ойын сауық отауы
Жетістіктің жүз қадамы: 32 - қадам: мүмкіндік
06.11.2020 1 129 0 Admin

Жетістіктің жүз қадамы: 32 - қадам: мүмкіндік

Бұл қызықты
Жетістіктің жүз қадамы
32 - қадам: мүмкіндік
Мүмкіндік туса – оны әжетке жарат! Егер сол мүмкіндік өміріңді бастан - аяқ өзгертетін болса, өзгеріске бейімдел.
Мүмкіндік – бұл сізге беріле бермейтін нәрсе. Ер жігітке өмірінде үш үлкен мүмкіндік беріледі деп дана халқымыз айтқандай, мүмкіндікті уақытында ұстап пайдаланып қалмасаңыз, одан айырылып қалуыңыз мүмкін. Тіпті келіп тұрған кейбір мүмкіндіктерді байқамай да қаламыз.
Кейде келіп тұрған мүмкіндікті көре тұрып, біле тұрып пайдалана ала алмай ұшырып аламыз. Мүмкіндікті уақытында пайдаланып қалу оңай шаруа емес. Бұған да тәуекелділілік керек. Сол тәуекелге барып іске кіріссеңіз өзіңіз ойламағандай жеңіске жетуіңіз ықтимал. Бірақ ескеретін бір жайт. Маған қашан мүмкіндік келеді екен депжүре беру ақымақтық.
Сіздің он екі мүшеңіз сау, ақыл есіңіз түзу, ішерге асыңыз, киерге бір киіміңіз, тұрарға бір кіші үйіңіз және тыныш мемлекетте өмір сүріп жатырсыз. Сіз бақытты адамсыз. Сіздегі басты байлығыңыз осы. Қалған қымбат киім, қымбат киім, қымбат үй, шетелде демалу бұның бәрін іс - әрекеттің еншісіндегі нәрселер.
Сіз еңбектеніп, білім жинап, мақсат қойып алдыға үнемі ұмтылсаңыз бұның бәрін алатын боласыз. Бастысы – басты байлығыңыз болса болғаны, қалғаны адамның істеген іс - әрекетіне байланысты нәрселер. Демек, сізде мақсатыңызға жетуге мүмкіндігіңіз бар. Тұрмаңыз, іске кірісіңіз. Уақыт өтіп барады. Оны ештеңе тоқтата ала алмайды.
Сол үшін де мүмкіндігіңізді пайдаланыңыз. Қазіргі дамыған дәуірде адамдардың көп нәрсеге мүмкіндігі әлдеқайда арты. Интернет дамыған дәуірде білім жинауға, көп білмейтін ақпаратыңызды білуге жол ашылды. ХХІ ғасыр білім ғасыры деп текке айтылмасы керек. Тек ерінбей алдыға ұмтылған адам әрдайым жеңіске жетеді. Оған барлық мүмкіншілік жасалған, бастысы – талмай еңбектену болса болғаны.

Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз Жетістіктің жүз қадамы: 31 - қадам: сөз
Сөз – бұл сіздің аузыңыздан шыққан сөздер. Сөздер сапалы, сапасыз, пайдалы, пайдасыз, мағыналы сөз, бос сөз деп осы сияқты бөлімдерге бөлінеді.
Жетістіктің жүз қадамы: 26 - қадам: қорқақтық Жетістіктің жүз қадамы: 26 - қадам: қорқақтық
Әділеттілік пен іс істейтін жағдайға тап болғанда, бұғып қалғанды қорқақтық дейміз. Конфуций
Бақытты адам болғың келсе... Бақытты адам болғың келсе...
Бақытты адам болғың келсе, өткенді қопара берме. Сүйегі жоқ балық болмайтыны сияқты, кемшілігі жоқ адам болмайды. Әрдайым күлімдеп жүрсеңіз, өмір де
Көңілің түскенде оқы! Көңілің түскенде оқы!
Өмірдің басқа атауы жоқ. Өмірдің аты – өмір. Әр адам өз өмірінің суретшісі, өз бақшасының бағбаны. Сіз қандайсыз, өміріңіз де сондай.
Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу Қиялыңдағыдай байлыққа кенелу
Егер мен мол табыс табатын мамандық түрін таңдағанымда бай болар едім. Шындығында: Миллионерлер әрбір салада бар. Кез келген саладан пайда табуға
Егер сізді біреу жақсы көргенін қаласаңыз, онда өзіңіз сүйе біліңіз Егер сізді біреу жақсы көргенін қаласаңыз, онда
Сұлулық махаббат туғызбайды, керісінше махаббат сұлулықты көре білуге мүмкіндік береді. (Л.Н.Толстой)
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×