ойын сауық отауы
Mалдық сана туралы мұң
09.04.2016 1 689 0 Дауыл

Mалдық сана туралы мұң

Өлеңдер
Мұхтар Шаханов

Mалдық сана туралы мұң
Біздер қашан арыламыз дүлей - шампа күдіктен?
Ең дұрысы, адамдығы еңкейгеннен қорыққан.
Көп жыл бұрын Гималайдың баурайында жүріп мен
Бір жолбарыс аулаушыға жолыққам...

Соның айтқан әңгімесі қалып қойды есімде:
Қалың орман арасында, не құзар шың төсінде,
Не асқақ тау баурайымен сапар тартсаң жолға алыс,
Қайтпек керек, қарсы алдыңнан шыға келсе жолбарыс?
Ең бастысы, сабыр сақтап, еңкейместен тік тұру,
Аңға, малға жақындамас болмысыңды ұқтыру.
Осы шартты орындасаң, одан қауіп күтпегін,
Ал, еңкейіп, төрт аяқты малға ұқсасаң - біткенің.
Сол сәтінде - ақ тарғыл мысық қан толтырып көзіне,
Серіппедей тартыла кеп атылады өзіңе.
Бұл сұраққа ғылым әлі толық жауап таппаған:
Адам кейпін сақтағанды жыртқыш неге жақтаған?
Бәлкім, тәңір пенделерін ойға тарту үшін де,
Жаратты ма жолбарысты осындай өр пішінде?
Іңкәр тірлік жолындасың.
Қимылыңа мән бер сен,
Қай кезде де еңсе бүкпеу - ердің басты құралы.

... Мен де кейде адамдығы аласарған жан көрсем,
Ыза буған жолбарыстай атылғым кеп тұрады...
Бір белгілі бизнесменнің нақсүйері, сыңары,
Талай дарын ағып өткен,
Менің жастық шағым өткен
Алматыда, алма пейіл, сауда зейін қалада,
Жалт - жұлт еткен әсем тонын сары ала,
Гималайдың ең соңғы, ең атбалды,
Мекен еткен өр құзар шың шатқалды
Барысының терісі деп мақтанды,
Жанарында бір дарақы от жанды.
Бірақ менің бұл жел сөзге тіпті сенгім келмеді,
Жолбарысын жоғалтса егер - таулардың да өлгені.

Жоқ, Гималай, қасиеттім, сен тұра бер тағыңда,
Ізгілігін күдік басып,
Тағдырынан рух қашып,
Ұқсап әрі жойқын, ессіз ағынға,
Адамдарды малдық сана жетекке алған шағында
Және олардың қалуы үшін өз міндеті сабында,
Тәңір ойын жолбарыстың көзі арқылы қабылда...

Жол туралы мақал - мәтелдер Жол туралы мақал - мәтелдер
Жол туралы мақал - мәтелдер Жолға шыққан жолдан табылар Айналыс та болса жол жақсы, Ақсақ та болса қыз жақсы.
Тау халқында бір аңыз бар мынадай... Тау халқында бір аңыз бар мынадай...
Орныменен таба білсең қолданыс, Жылуың мен мейірімің - ол да күш. Дәл осындай отырғанын ұмытпа Әр еркектің ішінде бір жолбарыс...
Орман Орман
Орман Орман міні, Мұның да үні Кейде жұмсақ, кейде шу.
Гималай жолбарыстары немесе малдық сана туралы мұң Гималай жолбарыстары немесе малдық сана туралы мұң
Біздер қашан арыламыз дүлей - шампа күдіктен? Ең дұрысы, адамдығы еңкейгеннен қорыққан. Көп жыл бұрын Гималайдың баурайында жүріп мен Бір жолбарыс
Ел тілегінің күші Ел тілегінің күші
Тағдырының той - қызығы тарқаған, Өлкедегі ең бай әрі қарт адам, Сәуле шашқан досы түгіл қасына, Шығып алып құзар таудың басына,
Ұлан Ұлан
Heгe ойлайсың, құлыншағым? He мұңың бар, айт, қарағым! Жассың, ойға әуес болма, Ой жеткізбес, ол - бір сағым!
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×