ойын сауық отауы
Адамның кейбір кездері
04.07.2016 11 081 0 Дауыл

Адамның кейбір кездері

Өлеңдер
Абай Құнанбаевтың өлеңі

Адамның кейбір кездері

Адамның кейбір кездері.
Көңілде алаң басылса;
Тәңірінің берген өнері
Көк бұлттан ашылса;
Сылдырлап өңкей келісім
Тас бұлақтың суындай,
Кірлеген жүрек өзі ішін
Тұра алмас әсте жуынбай.
Тәңірінің күні жарқырап,
Ұйқыдан көңіл ашар кез.
Қуатты ойдан бас құрап,
Еркеленіп шығар сөз.
Сонда ақын белін буынып,
Алды - артына қаранар.
Дүние кірін жуынып,
Көрініп ойға сөз салар.
Қыранша қарап қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.
Кектеніп надан зұлымға,
Шиыршық атар, толғанар.
Әділет пен ақылға
Сынатып көрген - білгенін
Білдірер алыс, жақынға
Солардың сөйле дегенін.
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл,
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсеңдер өзің біл.

Өзіңізге ұнаған ақынның өлеңін сайтқа жариялауға болады. Пікір қалдыру жолына қалдырыңыз!
Абай Құнанбайұлының басқа өлеңдерін қарау

Құлақтан кіріп, бойды алар Құлақтан кіріп, бойды алар
Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй.
Қуаты оттай бұрқырап Қуаты оттай бұрқырап
Қуаты оттай бұрқырап, Уәзінге өлшеп тізілген. Жаңбырлы жайдай сырқырап, Көк бұлттан үзілген.
Көзінен басқа ойы жоқ Көзінен басқа ойы жоқ
Көзінен басқа ойы жоқ, Адамның надан әуресі. Сонда да көңілі тым - ақ тоқ, Жайқаң - қайқаң әр несі.
Алла деген сөз жеңіл Алла деген сөз жеңіл
Алла деген сөз жеңіл, Аллаға ауыз қол емес. Ынталы жүрек, шын көңіл, Өзгесі хаққа жол емес.
Абай Құнанбаевтың өлеңі. Жүрегім, нені сезесің Абай Құнанбаевтың өлеңі. Жүрегім, нені сезесің
Жүрегім, нені сезесің, Сенен басқа жан жоқ па? Дүниені, көңілім, кезесің, Тиянақ жоқ па, қой, тоқта!
Бойы бұлғаң Бойы бұлғаң
Бойы бұлғаң, Сөзі жылмаң Кімді көрсем, мен сонан Бетті бастым, Қатты састым, Тұра қаштым жалма - жан.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×