ойын сауық отауы
Бай сейілді
02.04.2016 3 049 0 Дауыл

Бай сейілді

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Бай сейілді,
Бір пейілді
Елде жақсы қалмады.
Елдегі еркек,
Босқа селтек
Қағып, елін қармады.

Жөнді, жөнсіз,
Сөз теңеусіз,
Бас пен аяқ бір қысап.
Ұрысса орыс,
Елге болыс,
Үйден үрген итке ұсап.

Өзі ұлыққа
Қәдірі жоққа
Қарамай, өз халқына
Сөз қайырмай,
Жөнді айырмай,
Жұртқа шабар талпына.

Танымадық,
Жарымадық
Жақсыға бір іргелі.
Қолына алып,
Пәле салып,
Аңдығаны өз елі.

Шашты барын,
Берді малын
Боларында жұртына.
Еміреніспес,
Енді піспес,
Ұқсамас еш сыртына.

Ел де жаман,
Ер де жаман -
Аңдығаны өз елі.
Елде - сыяз,
Ойда - ояз,
Оңбай - ақ тұр әр түрі.

Кетті бірлік,
Сөнді ерлік,
Енді кімге беттемек?
Елің – ала,
Отты шала,
Тайса аяғың, кім көмбек?

Өтті өмірім,
Қайтты көңілім
Бұл дүниенің ісіне.
Жасы құрбы,
Жаны тұрғы,
Дос па деген кісіге.

Ел керексіп,
Сөзге емексіп,
Не болады мақтаның?
Пейілі шикі,
Ақылы күйкі,
Осы жұрт па тапқаның?
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Дастархан басында Дастархан басында
Селдетіп өткен тасқындай Серпіліп біраз асасың, Сергітіп кеткен мас қылмай, Сейілді күндер жасасын!
Онегиннің Татьянаға жауабы Онегиннің Татьянаға жауабы
Таңғажайып бұл қалай хат, Мағынасы – алыс, өзі жас? Сөзі орамды, әр түрі жат, Және әдепті, және рас.
Осы қымыз қазаққа Осы қымыз қазаққа
Осы қымыз қазаққа Мақтаның ба, асың ба? Қымызды басар артынан Ет даяр ма қасында?
Күлембайға Күлембайға
Уағалайкүмүссәләм, Болыс, мал - жан аман ба? Мынадайға кез болдың, Аума - төкпе заманда.
Болыс болдым мінеки Болыс болдым мінеки
Болыс болдым мінеки, Бар малымды шығындап. Түйеде қом, атта жал Қалмады елге тығындап.
Ата - анаға көз қуаныш Ата - анаға көз қуаныш
Ата - анаға көз қуаныш – Алдына алған еркесі. Көкірегіне көп жұбаныш, Гүлденіп ой өлкесі.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×