ойын сауық отауы
Айлардың да құпия сырын білейік
31.10.2021 1 823 0 Admin

Айлардың да құпия сырын білейік

Бұл қызықты
Рухани - танымдық сүрлеулер
Айлардың да құпия сырын білейік
Таразы – орысша Весы, қазіргі атауы – Мизан, қазақша 30 күндік қыркүйек, күйек ағатын, орысша – сентябрь, ескіше де мизан – қоңыр күздің бірінші айы. Қыркүйек сөзі мал өсіруге байланысты шыққан атау. Қой мен ешкінің төлдеу уақытын көктемге келітіру үшін, шаруалар қошқар мен текеге күйек байлап, қырда бағып, өргізіп отырған. Содан «қыр» мен «күйек» сөздері бірігіп, ай атауы болған.
Бүйі – орысша Скорпион, қазіргі атауы – Сарышаян, қазақша 31 күндік қазан, орысша – октябрь, ескіше – ақырап. Парсы тілінде «күз» дегенді білдіреді. Бұл айда егін орылып, жеміс - жидек жиналып, қамбаға, қазанға түседі. Ал, пісіп үлгермеген көкөністер мен жиналмай қалған егін суыққа ұрынып, үсіп, жарамсыз болып қалады. Мұны халықта «қазан ұрды» деп атайды.
Мерген – орысша Стрелец, қазақша 30 күндік қараша, орысша – ноябрь, ескіше қауыс - садақшы, қазақтың «Қараша - қауыс кәрі - құртаңды тауыс» дейтін – күздің соңғы айы. Бұл айда жердің оты кетіп, бет - бедері қоңырқай тартатын кез. Ай атының қараша атануы да осы қалыпты меңзейтіндей. Қарашада жауған қарды халықта «қарашаның қары» дейді.
Ешкімүйіз – орысша Козерог, қазақша 31 күндік желтоқсан, орысша – декабрь, үлкендердің «Джәди айы жебедей жерге тығады» дейтін, ескіше джәди – қыстың алғашқы айы. «Жел» және «тоқсан» деген түркі сөздерінің бірігуінен шыққан. Бір тоқсанда үш ай болатындықтан, боранды үш ай келді деген ұғымды білдіреді.
Суқұйғыш – орысша Водолей, қазақша 31 күндік қаңтар, күннің қысқара алмайтын, қаңтарылған аттай байланатын, орысша – январь, ескіше дәлу – қыстың екінші айы. Қаңтар – ескі түркі сөзі. Осы айдан кейін күн ұзара бастайды. Халықта: «Қаңтарда күн қарға адым ұзарады» және «Қаңтар ауса, қар тұрмас» деген де бар.
Балықтар – орысша Рыбы, қазақша 28, кібісе жылда 29 күндік ақпан, орысша – февраль, бабалардан «Үт келді – жұт келді», «Жақсылығына алса құт, жаманшылығына алса – жұт» деген сөздер қалған, ескіше үт немесе хұт – қыстың соңғы айы. Қазақтың «ақ ықпа», яғни боран деген сөзінен шыққан.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Халық күнтізбесі: Ай аттары Халық күнтізбесі: Ай аттары
Көкек. Бұл ай көкектің алғаш шақыра бастайтын айы болғандықтан, осылай аталған. Көкек айын чулымдықтар қарғи ай, барабалықтар қарға ай, саяндықтар
Айлардың да құпия сырын білейік Айлардың да құпия сырын білейік
Айдың үш жаңасында ай толығырақ болып, өңі ағарып, екі ұшы доғалдау болып, тік көтерілсе, сол айда борасын, жел, жауын - шашын аз боларын болжаған.
Тарихи түптөркін: Айтағы Тарихи түптөркін: Айтағы
Айтағы – тау, биік. 499, 9 м. Қарағанды обл., Жаңаарқа ауданында. Е. Қойшыбаев бұл атаудың шығу жайын: «Көне түр. ай этнониміне тағ («тау») терминін
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Қыркүйек – күзем айы, күздің басы. Қыркүйектің соңғы онкүндігінде күн суып, жауын басталып, күз келеді. Халық аузында күздің бірнеше атауы бар: Мырза
Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
Қазақ тіліндегі кісі аттары да зодиак таңбаларының ел өміріне сіңісіп кеткендігін көрсетеді. Айталық, Қамал, Сәуірбек, Әсет, Мизами, маусымжан т. с.
Халық күнтізбесі: Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Халық күнтізбесі: Байырғы қазақ күнтізбесіндегі
Бақылаушыға көрінетін орындарына қарай жұлдыздар 88 үйірге бөлінген. Бұл үйірлер, яғни жұлдыз топтары, шоқжұлдыздар деп аталады.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×