ойын сауық отауы
Қыр қазағы
02.03.2016 3 251 0 Дауыл

Қыр қазағы

Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли

Қыр қазағы
Шопан, Диқан -
Еңбектің озаттары -
Жасандылық дегеннен азат бәрі.
Басылады көргенде көзіме оттай
Бауырмалшыл ауылдың қазақтары.
Заманы емес айылдың,
Құйысқанның,
Самолетпен
Алдында күміс таңның
Келеді олар құдалық жолыменен,
Қазасына немесе туысқанның.
Сол қазаға қайысып қабырғасы
Отырады сыр тартып,
Тамыр басып.
Анда - санда бір көріп астананы,
Автобустың ішінде дабырласып.
Құрметтесең әнменен,
Күйіңменен,
Шаруасы жоқ олардың бұйымменен.
Үшеуі әрең сыяды бір таксиге
Қорбаңдаған қап - қалың киімменен.
Өлең айтып,
Күй шерткен тамашада
Таң қалады қонаққа бала - шаға.
Олар болса
Қаланың қазақшасын
Отырады күлкі ғып оңашада.
Олар үшін мекен жоқ гүлді қырдай.
Өтеді олар қалаға құлдық ұрмай.
Оғаштау боп кей сәтте көрінеді
Өзге бір галактика түрғынындай.
Сезінгендей даласыз қор боларын,
Сағынады ауылын,
Ордаларын.
Оралады содан соң тым асығыс,
Базарлыққа толтырып дорбаларын.
Сол даламыз мені де құндақтаған.
Туған жерсіз таң атып,
Күн батпаған.
Көкжиекті ысырған көздерімен
Қырдың қыран қазағы қымбат маған.

Жиырма жылдық кездесу Жиырма жылдық кездесу
Жиырма жыл, жиырма жазың, жиырма көктем, Жиырма жыл осы шақты жырлап өткем. Жиырма жыл, жатыр сонда бар тағдырым, Қас-қағым болғандай-ақ зырлап өткен.
Жүрсем деймін көңіл шат, гүлді алаңдай Жүрсем деймін көңіл шат, гүлді алаңдай
Жүрсем деймін көңіл шат, гүлді алаңдай, жанарыма, жаныма мұң қамалмай. Жақтырмайды біреулер, менің үнім желкесін тырнағандай.
Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені
Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені, елемей еш пендені, көлгірсіген шуылдақ жұрттың бәрін қойдай көріп жайылған тепсеңдегі.
Даламыз бен баламыз Даламыз бен баламыз
Сағыныш сары перідей Сезімді жаншып, Булығам: Аранға түскен бөрідей Аспанға қарап ұлыған.
Рух пен тіл Рух пен тіл
Табиғаттың өзгермейтін заңына бұр бетіңді, Қай кезде де туған тілің туған анаң секілді. Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде, Олар елін, тілін
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап? Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап?
Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап? Жұрт жүр ғой күйкентай мен қарға сақтап, Қыран шықса қияға, жібереді Олар да екі құсын екі жақтап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×