Тыныштық
Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли
Тыныштық
Тып - тыныш боп тұратындай әманда,
Тыныштықты ұқпай қалдым табанда.
Табиғатта дөңбекшу жоқ,
Діріл жоқ,
Суретке бір түсетұғын адамдай
Қайран дала көпті көрген кәртамыс
Қалғып - мүлгіп,
Қалғып - мүлгіп тұр, таныс!
Жаратылыс жаратылыс болғалы
Жер бетінде болмағандай арпалыс!
Тіршіліктің бітелген бе құлқыны?
Тым - тырыс - ау,
Тым - тырыс - ау бұл түні.
Тыныштықтың құрсағында осындай
Тентек дауыл, жатырсың ба бұлқынып?!
Тыныштық
Тып - тыныш боп тұратындай әманда,
Тыныштықты ұқпай қалдым табанда.
Табиғатта дөңбекшу жоқ,
Діріл жоқ,
Суретке бір түсетұғын адамдай
Қайран дала көпті көрген кәртамыс
Қалғып - мүлгіп,
Қалғып - мүлгіп тұр, таныс!
Жаратылыс жаратылыс болғалы
Жер бетінде болмағандай арпалыс!
Тіршіліктің бітелген бе құлқыны?
Тым - тырыс - ау,
Тым - тырыс - ау бұл түні.
Тыныштықтың құрсағында осындай
Тентек дауыл, жатырсың ба бұлқынып?!
Құдай бар ма?
1896 жыл. Швейцарияның Цюрих қаласындағы политехникалық училищеде жаратылыстану ғылымы бойынша дәріс өтіп жатқан бір профессор өзінің студенттерінен
Студент
Басталмаған қаланың дастаны әлі Бірінші жыл дала деп жас тамады. Бірінші жыл ауылы естен кетпей, Бесінші жыл қимайды астананы.
Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз
Жолға шықтым бір жым - жырт түнде жалғыз, Тастақ жол жарқырайды буға амалсыз. Елсіз жер тұрғандай боп хаққа мүлгіп, Сөйлесіп ымдасқандай көкте жұлдыз.