ойын сауық отауы
Коронавирус деген ол вирус та емес, ауру да емес, соғыс та емес
08.04.2020 1 538 0 Admin

Коронавирус деген ол вирус та емес, ауру да емес, соғыс та емес

Бұл қызықты
Жаңа ереже
Коронавирус деген ол вирус та емес, ауру да емес, соғыс та емес. Ол адамзат үшін жасалған жаңа ереже. Ондай ереже неге бізге дәл қазір қажет болды?
Өйткені біз ата - ана ретінде баламызға көңіл бөлмейтін болдық. Ақша табамыз, бала - шағаны асыраймыз деп үй бетін көрмейтін болдық.
Өйткені біз үйден шыға алмайтын мүгедек жандарды ұмыттық. Оларға әйтеуір жәрдемақы төленсе болды деп оларға назар аударып, олардың көңілдеріне қарауды қойдық.
Өйткені біз жетім - жесірлерді ұмыттық. Олардың жейтін наны мен тұратын баспанасы бар ма жоқ па, оған бас ауыртпайтын болдық.
Өйткені біз ата - ана мен туған - туысты ұмыттық. Олармен хабарласып, қал - жағдайын сұрасуды, оларға керек болса, көмектесуді ұмыттық.
Өйткені біз денсаулығы дімкәс адамдарды ұмыттық. Қаржылай көмек сұраса, ондайлар көп қой, қайсібіріне көмектесе береміз дейтін болдық.
Өйткені біз тазалықты ұмыттық. Көрінген жерге түкіріп, темекі мен қоқысты лақтырып кететін болдық.
Өйткені біз мейірімді ұмыттық. Көшеде адам құлап жатса, мас шығар деп өте шығатын болдық.
Өйткені біз әділетсіз болдық. Бастық екенмін деп адамдарды жұмыстан себепсіз қуатын болдық.
Өйткені біз қатігез болдық. Жазықсыз адамды соттаса да оған селт етпейтін болдық
Өйткені біз немқұрайлы болдық. Бала зорлаған педофилдер түрмеге отырып шығып, қайтадан сол ісін жалғастырса селт етпейтін болдық.
Өйткені біз білімнен қашатын болдық. Кітап оқымайтын, рухани дүниеге мән бермейтін болдық.
Өйткені біз атаққұмар болдық. Атақ алмаған, орден - медал тақпаған адам таба алмайтын болдық.
Өйткені біз өтірік ғалым болдық. Бірақ технологиясы жоқ дамымаған мешеу ел болдық.
Өйткені біз елімізді дәріптеуді ұмыттық. Шетел андай, Батыс мұндай деп тамсанатын болдық.
Өйткені біз салт - дәстүрді ұмыттық. Тіпті оған жиіркене қарайтын ұрпақ тәрбиелейтін болдық.
Өйткені біз сабырды ұмыттық. Ашушаң болып ұрыс - керіске тез кірісетін болдық.
Өйткені біз жалақор және өсекші болдық. Біреу туралы жаман сөз естісек, ол адамды жер - жебіріне жетіп "жерлеп" тастайтын болдық.
Өйткені біз қанағатты ұмыттық. Артық тамақ пен дүниеге қызығатын болдық.
Өйткені біз ысырапшыл болдық. Қатқан нанды қоқысқа лақтыра салатын болдық.
Өйткені біз тыйымды ұмыттық. Етегі ашылған қыз бен тәртіпсіз ұлға сөз айта алмайтын болдық.
Өйткені біз көрсеқызар болдық. Қажеті шамалы болса да удай қымбат смартфон ұстайтын болдық.
Өйткені біз аңқау елге арам молда болдық. Тренинг өткізіп, лотерея ойнатқыш болдық.
Өйткені біз шырылдауық шегіртке болдық. Әншісымақ болып, теріс өнеге көрсететін болдық.
Өйткені біз жалқау болдық. Әнші, прокурор, сот немесе әкім болып, қалай тез оңай ақша тапсақ дейтін болдық.
Өйткені біз Құдайды ұмыттық. Аузымызда Құдай болғанмен, ол жоқ сияқты өмір сүретін болдық.
Пысы. Неге деп ойлансаңыз, сіз де талай нәрсені тізіп шығасыз.
Серікқазы Көкенай

Шешек ауруының шығу тарихы (Чёрная оспа) Шешек ауруының шығу тарихы (Чёрная оспа)
Шешек (оспа), қазір табиғатта жоқ - бұл адам толығымен жеңген алғашқы ауру. Алғаш рет шешек індеті Таяу Шығыста егжей-тегжейлі сипатталған. IV
2020 жыл – еріктілер жылы! 2020 жыл – еріктілер жылы!
2020 жыл «Еріктілер жылы» болып бекітілді. Басты мақсат – ерікті қызметке азаматтарды, әсіресе, жастарды тарта отырып, белсенді өмірлік ұстанымын
Қызғанбайтын болдық-ау қатынды да Қызғанбайтын болдық-ау қатынды да
Қызғанбайтын болдық-ау қатынды да, Ғаламторда тілдесіп жатыр мұнда. Қандай дос ол, кімменен сөйлесті деп, Салынбаймыз сары уайым, қайғы мұңға.
Ақшаны қалай жинауға болады? Қарапайым кеңестер. Ақшаны қалай жинауға болады? Қарапайым кеңестер.
Ақшаны қалай жинауды үйрену – көпшіліктің арманы, алайда қолдан келе бермейтін іс екені аян. «Ертеңге» қалдырудың сан алуан сылтаулары бар, тіпті
Тұраптың ұсынысы Тұраптың ұсынысы
Ет астық біз, пісірдік, Бұрқыратып түсірдік. - Алыңыз, - деп, - алыңыз, - Жемек болдық бәріміз.
Тағы да қазақтар қақында Тағы да қазақтар қақында
Керегіне жұмсай алмас күшін де Кемшілік бар үлкенімде, Кішімде. Сәл ертерек ошағының оты өшкен: Қазақтардың бір қайнауы ішінде!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×