ойын сауық отауы
Дала дастарханы
02.03.2016 3 644 0 Дауыл

Дала дастарханы

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Дала дастарханы

Жолдастарға
Достарға
Қажеті жоқ дауыңның.
Қонаққұмар дастарқан
Картасындай ауылдың.
Енесі көз алмайды
Елпілдеген келіннен.
Майда құрттар аумайды
Мәліш қойдан бөлінген.
Сары ірімшік түйірі
Сары алтындай шайылған
Сиырлардай Бүйірі
Шыққанша бір жайылған.
Талқаным - ай!
Тарым - ай!
Тегіс қойған аямай.
Жанындағы сары май
Жазда үйген маядай.
Шұғылалы, арайлы
Шоқ қыздырып астынан
Шыны аяққа қарайды
Шөккен нардай тасқұман.
Қозы етінің жанында
Қандай ғажап сұр етің....
Дастарқанға салынған
Бүкіл ауыл суреті.

Ірімшік қосылған бәліш (пирог с творогом) Ірімшік қосылған бәліш (пирог с творогом)
Ірімшік қосылған бәліш (пирог с творогом) Ұн, шекер, сары майды жақсылап араластырамыз. Құм секілді ұнтақ болады.
Наполеон торты Наполеон торты
Екі жұмыртқаны жарып үстіне тұз, сірке қышқылы және суды құйып жақсылап араластырып тоңазытқышқа салып қоямыз.
Әже туралы ән Әже туралы ән
Асыл әжем, ғасыр әжем аңсаған, Сағынышым - сары ормандай самсаған. Әке болып жүргенімді ұмытып, Әлі күнге еркелеймін мен саған.
Көктем Көктем
Қарайып жарқабақтар күн ыстаған, Қырдан қар төмен қарай жылыстаған. Тосады жалпақ дала күнге жонын, Денесін жазайын деп құрыстаған.
Даламыз бен баламыз Даламыз бен баламыз
Сағыныш сары перідей Сезімді жаншып, Булығам: Аранға түскен бөрідей Аспанға қарап ұлыған.
Сап - сары жапырақтар Сап - сары жапырақтар
Сап - сары жапырақтар... Сал - сары жапырақтар... Саудырап құлап жатыр атырапқа. Біреудің жанарында, Біреудің табанында, Сап - сары жапырақтар
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×