ойын сауық отауы
Екі ағайын
17.02.2020 5 572 0 Admin

Екі ағайын

Бұл қызықты
Екі ағайын
Бұрынғы өткен замандарда екі ағайын бауыр өтіпті. Олар аталарынан мұра боп қалған шаруамен айналысады екен. Біреуі үйленген, балалы - шағалы екен де, екіншісі бойдақ екен. Тыным таппай кешке дейін еңбек етіп, күн соңында тапқан пайдаларын теңдей етіп бөліп алатын.
Күндердің күнінде бойдақ інісі өзіне өзі: «Осы біздің тапқан пайдамызды теңдей бөліп жүргеніміз дұрыс емес - ау. Менің басым жалғыз. Қарап отырған бала - шағам жоқ. Қажеттіліктерім де шамалы» деген ойға келеді. Содан бастап күн сайын түнде бір қап дәнді білдірмей ағасының қоймасына апарып тастап отырады.
Сол күндерде үйлі - баранды ағасы да отырып: «Осы біздің табысымызды тең бөлуіміз мақұл емес. Мен болсам, балалы - шағалымын. Қартайсам, бағып - қағатын жандар бар. Ал інім жалғыз ғой. Ол қартайса не болады?» деп ойға батады. Сөйтіп ол да күн сайын түнде бір қап дәнді інісінің қоймасына апарып тастай береді. Осылайша арада айлар өтеді, жылдар өтеді. 
Екі бауыр да не болып жатқанын түсінбейді. Өйткені бір қапты апарып тастаса да, таң ертең саны түгел болып тұрады. Бір күні екеуі де қаптарын бауырларының үйіне сүйреп келе жатып бір - біріне соқтығысып қалады. Сол кезде ғана екеуі жағдайды түсінді. Қаптарын жерге қоя салып бір - бірін кеуделеріне басып, қатты құшақтады.
өмірдегі ең үлкен бақыттың бірі өзіңді біреу жақсы көретінін сезу екен.

Туыстық атаулар сыры: аға, іні Туыстық атаулар сыры: аға, іні
Аға (ер) – Бір әке - шешеден туған (немесе рулас ағайын - туыс) жасы үлкен жігіт – аға деп аталады. Ағаның жөні де, жолы да үлкен деп есептеледі.
Туыстық атаулар сыры: бала Туыстық атаулар сыры: бала
Бала (ұл / қыз) – ата-анадан тараған ұрпақтарды айтады. Жеті атадан санағанда бірінші буыны. Олар жынысына қарай «ұл», «қыз» деп аталады. Балалы үй
Отбасы, туыстық туралы мақал – мәтелдер Отбасы, туыстық туралы мақал – мәтелдер
Өз жұрттың - күншіл, Нағашы жұрттың – сыншыл, Қайын жұрттың міншіл келеді.
Үйленгісі келген жігіт Үйленгісі келген жігіт
– Мен сізден көмек сұрай келдім. Менің үйім, көлігім жұмысым да бар. Тек жанымды түсінетін қамқор да мейірімді, жақсы мінезді жар таба алмай жүрмін.
Сіздің жасыңыз нешеде? Сіздің жасыңыз нешеде?
Адам өмірін 100 жас деп шамалап алғанда, онда 8 мүшел жас болады екен. Олар 13, 25, 37, 49, 61, 73, 85, 97 жас.
Бұл кім? Бұл кім?
«Бала, бала, бала» деп, Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Түнде бесік таянған.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×