ойын сауық отауы
Жазда неден сақтану керек?
18.06.2019 2 259 0 Дауыл

Жазда неден сақтану керек?

Бұл қызықты
Жаз маусымы – адам ағзасы үшін көптеген жайлылықтар әкелетін мезгіл. Десек те кей жағдайда жайсыздықтарға да ұрындыратын кездері бар. Төменде солардың бірқатары жөнінде және олардың алдын - алу амалдары туралы айтпақпыз.
Сонымен:
▪1. Күнге күю. Яғни күн сәулесінен де күйіп қалуға болады, ашық күн астында ұзақ жүрген жағдайда, оның ультракүлгін сәулесі терінің беткі қабатын күйдіріп жібереді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Тері қатты қызарып, бас айналады, адам әлсірейді. Сақтанбаса, бұдан тері обырына шалдығу қаупі бар. Сондықтан күн астында ұзақ жүруге мәжбүр адамдар далаға шығардан 20 минуттай бұрын денесіне күннің зиянды сәулесінен қорғайтын арнайы крем жағып алғаны дұрыс.
▪2. Іш бұзылуы. Бұл бактериямен бүлінген азықты ішіп - жеуден болады. Сондықтан жеке бас гигиенасын сақтау, таза су тұтыну, көкөніс, еміс - жидектерді жуып жеу, көп тұрып қалған тамақтан сақтану керек.
▪3. Гастроэнтерит, тамақтан улану да бұл кезде жиі кездеседі. Яғни бүлінген тамақтан сақтану қажет. Әсіресе ет пен балықты бөлме температурасында сақтаған дұрыс емес. Яғни ауру тудыратын бактериялар ыстық, дымқыл ауада тез көбейетінін ұмытпаңыз. Тамақты тоңазытқышта сақтаған абзал. Шикі өнімдерді алғанда қабығында шірік барына жоламаған жөн.
▪4. Күн өтуі де осы кезде жиі кездесетін кеселдің бірі. Дер кезінде көмектесіп, емдемесе, ол өлімге соқтыруы да мүмкін. Сондықтан күн ыстық кездері дене температурасының тым артып кетпеуіне мән беру керек. Мұндайда тыныс алу ауырлайды, тамыр соғысы жиілейді, дене қызуы көтеріліп, адам естен танады.
Сондықтан әсіресе сағат 11: 00 мен 16: 00 аралығында күн астында көп жүрмеу керек. Киім кең, жеңіл, дененің бар аумағын жауып тұратын болғаны дұрыс. Бас киімсіз жүрмеу керек. Күн ыстықта ауыр жұмыс істемеуге тырысқан дұрыс, суды көбірек ішіп тұрған абзал.
▪5. Жаздың аптап ыстығында көзге де қамқорлық қажет. Көз қуысының жұқа қабығы, ішкі қабақ қабынуы (конъюктивит) осы кезде жиілейтіні бар. Көз торы қабынып, оның ақ бөлігі қызарып тұрады. Оған қабынудан басқа вирус, бактерия түсуі, аллергия да себеп. Конъюктивитке ұшыраған адамның көзі бірден шашып ауырады.
Бұдан сақтану жолдары мынадай: қолды үнемі таза сумен сабындап жуу керек. Көзге макияж жасамаңыз. Өзге адамның линзасын қолданбаңыз. Көзілдірік киіңіз. Құм мен тозаңнан аулақ жүріңіз.
Конъюктивиттен емделуде қырмызының көмегі көп. Тұнбасы көз торының қышуын басады. Оны жууға, компресс жасауға қолданады.
Ал инфекциядан фенхель жеумен емделуге болады. Шпинаттың 200 миллиграмм және сәбіздің 300 миллиграмм шырыны да конъюктивиттің алдын алуда жәрдемші.
▪6. Шілденің шіліңгірінде ербөртпе (потница) жиілейді, ол ылғал мен жылудың теріге шамадан тыс әсер етуінен туындайды. Тер бездерінің бітеліп қалуынан да пайда болады. Мұндайда бөртпелердің туындауын жүгері крахмалын, арнайы лосьон, тальк себу, душқа түсу арқылы тежеуге болады. Ал симптомдары екі аптадан аса уақыт жойылмаса, онда дәрігерге көріну керек.
▪7. Жазда қызылша (корь) да көп кездеседі. Ең дұрысы, балаға кезінде вакцина жасату. Ол тоңазытқышта сақталған болуы керек.
▪8. Фарингит және басқа да тамақ ауруларының қозатын кезі де – осы кезең. Бұған денесі қызып тұрған адамның мұздай су ішуі, балмұздақ жеуі себеп. Бұл кезде бактериялардың да белсенді болатынын ұмытпау керек.
Егер де отбасында біреу фарингитпен ауырып жүрсе, онда екі - үш күн бойы арасына бірнеше сағат салып тұнбамен шайып жүргейсіз.
▪9. Ыстық кезде балалар мұздай суда ұзақ шомылса, құлағы суықтау қаупі бар. Сондықтан суға әр түскен сайын құлақ ішін мақталы таяқшамен құрғатып тұрған дұрыс.
Ал шашын бояйтындар алдын - ала құлағын мақтамен тығындап қойғаны дұрыс.
Шомылуға қатысатындар әрбір курстан соң құлаққа 50 пайыздық спирт пен уксус қоспасынан 2 тамшыдан тамызып тұрғаны дұрыс. Сонда құлақ қуысы құрғап, инфекциядан ада болады.
▪ 10. Қазіргідей аптап ыстық күндері адамдар жиі шомылатындықтан лас судан атопиялық дерматит жұқтыруы да мүмкін. Мұндайда тері қышиды, қабынады. Стресс, психологиялық күйзелу кезінде ол ушыға түседі.
Бұдан сақтану үшін аллергенге ұрынбаудың өзі жеткілікті. Теріні ылғалдандыратын крем қолдану керек. Қатты сабынның құрамында химиялық қоспасы көп болатындықтан ол теріні құрғататынын есте ұстаңыз. Дұрысы, сұйық сабынға табиғи май осып қолдану керек. Сонда тері құрғамайды. Бұлардың жәрдемі тимесе, уақыт өткізбей дәрігерге көрінген абзал.
Қысқасы, жазда жоғарыда айтылған аурулардан сақтана жүріңіз. Ал ауыра қалсаңыз, тезірек дәрігерге көрінгеніңіз өзіңізге жақсы –
«Ауырмаңыз!» газетіне алынды.

Қатты қайғыру және өте қатты қуану адамға зиянды Қатты қайғыру және өте қатты қуану адамға зиянды
Ауруға себеп болатын мына нәрселерден сақтану қажет: түнде – аз, күндіз көп ұйықтау, тоқ қарынға тамақ жеу, дәретхана қажеттілігі туындағанда зәрді
Теріні қалай ағартуға болады? Теріні қалай ағартуға болады?
Теріні қалай тез ағартуға болады? Жаздыгүні кейбір адамдар қарайып, күнге күюді жөн көреді. Ал кейбір адамдар денесінің күнге күймей өз түсі
Д дәрумені және Күн көзі. Д дәрумені және Күн көзі.
Д дәрумені және Күн көзі. Мектеп кезінен бастап есімізде, күн сәулесінің әсерінен адам ағзасында Д дәрумені түзіледі. Біздің ағзамыз үшін бұл
Жарамдылық мерзіміне көп адам назар салмайтын 13 зат Жарамдылық мерзіміне көп адам назар салмайтын 13
Күнделікті тұрмыста пайдаланатын кейбір құралдардың жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін байқамай да қалауыңыз мүмкін, сондай құралдардың бірнешеуін атап
Тері күтімі үшін сынақтан өткен пайдалы маска түрлері Тері күтімі үшін сынақтан өткен пайдалы маска
Көптеген қыз - келіншектер, бет терісіне үйде күтім жасау бос әурешілік деп есептейді. Бет терісіне күтімі үшін сұлулық салондарына барып қыруар ақша
Терінің саулығы Терінің саулығы
Терініңіз сау болсын десеңіз: Ағзада тұрақты су тепе - теңдігін сақталуы керек. Бір күні ішінде адам салмағына қарай 1 кг - ға шамамен 40 грамм ішу
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×