ойын сауық отауы
Куйеуді сыйламасақ кесірі тиюі. Күйеуді сыйламаудың кесірі қандай?
20.10.2020 1 728 0 Admin

Куйеуді сыйламасақ кесірі тиюі. Күйеуді сыйламаудың кесірі қандай?

Бұл қызықты
Куйеуді сыйламасақ кесірі тиюі Ислам ақиқат. Күйеуді сыйламаудың кесірі қандай?
— Егер әйел ері туралы жаман ойласа, оны сыйламаса, одан ойша алыстайды. Еріне күш - қуат сыйламайтын болады. Ерінің жолы жабылып, бастаған ісінен береке кетеді. Ол түрлі ішімдікке әуестеніп, әйел оның сыйлауға лайық еместігіне көз жеткізе түседі. Тұйық шеңбер. Ер адам мұндай жағдайды өзгертуге қауқарсыз.
— Егер әйел дер кезінде тоқтамаса, сынайтын мінез міндетті түрде табылады. Бұл нашар тәжірибе - жаман ойласаң, жаман іс істейсің, сол арқылы оны жамандайсың, құрбыларың мен анаң саған кеңесші емес, теккке қарым - қатынас күйрейді, өзің де күйзелесің.
— Қарым - қатынастың бүлінуі жүйке жүйесін құртады. Әйелдің нәзік жүрегін тасқа айналдырады. Жанын дертке малып, тәніне ауру береді. Бұл ғана емес, біз бұл жаманатты сақтап, ары қарай қолдан қолға өткіземіз, таратамыз.
— Жаман ой бар қуат - күшіңді жеп қояды. Әйелдің қолдауы, сезімі, қуаты, мақұлдауы - еркек үшін өте маңызды. Оның жетістігінің, алға ұмсынуының, ырыздығының іргетасы. Әйел ері туралы төмен ойлаған сайын оның өзі үшін жақсы болуына кедергі қояды, жетістікке талпынысын жояды.
— Өз күйеуін сыйламайтын әйел мұнысын балаларына сіңіреді. Есіңізге түсіріңіз де, мына сұраққа жауап беріңіз: Сіздің шешеңіз әкеңізді сыйлап па еді? Сіз ол сыйластықты қалай түсінуші едіңіз? Жай ғана сезінетінсіз. Балаға ештеңе түсіндіріп керек емес. Олар онсыз да бәрін көреді, біледі. Егер күйеуіңізді сыйламасаңыз, балаңыз жаман оқитын болады, осы қылығы арқылы қарсылығын білдіргені. Сізді тыңдамайды. Сөз қайтарады. Дөрекі сөйлейді. Айтқаныңыздың бәрін керісінше істейді. Жаман ортаға түседі. Жаман қылықтарға жақын бола бастайды. Келешекте өздері дұрыс қарым - қатынас құра алмайтын болады. Күйеуін сыйламаудың құны зор.
— Күйеуіңізді өзгелерге жамандап көптеген ақыл естисіз. Ол сіздің теңіңіз емес, ажырас дер. Бірақ бұл әңгімеде сіз өзіңізді емес, өз жүрегіңізді емес, өзгенің ақылын тыңдайсыз. Бөтеннің тіліне ересіз.
— Күйеуіңізді анаңызға жамандап көзге көрінбес байланысты нығайта түсесіз, сіз анаңыздың алдында бәрібір оның жүрегін жарып шыққан бала болып қала бересіз. Есеймей қаласыз. Күйеуіңізге қарсы шығасыз. Яғни, оған опасыздық жасағаныңыз. Анаңызбен бірігіп оны жамандау, жақсылыққа апармайды. Бұл әдет сізге не береді? Ана өз баласына жаны ашиды, күйеу баласын сыйлауды қояды. Оны қарғап - сілейді. Бірақ сосын анаңыздың алдында күйеуіңізді ақтап ала алмайсыз. Оның мәртебесі түсіп қалады. Шыншыл болыңыз, егер күйеуіңіз жаман болса, кетісіп, анаңызбен бірге тұрыңыз.
— Құрбыңызға оны жамандап, қолдау күтесіз. Бірақ құрбыңыз естігенін одан әрі жеткізеді. Ар жақта сіз туралы кім, не айтып жатқаны бұлыңғыр. Сіздің жақсы атыңызға күйе жағылады. Сізге сол керек пе? Әлде, үндемей қалатын құрбы болады дегенге сенемісіз?
— Күйеуіңіз туралы жаман сөз айтқанда, өзіңізді одан жақсы деп ойлайсыз. Ал, шын мәнінде тек тәкәппарлығыңызды мақтан етесіз. Күйеуін жамандаған әйел арадағы нәзік байланысты үзіп, жеке өмір сүре бастайды. Отбасы жойылады. Күйеу өзінше бөлек өмір сүре бастайды. Сіз оны сезесіз де, артыңызды ойлай бастайсыз. Сосын неге бәрі бүлінді деп сұрайсыз? Неден басталған еді? Неге жұптағы әңгіме таусылды деп қайғырасыз?
— Күйеуді айыптап, әйелдер оны жаман қылық жасауға итермелейді. Оның өзгергені маңызды да емес. Онда әйел кімді айыптайды?
— Өзі туралы барлық жаман ойды еркек сезеді. Ол сіз үшін асқақ арман еместігін білетін болады. Сізге керек еместігін түйсінеді. Арадағы сезімнің өшкенін түсінеді. Ол диванға жатады да сізден кек алады. Тағы да тұйық шеңбер. Диванда жатып өзі туралы тағы да көп нәрсе естиді. Ал, әйелдер оны өзгеріп кетеді деп өзін алдайды.
Алла разылығы əйел адам үшін ерін разы қылуда тұрады.
Алла Əйелге Ерінің жүрегімен назар қылады. Əйел адам үшін " Ерінің разылығы Алланың разылығы " - екен.
Бұл сенімге байланысты, сенсеңіз, тек жақсылық көре бересіз ин шаа Алла!
Алла Тағала барша əйел адамдарға Еріне тəсілім болып бағынып, Ерлерін ренжітіп алмай, Ерлерін құрмет қылып, Еріне адал қызмет қылып, сол арқылы Алланың разылығын табуды нəсіп етсін! Алланың Сый - құрметі болсын, Алла сыйласын ондай Əйелдерді.
Алла жар болсын!
Аллаһу əкбар!! Әмин!

Әйелдер жайында пайғамбарымыздың айтқан сөздері Әйелдер жайында пайғамбарымыздың айтқан сөздері
Әйелдер жайында пайғамбарымыз саллаллаһү алейһи уә сәлләмнің мүбәрак сөздері
Әйел бақыты - өз қолында Әйел бақыты - өз қолында
Қанша әйел ақылды, данышпан болса да, еркексіз әйелдің бақыты жоқ. Әйелдің еркексіз күні - түн.
Әтеш пенен меруерт тас - Спандияр Көбеев Әтеш пенен меруерт тас - Спандияр Көбеев
Мыс қылар алтыныңды жаман адам, Қайдан білсін жақсы - жаманды надан адам, Асылдың қадырын біліп қалай тұрсын, Көрмеген өмірінде тазына адам.
Күйеуіңізді қалай өзгерте аласыз? Күйеуіңізді қалай өзгерте аласыз?
Сіз күйеуіңізді өзгерте алмайсыз, бірақ күйеуіңіздің жақсы жаққа қарай өзгеруіне жәрдем ете аласыз. Мұның алғашқы қадамы - өзіңізді өзгерту.
Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда болғаны дұрыс. Әйелдің ақылдысы – сенде, Әдемісі – құрдасыңда
Әйел аттың ерінен биік, Өз ерінен аласа болуы керек.
Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1 Үй – іші, отбасы туралы мақал - мәтелдер №1
Еріншек қатынның Етегі жыртық. Ерке қатынның Ерні тыртық.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×