ойын сауық отауы
Құран бағыштап, дұға жасауды үйреніңіз
17.09.2023 55 239 0 Admin

Құран бағыштап, дұға жасауды үйреніңіз

Бұл қызықты
Бұл жалған дүниеде адамға тамақ азық болса, дүниеден озғандарға Құран азық болып табылады. Сондықтан қайтыс болған адамдар бұл жақтағы ұрпақтарынан Құран дәметеді. Ата - бабасына жұмасына бір рет Құран бағыштау әрбір мұсылманның парызы.
Құран бағыштау үшін мына екі сүрені оқып, дұға жасап оның сауабын аруаққа бағыштау үлгісін ұсынамыз:
Фатиха:
«Ағузу биллаһи минәш шайтанир – ражим. Бисмиллаһир рахманир рахиим, әлхәмду лилләһи раббил ъаләмиин, әррахманир рахиим, мәлики йәумид диин иййәкә нәъбуду уәиййәкә нәстәъиин, иһдинәс сирәтал мустәқиим сирәтал ләз̃иинә әнъамтә ъаләйһим ғайрил мәғдууби ъаләйһим уәләд дооооооллиин
Әмин (Әмин әр уақытта іштей айтылады).
Одан соң «Ықылас» сүресі оқылады (3 рет)
Биисмиллаһир рахманир рахим. Қуль һуа аллаһу ахад. Аллаһус сомад. Ләм йалид уа ләм йуләд Уа ләм йакуль ләһу куфуән ахад. Садақал - лаһул - азыйм. субхана роббикә роббил ғиззати ғамма ясифун уа саламун ‘алал - мұрсалин уалхамду - лиллаһи роббил ‘аламиин.
Иә, ұлы Алла осы оқылған «Фатиха», «Ықылас» сүресінен болған сауапты Адам ата мен Хауа анаға, Пайғамбарымыз Мұхаммед (салаллаһу ьәләйһи уә сәлламға), барша дүниеден өткен пайғамбарларға, сахабаларға, шәһидтерге, дүниеден өткен барша мұсылмандарға, өзімнің дүниеден өткен ата - бабаларыма, әке - шешелеріме, туған - туысқандарыма (аты - жөнiн айту керек) бағыштадым.
Иә, Алла! Ол кісілердің рухтарын осы оқылған құран аяттарымен нұрландырып, қабiр азабынан сақтап, жандарын Жәннәттық ете көр! Бұл дүниеде біліп - білмей істеген күнәларын кешіре көр! Иә, Жаратқан Ием, ақірет күні ол кісілердің амал кітаптарының оң жақтан болуына нәсіп ете көр!
Раббанаа аатинаа фид - дуния һасанатан. уа фил аахирати һасанатан. уақинаа ғазаабан - наар. Әумин!

Әруақтарға құран бағыштау Әруақтарға құран бағыштау
Әруаққа Құран бағыштаудың сауабы туралы Рабғузидің «Қисса сүл - әнбиясында» мынадай аңыздар бар. Ұлық Алла ешқашан, ештеңеден жаралмаған, әуелден бар
Мүбәрак күндер мен түндер: Қадір түні Мүбәрак күндер мен түндер: Қадір түні
Рамазан айының 27 - түні «Қадір түні» деп аталады. Адамдарға дүниеде және ақыретте бақытты болудың жолын көрсететін дініміздің қасиетті кітабы –
Салт - дәстүр сөйлейді: Марқұмдарды риза ет Салт - дәстүр сөйлейді: Марқұмдарды риза ет
Жүрек көзі ашылған бір әулие жапан түзде келе жатып, түнде жалғыз қалады. «Жалғыз қалсаң, зиратқа түне» деген сөз есіне түсіп, қорымға барып қоныпты.
Не үшін марқұмның моласына барып Құран оқимыз? Себебі.... Не үшін марқұмның моласына барып Құран оқимыз?
Ұлық Алла бәрінің бойынан мін тауып, жаратпай тастапты. Сосын жерге қарап: – Адам тәнін сенен жаратамын, сен – кішіпейілсің.
Қадір түніне байланысты жиі кездесетін 7 сұрақ Қадір түніне байланысты жиі кездесетін 7 сұрақ
Қадір түні мүмкіндігінше ұйықтамаған дұрыс. Мақсат - тек ұйықтамай, ояу жүру емес, дұрысы дұға - тілек жасап, ренжіткен адамдарды кешіріп, намаз
Құранның сауабы Құранның сауабы
Өлі риза болмай, тірі байымайды деген. Ата - анаңның аруағын риза етсең, тұрмыс - тіршілігіңді Тәңір өзі түзейді.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×