ойын сауық отауы
Тағы да қазақтар қақында
02.03.2016 3 361 0 Дауыл

Тағы да қазақтар қақында

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Тағы да қазақтар қақында

Керегіне жұмсай алмас күшін де
Кемшілік бар үлкенімде, Кішімде.
Сәл ертерек ошағының оты өшкен:
Қазақтардың бір қайнауы ішінде!

Тауым биік, Көлім тұнық, Жерім кең,
Кім болса да бізге дос боп көрінген.
Бір жантайса тұру қиын, Жайылып
Жүрген малын қайыруға ерінген.

Қай заманда бұл даладан қашты мұң?!
Қыр тұрғынын шайпау тағдыр шашты мың.
Бабам қазақ бүгін тойса, Оп - оңай
Ұмыта салған кеше көрген аштығын.

Кейбір ері күдер үзіп жасықтан
Күрессе де қалғанынша қасық қан.
Жылдар бойы жауласудан жалығып,
Дұшпанымен тіл табуға асыққан.

Анықталып тарихтағы бағамыз,
Өзімізді қашан іздеп табамыз?!
Бар қонысын алмай әбден игеріп,
Жаңа қоныс армандаған бабамыз.

Керек жерде жұмсай алмас күшін де
Кемшілік бар үлкенімде, Кішімде.
Сәл ертерек ошағының оты өшкен:
Қазағымның бір қайнауы ішінде!

Қарсы келмес бұл сөзіме жөнді ұққан.
Хандық емес,
Жеке - жеке болдық хан.
Бірде олай,
Бірде бұлай бұл халық,
Қазақ болу оңай емес сондықтан!

Аң ауласқан қоян - Спандияр Көбеев Аң ауласқан қоян - Спандияр Көбеев
Жиылып күшін қосып біраз аңдар, Ішінде қасқыр, арыстан қабыландар, Өлтіріп бір аюды жалаң жерде Әрқайсысы бет - бетімен талады олар.
Өз үйің Өз үйің
Өз үйіңде бір сәт тыным таппайсың, Бірде жуып, Бірде сырлап, Ақтайсың. Өз үйіңе, керек болса, киізсің, Өз үйіңе, керек болса, тақтайсың.
Мына Жердің күшін - ай Мына Жердің күшін - ай
Мына Жердің күшін - ай! Әулие екен Ньютон дегендерің. Тартылыстар талқысын жеңем дедім, жердегінің бәрінен жырақ кетіп, отауына аспанның енем дедім.
Ерлі - зайыпты қазақтар Ерлі - зайыпты қазақтар
Біздің халық, біле - білсең, бір ғажап! Сүйе тұра, Бірін - бірі жүр қажап. Қанша жақсы көрсе - дағы әйелін Білдірмеуге тырысады бұл қазақ.
Қиын не бар?.. Қиын не бар?..
Мың құбылған қуаныштан, дерттерден, Қиын не бар, адам жанын зерттеуден? Мен келемін өз жанымды зерттеумен, Бірде аяз, бірде жалын, өрт кеудем.
Күн жылыған, жер жібіген Күн жылыған, жер жібіген
Күн жылыған, жер жібіген, Құстар келген шақтарда, Төрдегі өрген төрт түлікке, Төл жамырап жатқанда, Көзімді алмай қарайтынмын егістікке телміріп,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×