ойын сауық отауы
Даламыз бен баламыз
02.03.2016 3 628 0 Дауыл

Даламыз бен баламыз

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Даламыз бен баламыз

Сағыныш сары перідей
Сезімді жаншып,
Булығам:
Аранға түскен бөрідей
Аспанға қарап ұлыған.
Көңілім менің ауылда,
Көлбеген жазық далада.
Көндігіп дүлей дауылға,
Көндікпей қойдым қалаға.
Адырда,
Белде,
Ылдида
Ат мініп түлкі қусам ба?!
Көңілім менің ылғи да
Қазоты менен жусанда.
Арманым менің ықпайды
Айтқанмен ақпан боранды.
Есімнен әлі шықпайды
Ебелек пенен тораңғы.
Аралап ойым жүреді
Ауылдың қора, албарын.
Түсіме жиі кіреді
Түлкі тымақты шалдарым.
Жапанда туған жыр қандай!
Жырсыз ғой талай өтті түн!
Қол бұлғап маған тұрғандай
Көкжиектегі көк түтін.
Бізден басқа да бар тағы
Байлаулы сонда кіндіктер.
Алыстан ыстық тартады
Ақ жаулықтар мен күндіктер.
Бәрі де, Бәрі дарынның
Тартады әсте қанына.
Өкінем
Балаларымның
Далада тумағанына...

Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың! Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың!
Әй, көңілім - патшасың - ау, патшасың, Армандайсың біреудің бау - бақшасын. Тілегіңді орындаймын деп күнім, Көбеюде ақ шашым.
Менің арманым Менің арманым
Асық атып, Доп қуған Қалды менен ойындар. Нағыз батыр боп туған Ер атанбақ ойым бар.
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да Жарқ етпес қара көңілім не қылса да
Жарқ етпес қара көңілім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса да, Дүниеде сірә сендей маған жар жоқ, Саған жар менен артық табылса да.
Қапырық бәрі Қапырық бәрі
Қапырық бәрі; Көңілім де менің қапырық, Емендер анау, Жапырақтары шашылып, Қайындар әне Бөксесін жерге батырып,
Түсіме тау кіреді... Түсіме тау кіреді...
Ұйықтасам түсіме ылғи тау кіреді, Тау жайлап, тау қыстаған. шал жүреді. Басында ақ қалпағы, жүннен шекпен, Астында балпаң басқан Сал - күреңі.
Сен бе едің? Сен бе едің?
Көтерілмей жүргенде еңсем менің, Армандадым, біреуді көрсем дедім. Біреу маған алыстан қолын созған, Қолын созған қамқоршым, сол сен бе ёдің?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×