ойын сауық отауы
Тіл тарихы: Банту тілі қандай тіл?
20.02.2022 1 016 0 Admin

Тіл тарихы: Банту тілі қандай тіл?

Бұл қызықты
Тіл тарихы: Банту тілі қандай тіл?
Тілдер әртүрлі болады, бірақ олардың ортақ қасиеттері де көп. Барлық тілде сөз бар, олар дыбыстардан тұрады. Дыбыстар дауысты және дауыссыз болады. Сөздер бірігіп, сөйлем құрайды. Көптеген өзгеше қасиеттері де болады. Ағылшын тілінде сөйлейтін адамдардың көбі өзге тілді білмейді немесе француз, испан, неміс және латын тілдерін біледі. Сондықтан біздің үлкен тіл тобымызға тән қасиеттер әлемнің барлық тілінде кездеседі дегенге сену оңай. Банту тілінің кішігірім ғана үлгісі қызықты болуы мүмкін.
Сетсвана (Тсвана) тілінде Ботсвана мен Оңтүстік Африканың солтүстігінде сөйлейді. Жазу бұл жаққа Еуропадан ХІХ ғасырда келгендіктен, сетсвана тіліндегі мәтіндер Сахараның оңтүстігіндегі өзге де африкалық тілдер тәрізді латын қарпімен жазылған.
Сетсвана тілінде «адам» дегенді motho, «адамдар» дегенді batho (th ағылшынның дыбысы сияқты дыбысталады) дейді. «Қыз» деген ұғымды mosetsana, «қыздар» дегенді basetsana деген сөз береді. «Мұғалім» - moruti, «мұғалімдер» - baruti.
Бұдан mo - дан басталатынсөздер жекеше түрді, ba - дан басталатындар көпше түрді беретінін көреміз. Ағылшын және өзге де үндіеуропа тілдерімен салыстырғанда, ұқсастықтарды да, айырмашылықтарды да байқауға болады. Ұқсастық: ағылшын тілінде girl және girls деп екі түрлі етіп айтамыз. Айырмашылық: ағылшын тілінде жекеше, көпше түрді сөздің аяғында білдірсе, сетсвана тілінде сөзің басында білдіреді.
Бұл – банту тідеріне тән ерекшеліктердің бірі. Оның жалпы принципі мынада: жекеше және көпше түрлер сөз түбірінің алдына префикстер жалғау арқылы беріледі. Байқағанымыздай, көп сөзге жекеше түрде mo -, көпше түрде ba - жалғанады. Бірақ өзге де жолдары бар. Айталық:
мағынасыЖекеше түріКөпше түрі
адамmothobatho
қызmosetsanabasetsana
мұғалімmorutibaruti
затselodilo
ағашsetlhareditlhare
мектепsekoledikole
Кестеден адам баласына қатысты сөздердің жекеше түріне mo -, көпше түріне ba - жалғанатынын, ал басқа ұғымдарды білдіретін сөздердің жекеше түріне se -, көпше түрде di - жалғанатынын көреміз. Жіктеудің өзге де түрлері бар, бірақ жалпы идеяны түсіну үшін осының өзі жеткілікті.
«Мектеп» деген ұғымды беретін сөз ағылшын тілінен алынған. Оны сол сөздің жекеше түріндегі формасынан оңай тануға болады. Бірақ сетсвана тілінде қосарланған sk болмайтындықтан, бұл сөздің басына е әрпін қосқан. Сондықтан сөз se - жекеше түрдің нормадағы префикстерінің біріне айналған. Көпше түрде di - префиксі жалғанған. Сонда «мектептер» деген ұғымға dikole сөзі сәйкес келеді.
Бұл мысалдан көргеніміздей, ағылшын сөздерін банту тілдеріне бейімдеу оңай емес тәрізді. Банту сөзін ағылшын тіліне бейімдеу де қиын екен, бұған тіл атаулары туралы айтар кезде көзіміз жетті. Суахили, зулу және коса тілдерін бұған дейін атадық. Бір айта кетерлігі, бұл атаулар ол тілдердің өзінде дәл бұлай айтылмайды. Ағылшын тіліндегісінде банту тілдеріндегі сөздердің бәрінде болуға міндетті жекеше түрдің префиксі жоқ. Өз тілінде бұл тілдердің атауы кисуахили (kiswahili), исизулу (isizulu ) және исикоса (isixhosa) болады. Кейде ағылшын тілінде де осы түрде айтылады. Сетсвананың префиксі бар екені анық, бірақ ағылшын тілінде «тсвана»деп те айтылады.
Банту тілдеріндегі зат есімдер мен олардың ерекшеліктері туралы біраз айтылды. Әрине, бұл – олардың грамматикалық ерекшеліктерінің бірі ғана, бірақ өте маңызды ерекшелік. 

әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Тіл тарихы: Банту тілдері Тіл тарихы: Банту тілдері
Мал бағу мен егін егу Африкадағы Сахараның оңтүстігінде Еуропадан анағұрлым кеш жүрді. Осыдан үш мың жыл бұрынға дейін Орталық және Оңтсүтік Африка
Иероглифтер Иероглифтер
Мысыр иероглиф жазуы көбінесе сурет салу арқылы жазу деп қарастырылады. Таңбалардың көбі, расында да, бір нәрсенің мағынасын айқын береді, таңбаның
Үндіеуропа тобындағы тілдер Үндіеуропа тобындағы тілдер
Алдыңғы тақырыпта талқыланған үш тіл тобы бір - біріне жақын емес. Кей тұстары бір - біріне ұқсайтындай болып көрінгенімен, топ ішіндегі тілдердей
Герман, славян және роман тілдері Герман, славян және роман тілдері
Ағылшын тіліндегі bread деген сөзге немістің Brot сөзі сәйкес келеді, шведтің brὅd деген сөзіне итальянның pane сөзі сәйкес. Ағылшын тіліндегі son -
«Сіз қай тілде сөйлейсіз?». «Білмеймін» «Сіз қай тілде сөйлейсіз?». «Білмеймін»
Хойсан тілдерін лингвистикалық тұрғыдан зерттеу бұл топтың үш тәуелсіз тармақтан тұратынын көрсетті.
Ол кездегі тілдер қазіргі тілдерге ұқсас болды ма? Ол кездегі тілдер қазіргі тілдерге ұқсас болды ма?
Терімшілер мен аңшылар қоғамындағы тілдер туралы бірінші және ең маңызды айта кететін нәрсе – ол тілдердің де басқа тілдердей екені. ХІХ ғасыр
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×