ойын сауық отауы
Бозторғай - Мәшһүр Жүсіп Көпеев
24.05.2019 1 774 0 Дауыл

Бозторғай - Мәшһүр Жүсіп Көпеев

Өлеңдер
Бозторғай - Мәшһүр Жүсіп Көпеев
«Қиын жол қияметтің - тар - ды» - дейді,
«Бір жағы - су, бір жағы от, жар - ды» - дейді.
«Хазірет Ғалы пайғамбар заманында
Маңайында бір мүсәпір бар - ды!» - дейді.
Көңілінде ол мүсәпір аласы жоқ,
Ерлі - байлы екі бас, баласы жоқ.
Жарлығы Жаратқанның сондай қатты:
Бір жалғыз тым болмаса қарасы жоқ.
Құдайы береді екен есіне алып,
Асы жоқ ішеріне байғұс кәріп.
Күнінде амалы жоқ ол бейшара,
Суларға жүреді екен қармақ салып.
Ұшқан кұс, жүгірген аң, - бәрі тамақ,
Шәкірттер ұстазынан алар сабақ.
Ұзын күн қармақ салып жүрсе - дағы,
Тілінер қармағына жалғыз шабақ.
Ол жарлы қармақ салып, қайтады екен,
Кедейлік мүсәпірге батады екен.
Екеуі бір шабақты қорек қылып,
Соныменен ауқаты өтіп жатады екен.
Ол жарлы бұрынғыдай бола алмады,
Көңілі күндегідей тола алмады.
Бір күні күні бойы қармақ салып,
Еш нәрсе қармағымен ала алмады.
«Қиын жол қияметтің - тар - ды» - дейді,
«Бір жағы - өрт, бір жағы от, жар - ды» - дейді.
«Ол күні аш болған соң жазған кәріп,
Кәпірге тамақ сұрай барды», - дейді.
Жоқтықта қинар нәпсі кәріп жанды.
Көреді ол мүсәпір атпас таңды.
Не берсін тегін тамақ ол кәпір де
Бір теңгенің тамағын қарызға алды.
Пайғамбар бізден бұрын өтті дейді,
Кемелге тілеулі құл жетпейді.
«Пәлен күні кегіл тауып беремін!»- деп,
Бір күнді болжал қылып, кетті дейді.
Ол жарлы бұрынғыдай бола алмады,
Көңілі күндегідей тола алмады.
Болжал күні болғанда, барып еді,
Берерге жалғыз тиын таба алмады.
Жоқтықта қинар нәпсі кәріп жанды,
Көреді ол мүсәпір атпас таңды.
Күнінде ол теңгесін өтей алмай,
Енді жарлы мойнына өсім салды.
Жоқтықта қинар нәпсі кәріп жанды,
Көреді бұ мүсәпір атпас таңды.
Күнінде ол теңгесін өтей алмай,
Мың қылып, бір теңгесін хатқа салды.
Жарлыға мың теңге ақша түсті дейді,
Кедейлік бәрінен де күшті дейді.
Ақшасы мыңға жетіп кеткеннен соң,
Жарлыны: «Ақшам бер!» - деп, қысты дейді.
- Қайдан тауып беремін саған? - дейді,
- Аз ғана аян берші маған! - дейді.
- Саған берер бір тиын еш нәрсем жоқ,
Барайын Мұхаммедке таман! - дейді.
Жаман жоқ бұрыс басқан асқанынан,
Бір теңге мыңға қадам басқанынан.
Мысырды бұл мүсәпір қырық айналды,
Барарын білмей қайда сасқанынан.
Шаһарда бұл бармаған есік қалмай,
Бас салып ешбіріне кіріп бармай.
Сылтау ғып әне - міне дегенменен,
Теңгесін қояр емес кәпір алмай.
Ол жарлы бір Аллаға налып келді,
Қоймасын ол кәпірдің танып келді.
Өзінен берер нәрсе жоқ болған соң,
Сасқаннан Мұхаммедке алып келді.
Құдайдың салғанына көніп келді,
Енгенде Мұхаммедке күліп келді.
Мұхаммед, сақабалар - бәрі отырған
Жерінде сәлем беріп кіріп келді.
- Уағалейкум әссалам, ай, мүсәпір,
Бұл қалай қасыңдағы жүрген кәпір?
Екі көзің жылауда, а, мүсәпір,
Қай жаққа алып сені бара жатыр?
- Сыйынсаң бір Аллаға, бұрын сыйын,
Іс өткен соң сыйынсаң, болар қиын.
Бар еді бұ көпірдің менде ақшасы,
Берерге таба алмадым жалғыз тиын.
- Жаратқан бәрімізді бір Құдай - ды,
Жаратты жарық қылып Күн мен Айды.
Өзіңнен берер нәрсең жоқ болса егер,
Барасың мұны ертіп енді қайда?
- Жаратқан жабдығымыз бір Құдай - ды,
Жатқанға шалқасынан дүние қайда?
Он сегіз мың ғаламның патшасы - сіз,
Бір пайдаңыз тиер ме екен осындайда?
Өзіне мал жимады ол пайғамбар,
Малы көп сақабалар пейілі тар.
Жан - жағында отырған сақабалар
Қараса, Мұхаммедім жерге қарар.
Ашуы ер Ғалының енді келді - ей,
Көңілін кең жаратқан хақ шалқар көлдей.
- Бабам жерге қарады - деп, хазірет Ғалы, -
- Бата бер, мен үзем! - деп, тұра келді - ей!
- Бата бер, мен үзем! - деп, тұра келді - ей
Ашуы ер Ғалының қатты келді.
Адамның өн бойына біткен түгі
Киімнен найзадай боп, шыға келді.
Ол Мұхаммед пайғамбар бата берді,
Ғалының айтқан сөзін қабыл көрді.
Бабасынан бата алып хазірет Ғалы
Ерітіп ол мүсәпірді үйге келді.
Шүкір қылдым Құдайдың бұл ісіне,
Тағы тәубе қыламын әр ісіне.
- Ақша бар ма кәпірге беретін? - деп,
Үйдің ішін тінттірді Бибісіне.
«Жоқ еді!» - деп, аузына ала алмады,
Көңілі күндегідей бола алмады.
Үйдің ішін ақтарып қараса да,
Берерге жалғыз тиын таба алмады.
Қайғысыз хазірет Ғалы ер - ді дейді,
Берер нәрсе таппады енді дейді.
«Бұл ақшаңды тауып үзермін!» - деп,
Екі ұғылын (ұлын) кәпірге берді дейді.
Хасен мен Хұсайынды алды дейді,
Қуанып кәпір үйге барды дейді.
Екі етегін беліне түріп алып,
Бір жаққа бетін түзеп салды дейді.
Жолында хазірет Ғалы жалғыз жүрді,
Жалғыз жүріп, көп ұлт мола көрді.
Ол моланың басына келді - дағы,
Отырып хазірет Ғалы дұға (дуа) қылды.
Молада бір торғай отыр, кезіп салды,
Торғайды көремін деп көңіліне алды.
Ер Ғалы айналдырып көріп еді,
Сол жерде көргеннен соң, қайран қалды.
«Ұстап алып торғайды көрсем!» - дейді,
«Хасен мен Хұсайынға берсем!» - дейді.
«Еріккенде ермек қылып, ойнар еді,
Алып барып оларға берсем!»- дейді.
Не күшті, ойлап тұрсам, Құдай күшті,
Аузыма айтып едім, Құдай түсті.
Шап етіп аяғынан ұстап еді,
Торғай құс жұдырықтай алды да, ұшты.
Ер Ғалы бір Аллаға нанып кетті,
Боларын бір тамаша танып кетті.
«Маған енді не пар?» - деп, жүрген Ғалы -
Жұдырықтай бір торғай алып кетті.
Жаратқан жер дүниені жексенбі күн,
Қараңғы өлгендерге болады түн.
«Хазірет Ғалы, торғайдан айрылма!» - деп,
Артынан ащы дауыс шығады үн.
Ол торғай аспанға шырқап шықты, қайрылмады,
Сөйтсе де хазірет Ғалы қайғырмады.
Ерлікпенен торғайды тұтып еді,
Ақырында ерлікпен айрылмады.
Қайғырып хазірет Ғалы саспады енді,
Бір жолға Құдай тағала бастады енді.
Ол торғай аспанменен алып келіп,
Ғалыны жапан түзге тастады енді.
Ер Ғалы бұрынғыдай күле алмады,
Қалды жаяу астына ат міне алмады.
Бозторғай - Мәшһүр Жүсіп Көпеев жүктеу

Аяқты айқастырма Аяқты айқастырма
Алла тағала озалда Әбілет пен Тәбілет деген екі мақұлыққа жер бетінен үй салып беріп: «Осы жерде тіршілік етіңдер», – дейді.
Мәшһүр Жүсіп Көпеев Мәшһүр Жүсіп Көпеев
... Жапалақ деген құс болады. Өзі он жұмыртқа табады. Соның бәрін бірден жарып ұшырмайды. Екеу - екеуден жарып бала қылып ұшырады. Бәрін бірден жарып
Пәлеге ұшыраған қарашекпен - Спандияр Көбеев Пәлеге ұшыраған қарашекпен - Спандияр Көбеев
Бірі іреп, бірі сойып жиылған көп, Дал ҚЫЛДЫ басын сордың әр неме деп. Мың, түрлі сол арада ақыл берді, Шынында бір тиындық пайдасы жоқ.
Нұрпия ана. Қазақ тарихындағы әйелдер Нұрпия ана. Қазақ тарихындағы әйелдер
Кезінде Абылай хан екі сөзінің бірінде айтып отырады екен: - «Осы, Бес Мейрамның баласы» деген ел, пайғамбар мен шадияр тумады демесеңдер, адамның
Не берсең де арнап бер Не берсең де арнап бер
О, тіршілік! Не берсең де арнап бер, Алтын балық ілінетін қармақ бер! Бақыт бер де, Бармақтай сол бақытты Басып тұрар батпандай бір салмақ бер!
Орал Орал
Ұзын Орал - күн мен түн шекарасы, Бір жағы - күн, бір жағы - түн баласы. Арғы жағы - көк көзді жын ұясы, Бергі жағы - Түріктің cap даласы.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×