ойын сауық отауы
Көне көрініс
02.03.2016 2 646 0 Дауыл

Көне көрініс

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Көне көрініс
Сол баяғы ғұмырды
Салады еске аулалар.
Босатқанда шығырды
Салдырлайды қауғалар.
Екі темір тіреуге
Есулі сым керілген.
Кілем жайып біреулер,
Кейбіреулер кір ілген.
Тас дуалға тіреліп,
Тағы бір шаң шұбады.
Біреу күліп кіреді,
Біреу күліп шығады.
Үй күзеткен төбеттер
Ерінеді үруге.
Ол үйлерге
Бобектер
Қорықпайды кіруге.
Торы бие құлынын
Тісіменен қасып тұр.
Оғаш емес қылығың,
Қонақ болсаң, басып кір
Бағы жанған
Арқаның
Баяғы алыс - берісі...
Жаңа сойған марқаның
Жаюлы түр терісі.
Ертелі - кеш сабылып,
Басылмайды ел аяғы.
Баяғы сол ауылың,
Ниет те сол баяғы...

Жаңа жылға арналған тілек Жаңа жылға арналған тілек
«Денсаулық, сен біреу емессің бе? Мыналар кім?»- деп таң қалыпты жақсы адам. Сонда: «Денсаулық болған соң, біз де боламыз ғой міндетті түрде» деп,
Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді. Қадыр Мырза Әли Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді. Қадыр
Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді. Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.
Біреулер масаттанып табысына Біреулер масаттанып табысына
Біреулер масаттанып табысына, жүгірер бас пайдаға жан ұшыра. Біреулер билік тисе маңғазданып, ұмытар қайда екенін абзал халық.
Туған ауыл Туған ауыл
Мен туған ауыл – Ай мекен, Еске алмай жүрер күнім кем. Баяғы достар қайда екен, Бірге ойнап, бірге жүгірген?
Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма? Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма?
Сұм дүние тонап жатыр, ісің бар ма? Баяғы күш, баяғы түсің бар ма? Алды үміт, арты өкініш алдамшы өмір, Желігін жерге тықпас кісің бар ма?!
Саяхат Саяхат
Сал - сал да күндер, сал күндер, Балалық атты бал күндер, Барайын баяғы ауылға, Жоқ кімдер, я бар кімдер.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×