ойын сауық отауы
Жұмбақтар. Жыл мезгілдері. Жыл айлары. Тәулік туралы жұмбақтар
11.08.2018 21 349 0 Дауыл

Жұмбақтар. Жыл мезгілдері. Жыл айлары. Тәулік туралы жұмбақтар

Мақал-мәтелдер
Жұмбақтар. Жыл мезгілдері. Жыл айлары. Тәулік туралы жұмбақтар

Жаңылмастан жетеуі, Кезек қызмет етеді. (Апта, аптаның жеті күні)

Бір ұзын ағаш, үстінде он екі ұя, әр ұяда төрт тұқым, әр тұқымда жеті балапан (Жыл, бір жыл, он екі ай,, төрт апта,, жеті күн)

Шаруасы әр салалы, он екі балалы, бәйтеректей атам бар. Әр баласының отыздан серігі, өзіне лайық көрігі бар. (Жыл, он екі ай)

Мен бір қарт он екі балам бар, әр баламда отыз қыз бар, бәрінің жасы бір, аты өзге (Жыл, он екі ай,, отыз күн)

Қойының толы жеміске, көк майсалы еңісте. Көбелек куып ойнайтын, қай мезгіл деп ойлайсың. (Жаз)

Күндіз шырақтай, тұрады түгел жадырап. Түнде, бірақ та, түндігі жабық шаңырақ (Жарық пен қараңғы)

Жыл мезгілі шуақты, жердің беті нұрланған. Сайды қуып су ақты, гүлдер өсті ырғалған (Көктем)

Бұлтты айдап желдеткен, нөсерлетіп селдеткен. Жаңбырлатып ойнайтын, қай мезгіл деп ойлайсың (Көктем)

Күн күледі, жер түледі. (Көктем)

Бұлттар төніп, жерге шөгіп, дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып, өні тайып, дала сұры қашады. Бөбектерім, айтыңдаршы, бұл қай кезде болады? (Күз)

Жиын - терін, болатын, қамбаға астық толатын. «Қызыл қырман» ойнайтын, қай мезгіл деп ойлайсың? (Күз)

Көк жиекті шай табақта алтын алма тербелер. Кейде бүркер алма жүзін ұлпа мақта пернелер (Күн)

Жаралған бұл дүниеде екі қақпақ, мезгілімен ашылып, жаңа жаппақ Болғанда бірі қара, екіншісі – күмістей жарқыраған сүттен де аппақ. (Күн мен түн)

Алдымен қара тұлпар озық келер, арғымақ мойнын созып кейін келер. Соңынан бос арғымақ басып озып, айналып бірін - бірі жүре берер (Күн мен түн)

Екі доп ауысты, бір шеңберді тауысты (Күн, ай, тәулік)

Шанамен зырғып желдетіп, шаңғы, коньки тебетін. Аққала жасап ойнайтын, қай мезгіл деп ойлайсың? (Қыс)

Жартысы жадыратып нұр себеді, қалғаны қара мақпал бүркенеді (Тәулік)
Жұмбақтар. Адам. Адамның дене мүшелері туралы жұмбақтар.
Дереккөзі: zagadki. kz

Жұмбақтар Жұмбақтар
Әй, керемет бір ит бар, Үй бағады, үрмейді. Аяғы жоқ жүрмейді, Ұрықсатсыз ол иттен Адам үйге кімейді. (Құлып)
Көктем. Қасым Аманжолов Көктем. Қасым Аманжолов
Төбеден төнген аспан, күн мен айы, «Тамаша» жанға жайлы күн райы. Ақырын жылжып қана көктем келед, Сықылды жас жігіттің сәулетайы.
Жұмбақтар. Адам. Адамның дене мүшелері туралы жұмбақтар. Жұмбақтар. Адам. Адамның дене мүшелері туралы
Жұмбақ. Таудан биік, теңізден терең. (Ақыл)
Көктем Көктем
Сансыз көкек сұңқылдап, Көктем келді ертелеп, Нәзік үнмен сыңқылдап, Бұйра бұлақ еркелеп.
Біздің көктем Біздің көктем
Көктем келді ауылға, мамырлап бұлт, Таң - тамаша дүние, дабырлап жұрт. Көктем келді. Өмірдің келешегі - Көкпен бірге дүркіреп төл өседі.
Жеті қазына Жеті қазына
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған:
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×