ойын сауық отауы
Айлардың да құпия сырын білейік
04.09.2021 1 433 0 Admin

Айлардың да құпия сырын білейік

Бұл қызықты
Рухани - танымдық сүрлеулер
Айлардың да құпия сырын білейік

Айдың үш жаңасында ай толығырақ болып, өңі ағарып, екі ұшы доғалдау болып, тік көтерілсе, сол айда борасын, жел, жауын - шашын аз боларын болжаған.
Ай шалқақ туып, екі ұшы сүйірленіп, өңі ашық болса, онда ай желді, борасынды, жауын - шашынды боларын күткен.
Ай туған кезде, бұрынғысынан үлкендеу көрініп, сәулесі қызғылт болып келсе, жауын жауардың белгісі екен.
Толған ай ашық болса, күн жылы ауа райы жақсы болады.
Айдың қызыл түспен қорланған шеңбері кеңейіп барып жоғалса, ертеңіне күн ашық болады.
Қазіргі қолданыстағы айлар жүйесін ретімен, ұзақтығын көрсете отырып, орысшасы мен бұрынғы ескіше жұлдыз, зодиак айларын көрсетіп, сәйкестігін салыстырар болсақ, мына төмендегідей болады екен:
Айлар жүйесінде жылдың басы – әрдайым күн мен түннің теңелу күні – Амалдың (Хамал) бірі, біздіңше 22 наурыздан келіп отыратынын ескеру керек.
Тоқты – орысша Овец немесе Овен, бұл ай 31 күннен тұратын наурызға, орысша – март, ескіше – Амал, кейде Хамал аталған айға тура келеді. Халықтың:
«Наурызда Самарқанның көк тасы да жібиді», - дейтін айы осы.
Біздің халқымызға ғана емес, бүкіл түркі әлемі үшін әрі шуақты, әрі мерекелі ай – Наурыз көктемнің алғашқы айы.
«Наурыз» сөзі парсының «нау» - жаңа, «руз» - күн деген екі сөзінен шыққан.
Бұл айда күн ұзара бастағандықтан, оны ата - бабамыз «күнсары» деп те атаған.
Бұл ай күн мен түннің теңелетін, жақсылықтың бастау алатын айы. Наурызды «көктем туды» деп те атай береді. Бұл жақсы күн туды, төл туды деген мағына береді.
Торпақ – орысша Телец, қазақша 30 күндік көкек, орысша – апрель, ескіше сәуір – өгізше, халықтың «Сәуір болмай тәуір болмас» дейтін, көктемнің екінші айы. Осы мезгілде көкек құсы алғаш шақыра бастағандықтан, көкек айы деп аталып кеткен. Кейіндері сәуір сөзімен алмастырылған сәуірдің арабша аты «өгіз» деген мағынаны білдіреді. «Өгіз» - күн жолындағы шоқжұлдыздың аты.
Егіздер – орысша Близнецы, қазақша 31 күндік «Мамыр – жыл құстарының балапаны» деген мамыр, орысша – май, ескіше зауза – жаңа жылдың үшінші айы. Бұл ай, көктемнің құлпырып, жайнап тұрған ең сұлу кезі. Бұл айда күн нұрын шашып, жер бусанып, өсімдік біткен көктеп, жайнап, малдар төлдеп, құстар ұя салып, балапан басады. Халқымыз барлық мал біткеннің балаларын – төл деп, құс балапандарын – мамыр деп атайды. Айдың мамыр атауы осы сөзден шыққан да болу керек.
Ескі түркі тілінде мамыр сөзі - тоқшылық, семіру деген сөздермен ұғымдас екен.
Шаян – орысша Рак, қазақша 30 күндік маусым, орысша – июнь, ескіше саратан – су шаяны – жаңа жылдың төртінші айы. Жаз мезгілінің бірінші айы. «Маусым» сөзі – үндінің «маусын» деген жұлдыздарының атауынан шыққан екен. Араб халқында да осындай сөз бар екен. Оның қазақша мағынасы – «мезгіл».
Бұл айды отамалы деп те атаған. Бұл атау жердің оты молайып, қуаты артуына байланысты шыққан.
Маусым жаздың алғашқы айы болғандықтан, кей жерлерде оны жаз шықты деп те атайтын көрінеді.
Арыстан – орысша Лев, қазақша 31 күндік шілде, орысша – июль, ескіше әсет – жылдың бесінші айы. Парсы тіліндегі «чіллә» деген сөзден шыққан. Маусым айының соңғы бес күні мен тамыз айының алғашқы бес күнін қосып, «қырық күн шілде» аталатын ай.
Бикеш – орысша Дева, қазақша 31 күндік тамыз, сарша - тамыз болып та айтылатын, орысша – август, ескіше әзра немесе сүмбіле, ьұрынғылардан қалған «Сүмбіледе су суиды», «Сүмбіле туғанда қой үркеді» деген сөздер қалған, «Сүмбіле туар жылтиып, мал семірер құнтиып» деген ешкінің жүнтиып өте жақсы семірер айы.
Тамыз сөзі ежелгі еврейдің «таммуз» сөзінен шыққан деседі. Сөйтіп біздің тілімізге күйдіру не сары деген ұғымда жетеді. Қазақтар бұл айды «саршатамыз» деп те атап кеткен. Сарша сөзі ежелгі түркіше – «сары шақ» мағынасын білдіреді.

жиған - терген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Қыркүйек – күзем айы, күздің басы. Қыркүйектің соңғы онкүндігінде күн суып, жауын басталып, күз келеді. Халық аузында күздің бірнеше атауы бар: Мырза
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Айдың соңында шаруаға жайлы жағдай туғызар бес - он күндік жауын - шашынды амал, «Бес тоғыстың бет жуары» болады. Бұл ай – ит шуақ, кемпір шуақ,
Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері Байырғы қазақ күнтізбесіндегі айлардың жүйелері
Зодиактың сызбалық суретінде жұлдыздар мен айлардың осы күнгі сәйкестігі көрсетілген. Онда Күн орталықта орналасқан, ішкі шеңбердің бойында Жердің әр
Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар Табиғат таңғажайыптарына байланысты ұлттық ұғымдар
Ел ішіндегі есепшілер күн есептеудің, оның райын болжаудың дәстүрлі амал - тәсілдерін жақсы меңгерген. Олар жаз есебін күн мен түн теңелген жаңа
Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап, ауада болатын өзгерістерді болжай аласың Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап,
Бұлттарға қарап, күн райын болжаудағы халық тәжірибесіне тоқталсақ: Күн батар кезде бұлттар қызарып көрінсе, ертеңіне аспан ашық, күн жылы боларын
Ауа райын хайуандар мен жәндіктер де болжайды Ауа райын хайуандар мен жәндіктер де болжайды
Ара ұясына кеш қайтқанмен, топталып жиналып, ұяға таласа қатты гуілдесе, жаңбырды күткені, ұяларынан ұзамастан төңіректеп ұшып жүретін болса, күн
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×