ойын сауық отауы
Оттарың өшпесін, ізің жалғансын!
21.01.2020 2 280 0 Admin

Оттарың өшпесін, ізің жалғансын!

Бұл қызықты
Ілгеріректе бір жас жігіт шаңырақ көтереді. Әрине күндіз беташары бар, басқасы бар қазақтың түрлі дәстүр - жоралғылары атқарылады. Ал кешке қарай тіккен отауына сыныптастары жиналып, құттықтап келеді. Аста - төк дастарқанның үстінде арқыраған ақкөңіліменен жас отбасыға ұлдар жағы "Қайрат" командасын құруды, сыныптас қыздар жағы "Айгүл" ансамблін тілейді. Кеш соңында сөз кезегі екі жасқа тиеді, сонда әлгі жігіт сыныптастарына бүй деп ренжіпті:
"Бәрің түк көрмегендей ұл мен қыз тілей бердіңдер - ау. Бала деген белде емес пе тәйірі, алдымен машина, үй керек, дүние жинау керек деп сыныптастарын "таң қалдырған екен".
Енді мына қызыққа қараңыз, сол жігіт қазір орта жастан асқан ел ағасы. Жағдайы өте жақсы. Зәулім сарайдай үйі бар. Астында көліктің қымбат түрі. Жеке дүкені де бар. Тек, бір әттеген - айы балалары әлі "белінде" жүр...
Міне, алысқа шаппас, ертеңін ойламас таяз ойдан шыққан ниет арыстай азаматтың тамырына балта шауып, болашақта жалғасын табар бүтін бір әулеттің отын сөндіреді. Перзент болмаса ұйыған отбасы іриді, көтерілген шаңырақ ортасына опырыла құлайды. Үйдің ішінде томпаң қаққан "күлшашарлар" астаң - кестеңін шығарып шашып, аяққа оратылып құлап - сүрініп жүргенге не жетсін. Сəби күлкісінен асқан бақыт бар ма бұл жалғанда? Сондықтан да шаңырақ көтерген жас отбасылар, отау құрсақ деген ниеті бар жастар, бастарың бір жастыққа түйісіп жатса Тəңірімнен ең бірінші бала сұраңдар. Әр бала өз несібесімен келеді. Бір қозы туса бір түп жусан артық шығады екен. Шаңырақтарыңыздан баланың шат - шадыман күлкісі тиылмасын.
Қазағымның жігіттері жігіттердің төресі ғой. Үйдегі келіндер мен жеңгейлердің балағынан бала саулатып, жыл сайын төлдете беріңдер. Оттарың өшпесін, ізің жалғансын

Әмиян тауып алған кедей жайлы Әмиян тауып алған кедей жайлы
Сіңірі шыққан кедей жігіт жолда келе жатып әмиян тауып алыпты. Ашып қараса әмиянның ішінде бір алтын теңге бар екен. Жігіт қуанып кетіпті де:
Үш қыз астарлы әңгіме Үш қыз астарлы әңгіме
Күйеуге шыққысы келетін ақылды аруларға арналған астарлы әзіл әңгіме. Апалы - сіңлі үші қыз өмір сүріпті. Үлкен қыз өте жалқау болатын, ортаншы қыз
Үйленгісі келген жігіт Үйленгісі келген жігіт
– Мен сізден көмек сұрай келдім. Менің үйім, көлігім жұмысым да бар. Тек жанымды түсінетін қамқор да мейірімді, жақсы мінезді жар таба алмай жүрмін.
Жігіт, ер туралы мақал - мәтелдер Жігіт, ер туралы мақал - мәтелдер
Жігіт, ер туралы мақал - мәтелдер Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені Азынаған айғырды үйірде көр, Адамсыған жігітті үйінде көр.
Мың жасаған ағаш Мың жасаған ағаш
- Мың жасапты мына ағаш, Көпті көрген о да қарт. Қыз бен жігіт аралас Қарай қалдық тұра қап.
Орал Орал
Ұзын Орал - күн мен түн шекарасы, Бір жағы - күн, бір жағы - түн баласы. Арғы жағы - көк көзді жын ұясы, Бергі жағы - Түріктің cap даласы.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×