтаумыз тұс - тұсынан найзалайық!
Қарлығаш хабар берген соң, Лашынның айтқаны:
- Мінгені патшалардың - қаражал, сұр
Дәм татқан бір тоғайдан мың қара құр.
Тұқымын түк қалдырмай, құрытайын,
Жалпылдап жаман қарға қай жақта жүр?!
Қарлығаш:
- Берем - дейді - бір - ақ тауып,
Қылмайды дәнемеден қарға қауіп.
- Міне, лашын келеді, өлтірді! - деп,
Қарғаға хабар беріп келген шауып.
- Мінгені патшалардың - қаражал, сұр,
Дәм татқан мың тоғайдан бір қара құр.
Мен қашып бұл лашыннан құтылайын.
Қарлығаш, балаларға қараса тұр!
Жалбаңдап жаман қарға қайда кетті:
Бойынан Тауаралдың мекен етті.
Қырымнан көзі шалып қалған екен,
Соңынан қара лашын қуып жетті.
Лашын дауандардан дауан асты,
Жігіттер, өтірік сөз жанға қас - ты.
Соңынан қара лашын куып жетіп,
Қарғаны барқылдатып бір - ақ басты.
Өлерін енді қарға анық білді,
Барқырап:
- Айтқам жоқ! - деп, танып көрді.
Мойнына айтқан сөзін қойдыруға
Қасына балалардың алып келді.
Балаларынан:
- Шешеңнің мақтанғаны рас па? - деп сұрады.
- Мереке, күнде жиын той мен, - дейді,
- Ойлаған ақ сұңқарға оймен, - дейді.
- Шешемнің айтқан сөзін жасырмайын:
«Бәрінен құс біткеннің зор мен!» - дейді.
- Білмейсің, жаман қарға, әлің! - дейді,
- Ел - жұртқа сенің сырың мәлім! - дейді.
- Қарғаны өтірік айтқан өлтіремін,
Балалар, асырайын бәрің! - дейді.
- Бәйгеден шауып келген жүйрік атты,
Жігіттер, өтірік сөз жанға қатты.
Лашын, сенің берген балыңнан да
Бір қасық анам берген суы (сүті) тәтті.
Мінгені (падишанып) батырлардың қара жал сұр,
Дәм татқан бір (мың) тоғайдан мың (бір) қара құр.
«Асырайын!» - дегенге ашуланған,
Қырайып бәріңді де, асықпай (қара да) тұр!
- Балаларым! - дейді екен көріп ана,
- Бұтағы осы ағаштың сегіз сала.
Қорықпайтын жетімдердің көз жасынан
Жоқ па екен лашын кұста біздей бала?!
- Балаларым! - дейді екен көріп ана,
- Бұтағы осы ағаштың сегіз сала.
Тарығып, зарыққанда, әрең көрген
Бар еді, аман ұшса, жеті бала.
- Шешекем. бірер сөзін жасырайын.
Басынан жақсылықты (ихсылықты) асырайын!
Шешемді өлтірмесең, Лашын - еке,
Біз саған көрген сайын бас ұрайын!
Бұл жерде бәрімізді қылсаң ғайып,
Таусылып калады сөз бір - ақ байып.
Өлтірмей (шешемізді) бәрімізді қылсаң азат,
Шашамыз ерлігіңді жұртқа жайып.
- Байладым бір қарғаны балаларға,
Сауысқан - құстың қоры - ала қарға,
«Тапқан сөзге - қолқа жоқ»- деген - осы,
Балалар, тауып айттың, шаріп бар ма?!
Күштісі құс біткеннің - бидайық құс,
Өтірік айтпа, ай, қарға, көтіңді қыс!
Жаман қарға, сен жүрер жерің емес,
Бес балаңды ертіп ап, тоғайға көш!
- Бау қара ағаш деген соң, бау қара ағаш,
Қас болды іргемізден бір қарлығаш.
Тоғайды әзім көрген жерім емес,
Тастасаң алып барып, алдияр бас!
Бидайық тамам құстан күшті дейді,
Бауырына балаларды қысты дейді.
Арасы қырық күншілік (жолдар) шөлдер екен,
Түс болмай алып барып (тоғайға ағып) түсті дейді.
Кетіпті мекеніне лашын кайтып,
Балалар құтқарыпты зарын айтып.
Бұл ғибрат кейінгіге қалсын бізден,
Өткенді кім тауысар бәрін айтып?!
О заманда бар екен жалғыз киік,
Тамам кәпір аттанды тұзақ жиып.
Тұзағына кәуірдің (кәпірдің) киік түсіп,
Тартып үзіп кете алмай, қалды киік.
Құдайым жеткізбесін бізді жүзге,
Естімеген сөз кетер құла түзге.
«Киік» - деген аз ғана өлеңім бар,
Тыңдасаңыз, айтамын оны сізге.
Киікті алды ол кәуір торын құрып,
Хаққа киік жылады мойнын бұрып.
«Киік» - деген аз ғана өлеңім бар,
Тыңдасаңыз айтамын, құлақ қойып.
Торын құрып ол кәуір киікті алды,
Киікті алып, тұзағын жерге салды.
Бауыздауға киікті жатқызғанда,
Мұстафа Мұхаммедім кез боп қалды.
Кәуірге Мұхалшедім сәлем берді:
- Мұның жанын маған бер, кәуір! - дейді.
- Әжетіңе жарамас арық киік,
Екі лақты (ұлақты) бейшара мұңдық еді!
Көңілі бұл киіктің лағында,
Қалды лағы бір таудың бұлағында.
Анасына азынап жылағаны -
Аян болды Алланың құлағына.
Сонда Мұхаммед пайғамбар:
- Киік барып, лағын емізіп келсін!
- Оған шейін мен кепіл болайын, киікті босат! - дейді.
Сонда кәуір айтты:
- Тас, алтын шыққан тауға, теремісің,
Менің айтқан сөзіме еремісің?
Осы киік барғаннан келмей кетсе,
Жаныңнан күйігімді беремісің?!
Мұхаммед пайғамбар айтады:
- Тас, алтын шыққан тауға, терер - ақпын,
Сенің айтқан сөзіңе ерер - ақпын.
Сол киік барғанынан келмей кетсе,
Жанымнан мен жазған құл берер - ақпын.
Айтады айт дегеннен хан тағына.
Ақынның шек келтірме тіл - жағына.
Кепіл боп Мұхаммедім жіберген соң,
Зырылдап кетті киік лағына.
Сонда киіктің екі лағы айтады:
- Алақай, анам аман кепті! - дейді,
- Жүрдің бе қимай тәтті шөпті? - дейді.
- Күнде ерте мұнан бұрын келуші едің,
Не болды бүгін саған?! - депті дейді.
Сонда киік айтады:
- Бар еді кішкентайдан көп күнәйым [күнәм],
Дауысымды шығармай, бір жылайын.
Жапанның отын оттап жүргенімде,
Кез қылды жайған торға бір Құдайым!
Балаларының сөзі:
- Отырдық сен келгенше шыдап зордан,
Ажалың болды ма, ана бейнет қордан.
Жапанға тұзақ кұрған кәуір болса,
Не дейді босатарда сені тордан?
Киіктің сөзі:
- Ол кәуір босата ма, өлмей, қолдан?
Тоқтатты тұзақ құрып бізді жолдан.
«Келсін, - деп, - емізіп балаларын!» -
Пайғамбар хақ Мұхаммед кепіл болған.
Балаларының сөзі:
- Ай, шеше, сен барғанда, біз барармыз,
Арғыңда бір күн қалмай, тез барармыз!
Пышақты сенен бұрын бізге салсын,
Басыңда шыр көбелек айналармыз!
Киік айтады:
- Ай, балам, барма! - деймін. - Сен өлерсің!
Шөп жесең, тісің шыққан, күн көрерсің.
Анаң жоқ, сүйенерге атаң да жоқ,
Үш уақыт тазар қылып күңіренерсің!
Сол мезгілде «Киік келе қоймады!»
- деп, кәуір Мүхсіммед пайғамбарға айтады:
- Мінгені пайғамбардың арғымақ дүр,
Шығырманды аралап ұшады құр.
Алдың ба азап іздеп, ай, Мұхаммед,
Кәне, киік келгені, кешігіп тұр?
Мұхаммед айтады:
- Мінгені пайғамбардың арғымақ дүр.
Шытырманды аралап ұшады құр.
Ақшам менен намаздыгер арасында
Киік енді келеді, аялдай тұр!
Сонда киік екі баласыменен үшеу болып келе жатқанын көріп,
Кәуір қуанып айтты дейді:
- Ұсындың, киік, мойын қойып,
Сені жесем кетер ем бір - ақ тойып.
Кепілдіктен құтылдың, ау, Мұхаммед,
Бір киігім келіп тұр үшеу болып.
Мұхаммед айтады:
- Тас, алтын тауға шыққан төремін бе,
Сенің айтқан сөзіңе еремін бе?
«Үш киік келіп түр!» - деп, қуанасың,
Мен саған осы үшеуін беремін бе?
- Өзің торыңа түскен киігіңмен бол! Екі баланы саған неге
өлтіртейін! Құдай өзі асырап сақтар, бұл екеуіне тиюші болма!
- дейді. Сонан соң киік балаларын Мұхаммедке тапсырғаны:
- Айтамын, айт дегеннен Мұхаммедім,
Екі лағым, мен өлсем, қалар жетім.
Жетімшілік басыңнан кешкен жоқ па,
Хабарлас боп жүре гөр - Мұхаммедім!
Мұхаммед сөзі:
- Біз хабаршы болайық, сіз барыңыз,
Тоқтау салмай кәуірге, тез барыңыз!
Жылай - сықтай бара гөр, байғұс киік,
Жетер ме екен Аллаға мұң - зарыңыз!
Киікті кәуір қуанып қармап алды,
Қармап алып, мойнына белбеу салды.
Киікті бауыздарға бет қойғанда,
Мұстафа Мұхаммед жетіп барды.
Мінгені пайғамбардың арғымақ сүр,
Аралай шытырманды ұшады құр.
- Жіберші бұл киікті, кәуір, деймін,
Сен өзің намаз оқып, мұсылман бол!
- Құс ұшып, бұлбұл деген қопар құмға,
«Құдай, жеткіз - деуші едім - осы жолда!»
Киігімді жіберсем, а, Мұхаммед,
Мен де өзіңдей мұсылман болармын ба?
Иман тапқан Құдайға құл болады,
Айтқан сөзі әрқашан пұл болады.
Тілге нанып, мұсылман болған адам
Бізден де әжептәуір сол болады.
Құс ұшып, бұлбұл деген қонар сұмға,
«Құдай, жеткіз - деуші едім - осы жолға!»
Киігіңді жібердім, Мұхаммедім,
Мен мұсылман болдым ғой, әлхамдулла!
Пайғамбар бізден бұрын өтті дейді,
Кейінгіге жол салып кетті дейді.
- Киігіңді жібердім,- ау, Мұхаммед,
Шапағатшы бол таңда! - депті дейді.
Лашын мен қарға
Лашын үйрек ілді көлді көріп,
Отырды табанымен басын бүріп.
Лашын әрлі - берлі шоқыған соң,
Бір қарға алып жейді аңдып жүріп.
Келмейді ол қарғаның санасына,
Үйректі алып ұшты баласына.
Үйректің басын, етін көріп,
Қарайды балалары анасына.
- Қарайсың неге, балам, маған! - дейді,
- Қалай екен, балалар, анаң?! - дейді.
- Үйрек етін же - дағы қарық бол енді,
Не жегізбес бұл анаң саған? - дейді.
- Үйрек етін же - дағы, қарық бол енді,
Құс жаралған жоқ шығар шешең теңді?!
Анаң байғұс аспаннан іліп еді,
Бір ерні - көк, бір ерні тіреп жерді.
- Әуеде ұшып жүрген аққу мен қаз,
Шешеке, өтірікшінің өмірі аз.
Жын менен, атам жеген, қан шоқымай.
Есен - сау ұшса игі еді биылғы жаз?!
- Көрерсің хақтың жүзін: « Алла!» - десең,
Ай, балам, нанар едің бірге жүрсең.
Шүрегей жұдырықтай, үйрек түгіл,
Ақ сұңқар әуедегі етін жесең!
- Ала қарға, сауысқан - құстың қоры,
Ақыр заман болады - ау жылқы жылы!
Атам жеген жын менен қан шоқымай,
Бекер, шешем, әкелдің бізге мұны!
- Қанағат қашан қашқан мен байғұстан?!
Салымым бұрыннан - ақ ұшқан кұстан.
Қылғалы мұны мекен - жиырма жыл,
Балалар сенеп бұрын есен ұшқан.
- Ертіс пен ұзын аққан, Есіл деймін,
Оқыған күн аударып - Бесін деймін.
«Үйректі өзім ілдім!» - деген сөзің
Шешеке - ау, боп жүрмесін кесір деймін!
- Сұм қарлығаш тызылдап ұшып кетті,
Түбіме шағымшы боп, сол - ақ жетті.
- Үйрекке сенің алған мақтанды! - деп,
Қарлығаш лашынға хабар етті.
- Бізді шаққан жағылсын жанған отқа,
Сұм қарлығаш жолықсын қайың оққа!
Келгенмен, лашын маған не қылады,
Онда тұмсық бар - дағы, мен де жоқ па?!
- Шын сөйлеген әр жерден ет жейді ғой,
Өтірікші мұратқа жетпейді ғой!
Ата - бабам жемеген ас болған соң,
Жесек - тағы тамақтан өтпейді ғой!
Лашын, сұңқар тояттап ет жейді ғой,
Өтірікті, шешеке, егітейді ғой!
Қашып енді лашыннан кұтылуға
Құйрығыма қанатым жетпейді ғой!
Қара қарға айтады:
- Балалар, басты өлімге байламайық,
Жоқ нәрсені уайым қып ойламайық!
Балалар, ол жалғыз да, біз алтау ғой,
Алтаумыз тұс - тұсынан найзалайық!
Қарлығаш хабар берген соң, Лашынның айтқаны:
- Мінгені патшалардың - қаражал, сұр
Дәм татқан бір тоғайдан мың қара құр.
Тұқымын түк қалдырмай, құрытайын,
Жалпылдап жаман қарға қай жақта жүр?!
Қарлығаш:
- Берем - дейді - бір - ақ тауып,
Қылмайды дәнемеден қарға қауіп.
- Міне, лашын келеді, өлтірді! - деп,
Қарғаға хабар беріп келген шауып.
- Мінгені патшалардың - қаражал, сұр,
Дәм татқан мың тоғайдан бір қара құр.
Мен қашып бұл лашыннан құтылайын.
Қарлығаш, балаларға қараса тұр!
Жалбаңдап жаман қарға қайда кетті:
Бойынан Тауаралдың мекен етті.
Қырымнан көзі шалып қалған екен,
Соңынан қара лашын қуып жетті.
Лашын дауандардан дауан асты,
Жігіттер, өтірік сөз жанға қас - ты.
Соңынан қара лашын куып жетіп,
Қарғаны барқылдатып бір - ақ басты.
Өлерін енді қарға анық білді,
Барқырап:
- Айтқам жоқ! - деп, танып көрді.
Мойнына айтқан сөзін қойдыруға
Қасына балалардың алып келді.
Балаларынан:
- Шешеңнің мақтанғаны рас па? - деп сұрады.
- Мереке, күнде жиын той мен, - дейді,
- Ойлаған ақ сұңқарға оймен, - дейді.
- Шешемнің айтқан сөзін жасырмайын:
«Бәрінен құс біткеннің зор мен!» - дейді.
- Білмейсің, жаман қарға, әлің! - дейді,
- Ел - жұртқа сенің сырың мәлім! - дейді.
- Қарғаны өтірік айтқан өлтіремін,
Балалар, асырайын бәрің! - дейді.
- Бәйгеден шауып келген жүйрік атты,
Жігіттер, өтірік сөз жанға қатты.
Лашын, сенің берген балыңнан да
Бір қасық анам берген суы (сүті) тәтті.
Мінгені (падишанып) батырлардың қара жал сұр,
Дәм татқан бір (мың) тоғайдан мың (бір) қара құр.
«Асырайын!» - дегенге ашуланған,
Қырайып бәріңді де, асықпай (қара да) тұр!
- Балаларым! - дейді екен көріп ана,
- Бұтағы осы ағаштың сегіз сала.
Қорықпайтын жетімдердің көз жасынан
Жоқ па екен лашын кұста біздей бала?!
- Балаларым! - дейді екен көріп ана,
- Бұтағы осы ағаштың сегіз сала.
Тарығып, зарыққанда, әрең көрген
Бар еді, аман ұшса, жеті бала.
- Шешекем. бірер сөзін жасырайын.
Басынан жақсылықты (ихсылықты) асырайын!
Шешемді өлтірмесең, Лашын - еке,
Біз саған көрген сайын бас ұрайын!
Бұл жерде бәрімізді қылсаң ғайып,
Таусылып калады сөз бір - ақ байып.
Өлтірмей (шешемізді) бәрімізді қылсаң азат,
Шашамыз ерлігіңді жұртқа жайып.
- Байладым бір қарғаны балаларға,
Сауысқан - құстың қоры - ала қарға,
«Тапқан сөзге - қолқа жоқ»- деген - осы,
Балалар, тауып айттың, шаріп бар ма?!
Күштісі құс біткеннің - бидайық құс,
Өтірік айтпа, ай, қарға, көтіңді қыс!
Жаман қарға, сен жүрер жерің емес,
Бес балаңды ертіп ап, тоғайға көш!
- Бау қара ағаш деген соң, бау қара ағаш,
Қас болды іргемізден бір қарлығаш.
Тоғайды әзім көрген жерім емес,
Тастасаң алып барып, алдияр бас!
Бидайық тамам құстан күшті дейді,
Бауырына балаларды қысты дейді.
Арасы қырық күншілік (жолдар) шөлдер екен,
Түс болмай алып барып (тоғайға ағып) түсті дейді.
Кетіпті мекеніне лашын кайтып,
Балалар құтқарыпты зарын айтып.
Бұл ғибрат кейінгіге қалсын бізден,
Өткенді кім тауысар бәрін айтып?!
Қазақ халқының ауа-райын болжау тәсілі
Құралайдың салқыны Мамыр айының аяғында болатын суық жел. Осы желге қарсы киік өз құралайларын (лағын) аяқтандырып, жүгіртіп, өргізеді. Киіктің
Қазақ әдебиеті жырлайды: құралай және құралайдың
Осы жазбамда "Қазақ әдебиетінде" айтылатын киіктің лағы құралай мен құралайдың салқыны (амал) туралы талдап, сіздермен бөлісуге жөн көрдім. Мүмкін
Ақсақ киік
Арқаның Бетпақ деген даласы бар, Бетпақ - шөл, ойлы - қырлы панасы бар. Сол шөлде ел жоқ, күн жоқ өсіп - өнген Жәндіктің киік деген баласы бар.
Тікен - гүлін қорғайды
Терек - бүрін қорғайды, Тікен - гүлін қорғайды, Ара - балын қорғайды, Құлан - қағын қорғайды,
Немере мен әжесі
- Айтшы, әжетай, көк деген не? Теңбіл - теңбіл көктеген бе? Жұлдыз көзін жымыңдатса, Ай - әжесі: «Тек!»- деген бе?
Арыстан, киік һәм түлкі
Бар еді бір зеңгір тау асқан биік, Әр түрлі мекен еткен аңдар сүйіп. Жол шеккен тамақ іздеп аш Арыстан Сол таудың арасынан қуды Киік.