ойын сауық отауы
Қыз баланы құрметте
27.04.2020 6 504 0 Дауыл

Қыз баланы құрметте

Бұл қызықты
Қыз баланы құрметте
Баяғыда бір жігіттің жалғыз аты болыпты. Бір жаққа шыққанда, қарындасы оның атын қарауылдайды екен. Бірде қарындасы аттан көз жазып қалыпты. Ағасы:
– Ат қайда? – деп сұрайды. Қарындасы:
– Көз жазып қалдым, – дейді. Ағасы ашуланып:
– Жоғал, онда, – деп қарындасына қолы тиеді.
Қыз ағасына өкпелеп, басы ауған жаққа кетіп қалады. Жолда келе жатып: – Бүйткен ағам бар болсын. Онан да тас бауыр құсқа айналып кеткенім жақсы емес пе? – дейді. Содан тілегі қабыл болып, заматта құсқа айналып кеткен екен. Ертеңіне ағасы қарындасын іздеп шықса, бір жалғыз ағаштың түбінен қарындасының киімдерін көреді. Ағаштың бұтағында бір құс қонып отыр екен. Жақын барса, әлгі құс:
– Көк, көк, – деп дыбыстайды екен. Қарындасы бұрын ағасын «көке» деп атайды екен. Құстың «көк, көк» деп дыбыстағаны «көке» дегені екен. Ағасы қарындасын танып, оны ренжіткеніне қатты өкініпті. Аңыздың айтуынша, ағасы қатты қайғырғаны сонша, самай шашы ағарып кетіпті.
Ал беймәлім құс содан бастап ел арасында «көкек» атаныпты. Көкектің өз атын өзі шақырады дейтіні «көкесінің» атын атағанына байланысты деседі.
Осыдан бастан ел ішінде «қыз баланы ренжітпеу керек, қарындасына қол көтеруге болмайды» деген ырым - тыйым пайда болыпты.
Қарындасты қадірлеу жөнінде тағы бір аңыз былай сөйлейді.
Қорқыт ата қырық жыл өлімнен қашады. Ажалға айла таптырмай ұзақ жасапты. Өлімге себеп болар барлық апаттың алдын алып, Аралда қобызын зарлатып отырады екен. Оған шәкірттері тостақпен ас әкеліп тұрыпты. Бір күні қарақұрт тостаққа жабысып Аралға өтіп кетеді. Қорқыт ауқаттанып отырғанда өрмекші башпайын шағып алады. Қорқыт қарақұрттың уынан ісініп, дірілдеп, жаналқымға келеді. Соңғы демі үзілер шақта шәкірттеріне:
– Мені кебіндеп жерлегенде сол аяғымның башпайларын көмбей, сыртқа шығарып тастаңдар, – деп өсиет айтады. Шәкірттері:
– Баба, неге олай дейсіз? – дейді.
– Себебі бозбала шағымда сол аяғымның башпайы қарындасыма тиіп кетіп еді. Қарындасына қолы, не аяғы тигендердің көрдегі азабы қатты болады. Осы қателіктің өкініші өзекті өртеп кетті. Көмілмеген аяғым кейінгі ұрпаққа өнеге болсын. Қыз баланы ұрып - соқпаңдар. Құдайдың қаһарына ұшырайсыңдар, – депті жарықтық.

Дереккөзі: Отбасы хрестоматиясы парақшасынан алынды

Шиш пайғамбар туралы аңыз Шиш пайғамбар туралы аңыз
Шиш пайғамбардың бір қызы болыпты. Оның тумысынан шашы жоқ екен. Ол қыз: «менің не күнәм бар?» – деп жылайды екен. Содан Шиш пайғамбар Тәңірге
Екі ағайын Екі ағайын
Бұрынғы өткен замандарда екі ағайын бауыр өтіпті. Олар аталарынан мұра боп қалған шаруамен айналысады екен.
Әмиян тауып алған кедей жайлы Әмиян тауып алған кедей жайлы
Сіңірі шыққан кедей жігіт жолда келе жатып әмиян тауып алыпты. Ашып қараса әмиянның ішінде бір алтын теңге бар екен. Жігіт қуанып кетіпті де:
Баланың түнде ұйқысы тыныш болсын десеңіз... Баланың түнде ұйқысы тыныш болсын десеңіз...
Баланың түнде ұйқысы тыныш болсын, шошымасын десеңіз, төмендегі кеңестерге назар салыңыз: ▪ Ең алдымен, үйде тыныштық сақтаңыз. Теледидардың даусын
Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт. Аға - іні туралы мақал – мәтелдер Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт. Аға -
Аға болсаң ақыл айт, ақыл айтсаң мақұл айт.
Ағасы мен інісі Ағасы мен інісі
Көктайғақ тауға талпынып, Қара тер болып алқынып, Інісі сыйлап ағасын, Шығады сүйреп шанасын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×