ойын сауық отауы
Әкесі баласына мына сөздерді айтсын!
09.06.2019 8 931 0 Дауыл

Әкесі баласына мына сөздерді айтсын!

Бұл қызықты
Әкесі баласына мына сөздерді айтсын!
1. Адамдармен амандасқанда, бетпе-бет сөйлескенде, көзіне тік қара. Қолын алғанда, сенімді бол.
2. Ата - анаңды сыйла.
3. Қызметіңе жауапкершілікпен қара. Есіңде болсын: әлемдегі барлық жұмыс маңызды. Біреудің лауазымы сенен төмен болса, сөзбен тілме.
4. Алдыңдағы істі өзіңнің жасай алатыныңды білсең, өзгені мазалама. Мұнымен көп нәрсеге қол жеткізесің.
5. Бауырмал бол. Қолыңнан келгенше, адамдарға көмектес.
6. Нәзік жандыларды және олардың таңдауын сыйла. Ішінде біреуі жарың болуы мүмкін.
7. Айтарын айтып, өзің басқа тірлік жасап жүрген жарамайды.
8. Салмақты бол. Ер бол.
9. Ер адам тұлғасына мән беруі тиіс. Сырадан пайда болған қарын ешкімге әдемілік сыйлаған емес.
10. Үнемі ақылыңды толықтыр.
11. Заң қызметкерлерінен қашпа. Әсіресе, полиция қызметкерлерінің шенін жатқа біліп жүр. Есіңде болсын: бір жолақ – кіші офицерлік құрам, ал екеу болса, аға офицер.
12. Киім кию мәдениетін сақта: шалбардың ұзындығы өкшенің ортасынан аспауы тиіс. Пенжактың жеңі жейденің манжетін жаппауы керек. Галстук белдікке дейін түсіп тұрғаны жөн. Аяғыңа киген шұлығың отырған кезде балтырыңды жауып тұруы керек. Белдікті аяқ киімнің түсіне қарай таңда.
13. Егер жекпе - жектен қашу мүмкін болмаса, бірінші болып ұр және бар күшіңмен, жеңгенге дейін. Жай жұдырық қарсыласыңа сенің әлсіздігіңнен хабар беретін болады.
14. Жекпе - жек кезінде өз күшіңді бақыла. Ашулы болу ессіз болу деген сөз емес. Аяқ астынан біреуді жазым етуің мүмкін екендігіңді ескер.
15. Нәзік жандыларға ешқашан және мүлде қол көтеруге болмайды.
16. Жалқаулығыңды өзің тый. Адамзат тарихында ешкім еріншектікпен жетістікке жеткен емес.
17. Сенің жаныңда қыз бала өзін жайлы сезінуі тиіс.
18. Отбасыны қамтамасыз ететін ер адам. Бұл – оның міндеті.
19. Біреуге қарыз берсең, ойланып бер. Ол ақшаны бергеніңе кейін өкініп жүрме.
20. Ең болмаса, бір салада шебер бол. «Мен мынаны жасай аламын» дейтін тірлігің болсын.
21. Ешқашан шағым айтпа. Мұнымен мәселең шешіліп кетпейді.
22. Нәтиже беретін іспен шұғылдан. Есіңде болсын, уақыт бағалы. Уақыт шығынына душар болмаған дұрыс.
23. Әйелдерді түсінуге талпынба. Олар бізден ерек ойланады.
24. Мылжыңдық ердің сәнін бұзады.
25. Дымым жоқ деген күннің өзінде қорың болуы тиіс.
26. Үй тірлігіне қабілетті бол. Ешкімнің көмегінсіз - ақ бар істі тындыруға тырыс.
27. «Еркектер ешқашан жыламайды» деген қағиданы бұзба!
28. Тал ек, мал бақ. Бір кезек осы істі жасап көр

Жас келгенде жаныңда жарың болсын Жас келгенде жаныңда жарың болсын
Жас келгенде жаныңда жарың болсын, Аурудан аулағырақ жаның болсын. Қолғабыс беріп тұрар керек кезде, Ақылды ұрпағыңның бары болсын.
Ей балам, саған қарап ойланам Ей балам, саған қарап ойланам
Ей балам, саған қарап ойланам, Сәби кезің, томпаң қағап ойнаған. «Кім боласың» туындайды, ой маған. Бет пішінің атам түстес аумаған, Бабаң басқан
Ананың қызына айтар 50 кеңесі. Ананың қызына айтар 50 кеңесі.
Ананың қызына айтар 50 кеңесі. 1. Сен кейде маған ренжіп қаласын, бірақ мен сені бәрібір жақсы көремін.
Өмірді жаңадан бастауға 60 ереже. Өмірді жаңадан бастауға 60 ереже.
1. Бүгінгі күнге алғыс білдіріңіз, өзіңде барға қанағат ету мен разы болудан бастаңыз.
Отбасы психологиясы Отбасы психологиясы
Отбасылық қарым - қатынас психологиясы тоғыз заңдылықтан тұрады. Егер оны жетілдіруді меңгерсеңіз – жартылай табысқа жеткеніңіз деуге болады.
Ұлбосын Ұлбосын
Бауырсақ мұрны пұштиып, Бесікте жатты Ұлбосын. Әкесінің ойында: «Ұлбосыным пұл босын!..»
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×