ойын сауық отауы
Ажырасу – бүгінде қоғам дерті.
19.07.2019 1 938 0 Дауыл

Ажырасу – бүгінде қоғам дерті.

Жалпы кеңес
Ажырасу – бүгінде қоғам дерті.
Ажырасу – бүгінде қоғамның басты дерті. Басқа - басқа, қазақ үшін аса қауіпті дертке айналып отырғаны жасырын емес. Бұрындары жас отбасының шаңырағы шайқалмауын бүткіл әулет болып уайымдап, керегесі кеңіп, босағасы бекігенге дейін қарауында ұстаса, бүгінде ол жағы кем тартып барады. Өзімбілермендікке салынған жастардың талайы жыл озбай - ақ ажырасуға арыз беріп үлгереді. Ешкімге ақыл айтпаймыз, тек қана көтерілген шаңырақтар шайқалса да, бақаны құламаса, туырлығы желге ұшпаса дейміз. Көпке ой салса деген ниетпен осынау қателіктің орнын толтыруға арналған азды - көпті кеңесімізді ұсынуды жөн көрдік...

Ажыраспас бұрын білгеніңіз жөн...
«Ажырасқан» деген жақсы ат әпермейді.
Бір отбасын сақтай алмағандарға екінші рет сенім артатындар аз болады.
Төсек үшін ажырасып кету – ақымақтық, білмесе, үйретуге де, үйренуге де болады.
Табыс тапқаның ешкімге міндет емес, әсіресе, отбасыңа...
Ерлі - зайыптылар арасына түсетін «есі кеткендерден» барынша сақтануы керек. Сөз тас пен басты жарғаны былай тұрсын, ең берік деген шаңырақты ортасына түсіреді.
Бір - бірінің қолынан жиі ұстайтын, жиі құшақ айқастыратындар тез татуласады.
Махаббат сөнбейді, жәй ғана оның отын үрлеп отыруды ерлі - зайыптылар естен шығарып алады.
Бір - бірін тыңдай білмейтін ерлі - зайыптылардың ажырасып кету мүмкіндігі жоғары.
Ерлі - зайыпты болу – екеудің бір - бірінен тек талап етіп өмір сүруі емес. Некелі жұптар ажыраспас бұрын өмірге келген перзентінің көзіне шынайы қарауы тиіс.
Дереккөзі: ERNUR. KZ

Волгалы ауыл Волгалы ауыл
Баршылықтың арқасы ғой тегінде, Бір - бір «Волга» әрбір үйдің түбінде. Атқа деген құмарлығы халқымның Машинаға көшсе керек бүгінде.
Ұрыс-керіс кезінде өзіңді ұстай біл! Ұрыс-керіс кезінде өзіңді ұстай біл!
Ерлі-зайыптылар арасында кикілжіңдер туындап тұратыны заңды құбылыс. Кейде сөзге келіп қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда 5 маңызды ережені естен
Жетім қыздың жасауындай екен демес үшін Жетім қыздың жасауындай екен демес үшін
«Қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз күйеу болмайды» деген. Бөріктілер «қыздың артынан 9 көрпесі болса болды емес пе?» деп ойлауы мүмкін.
Өнер дерті Өнер дерті
"Не жетпейді саған?" - деп, "Неге көңілің алаң?" - деп, таңданады басқалар. "Атағың бар, ақша бар,
Қаладағы қартайған ат Қаладағы қартайған ат
Баяғыдан, әрине, бағасы кем, Байланысы жоқ енді даласымен Бір кездегі белгілі ат Бара жатыр Тық - тық шертіп асфальтты тағасымен.
Дүріл мен діріл Дүріл мен діріл
Көктің де өзіне Пайданың көзімен Қараймыз бүгінде. Гүл деген құнсыз бақ,
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×