ойын сауық отауы
Ерлі - зайыпты қазақтар
02.03.2016 4 103 0 Дауыл

Ерлі - зайыпты қазақтар

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Ерлі - зайыпты қазақтар
Біздің халық, біле - білсең, бір ғажап!
Сүйе тұра,
Бірін - бірі жүр қажап.
Қанша жақсы көрсе - дағы әйелін
Білдірмеуге тырысады бұл қазақ.
Ақ матаға қай бояу да жұғады,
Жұққаны үшін кінәлі боп шығады.
Кейде қазақ әйеліне "Әй!" дейді,
Әйелі оны "Ай!" деді деп ұғады.
Ел жыртығын ақылмен ер жамаған.
Ал долы әйел қай кезде де қабаған.
Соның өзін
"Ойбайлатып"
Бабамыз
Үстеріне тон кигізіп "сабаған".
Қайткенде де
"Әй!" дегеннен үрікпе.
Жар қолында қай кезде де шүріппе.
Күйеуіне істетеді дегенін,
"Зардап шегіп",
"Таяғын жеп" жүріп те!

Ажырасу – бүгінде қоғам дерті. Ажырасу – бүгінде қоғам дерті.
Ажырасу – бүгінде қоғамның басты дерті. Басқа - басқа, қазақ үшін аса қауіпті дертке айналып отырғаны жасырын емес.
Өнегелі отбасы қандай болу керек? Өнегелі отбасы қандай болу керек?
Бақытты отбасы бір - бірімен көп сөйлеседі.
Бақытты отбасын құрудың құпиясы Бақытты отбасын құрудың құпиясы
Ерлі-зайыптылар бірін-бірі шын сүйеді екен, алайда екеуі құдайдың құтты күні ұрсады екен, Ал олармен көрші үйде тамаша жарасымды ғашық жұптар өмір
Домбыра Домбыра
Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл - пәл кем бұра. Нағыз қазақ – қазақ емес, Нағыз қазақ – Домбыра!
Жер Жер
Бұл қара жер болған бізге кең мекен, Кең мекенге қанша қауіп төнді екен! Білсең оны, Төбе шашың тік тұрар, Бишараның көрмегені кем де кем!
Халық Халық
Әлқиссаның әжесі - "Әліппеден" Ә дегеннен ғибрат алып келем. Ұлттар үшін Жүз томдық жыр сездігі Ұлы сөзден басталар ХАЛЫҚ деген.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×