ойын сауық отауы
Айлардың да құпия сырын білейік
12.11.2021 1 453 0 Admin

Айлардың да құпия сырын білейік

Бұл қызықты
Рухани - танымдық сүрлеулер
Айлардың да құпия сырын білейік
Жылдың төрт мезгіліне сәйкес келетін айлардың ұзақтығын өзіміздің саусақтарымыз арқылы анықтауды да біліп жүргеннің артықшылығы болмас.
Бас бармақтан басқа төрт саусақтағы буын саны үштен болғандықтан, барлығы он екі. Осы жайды ескере отырып, балаларға сан үйретуде қолданатын балаң үйрек – сұқ саусақ – көктемнің наурыз, көкек, мамыр айларына сәйкес келеді екен. Ал ортан терек – ортан қол – жаздың маусым, шілде, тамыз айларына, шылдыр шүмек – аты жоқ қол – күздің қыркүйек, қазан, қараша айларына, кішкене бөбек атап жүрген – шынашақ – қыстың желтоқсан, қаңтар, ақпан айларына сәйкес келеріне көз жеткізуге болады.
Назар салар болсақ, әр саусағымыздың салыстырмалы ұзындығы, жылдың әр мезгіліндегі күннің ұзақтығын көрсетіп тұрғандығына көз жеткіземіз. Күн мен түннің ұзақтығының теңелетін айлары: наурыз бен қыркүйек. Сәйкесінше, бұл айларға тән сұқ саусақ пен аты жоқ қолдың ұзындығы да орташа. Ал, қолымыздағы ең ұзын саусақ – ортан қолдың бірінші буыны, күннің ұзаруы 22 маусымға сәйкес келетін, сол маусым айын көрсетіп тұр. Сондай - ақ, желтоқсан айында келетін ең қысқа күн – 22 желтоқсан, ең қысқа саусақ, шынашақтың бірінші буынына сәйкес келіп тұр.
Міне, осы баяндап өткен он екі айлық уақыт өлшемі жыл құралса, осындай жүз жыл – бір ғасыр боларын бәріміз де білеміз.
Уақыт есебін жүргізуде 19 бен 28 санының өз орындары бар.
Әрбір 19 жылда ай орағының фазалары қайталанып, айдың сол күніне келіп отыратындықтан, 19 санын «Ай дөңгелегі» атаған.
Тап осындай, әрбір 28жылда апта күндері, айдың сол күнінде қайталанып отыратындықтан, 28 саны «Күн дөңгелегі» аталғанын да біліп жүрейік. 

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Айлардың да құпия сырын білейік Айлардың да құпия сырын білейік
Таразы – орысша Весы, қазіргі атауы – Мизан, қазақша 30 күндік қыркүйек, күйек ағатын, орысша – сентябрь, ескіше де мизан – қоңыр күздің бірінші айы.
Айлардың да құпия сырын білейік Айлардың да құпия сырын білейік
Айдың үш жаңасында ай толығырақ болып, өңі ағарып, екі ұшы доғалдау болып, тік көтерілсе, сол айда борасын, жел, жауын - шашын аз боларын болжаған.
Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
Шілде – жылдың бесінші айы, жаз ортасы. «Шілде» атауының екі мағынасы бар. Бірі – «қырық күндік уақыт кесіндісі», екінші – «отыз күндік азаматтық ай».
Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
Зодиактың сызбалық суретінде жұлдыздар мен айлардың осы күнгі сәйкестігі көрсетілген. Онда Күн орталықта орналасқан, ішкі шеңбердің бойында Жердің әр
Балаларға саусақ ойынына арналған өлеңдер Балаларға саусақ ойынына арналған өлеңдер
Қазақтың халық тәрбиесінде ойын - өлеңдер саусақ ойындарының эстетикалық әсерін арттырады. Балалар әдебиетіне үлес қосқан танымал ақын - жазушылардың
Қазақстанның мейрамдары Қазақстанның мейрамдары
Қазақстан Республикасы ресми мейрамдарының тізімі:
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×