ойын сауық отауы
Есек пен бұлбұл
07.04.2016 7 933 0 Дауыл

Есек пен бұлбұл

Өлеңдер
Абай Құнанбаев

Есек пен бұлбұл
(И. А. Крыловтан)

Тойған есек шөпті оттап маңайдағы
Сонырқап шатқа кетті қай - қайдағы.
Тентіреп өлкені өрлеп келе жатып,
Жолықты бір бұлбұлға тоғайдағы.

Сенбісің ақын бұлбұл, жаңа көрдім,
Атыңа жұрт мақтаған құмар едім.
Бір сайрап берсең, қалқам, өзім естіп,
Рас па екен жұрттың сөзі, сынар едім.

Өнерге салды бұлбұл сонда аңыратып,
Шыңғыртып, шымырлатып, сорғалатып,
Мың түрлі күйге салып толқынтады,
Маңайда жан біткенді таңырқатып.

Қой жатыр, қойшы тыңдап тұрды елбіреп,
Көзіне қып - қызыл боп жас мөлдіреп.
Жел соқпай, құс шуламай, бәрі жым - жырт,
Әнге көңіл жіберіп тұрды елжіреп.

Бұлбұл болды, тосып тұр есек сөзін,
Есек жерге қаратып екі көзін:
"Іш пыспай - ақ тыңдарлық бар екенсің,
Әттегене - ай, білмепсің әтешті өзің!

Екенсің ән салуға сен - дағы епті,
Сен біраз әтеш әнін үйрен!"— депті.
Бұл сықылды сыншының сөзін естіп,
Көз көрмеске бұлбұл да ұшып кетті.

Демеймін жұрт мақтасын,
Я жақсын, я жақпасын.
Сүйтсе де мұндай сыншыдан
Құдайым бізді сақтасын.
Абай Құнанбайұлының барлық өлеңдерін қарау

Бұлбұлға - Сәбит Дөнентаев Бұлбұлға - Сәбит Дөнентаев
Не гүл жоқ, не дауысыңды тыңдаушы жоқ, Бейнеті - босқа кеткен сорлы бұлбұл!
Есек пен сандуғаш - Спандияр Көбеев Есек пен сандуғаш - Спандияр Көбеев
Отырған сандуғашқа келді есек, Аузынан сөзі шығып кесек - кесек, — Әй, бұлбұл, сені әнші деп естіп едім, Сайрашы сынайын мен өзім естіп.
Қара ағаш. Қасым Аманжолов өлеңі Қара ағаш. Қасым Аманжолов өлеңі
Қашанғы қайсар қария, Қамкөңіл жалғыз қара ағаш! Жағасында дария Қыстай тұрдың жалаңаш. Жасартып сені келді жаз, Бұтағыңда бұлбұл құс.
Ормандағы оқиға Ормандағы оқиға
Көргендер де, Көрмеген де арманда, Ертеде бір той бопты, ұлым, орманда. Қоқиқаз да, қарақұс та, қыран да, Қара аю да, күшіген де, жылан да,
Есек Есек
Қырық - елу қос бір жерден Қайтқан екен керуендер. Мал айдап барып әр елден Сауда қылып жүргендер.
Бұлбұл мен есек Бұлбұл мен есек
Бір күні бұлбұл құсты есек көрді, Қасына сөз айтпаққа жақын келді: «Сыртыңнан сайрағыш деп жұрт мақтайды, Тыңдайын, достым, біраз сайра, - деді. -
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×