ойын сауық отауы
Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек
05.03.2016 2 667 0 Дауыл

Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек

Өлеңдер
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі

Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек

Бұл ән
бұрынғы әннен өзгерек,
Бұған
ұйқасты өлең, сөз керек
Өзіне орайлы.
Денең
жан нұрлы болса, жөнделмек,
Өлең
әнге өлшеп айтса, өңделмек,
Ұйқасса қолайлы.

Ән – өлшеуіш,
өлең – күміс,
Қоспаңыз мыс аралас.
Артық алу,
не кем салу,
Қапы қалу жарамас.

Ауыр
осы әнге тауып сөз салмақ
Тәуір,
татымды ұйқас жиналмақ
Тереңнен толғанып.
Сырын
бұл әннің айтып қарайын
Түрін
сипаттап, тізіп санайын,
Өлең тап ойланып.

Буыны сегіз,
алтауы егіз,
Үшем деңіз екеуі.
Кім дәл басты,
кілтін ашты,
Жақсы ұйқасты нешеуі?

Қайран
қайғысыз, қамсыз күндерім,
Сайран
сауықты рахат түндерім,
Сендерден не пайда?
Асқан
алпыстан мынау жасымыз:
Қашқан
шалдықтан ғарып басымыз,
Қаласың қай сайда?!

Ноқталы бас,
ағызып жас,
Қызусыз мас, желіксіз,
Хаққа көніп,
жалын сеніп,
Көрге төніп еріксіз.

Жастық
жалынсам және келер ме,
Мастық
денеме қызу берер ме?
Суынған тұла бой.
Маған
қарама, көңілім, мұңайып,
Саған
жеткізбес, кеткен ол ғайып,
Жас өмір – өткен той.

Бұл алпысты,
түскен тісті,
Тозған түсті жасымда
Сөгуші едім,
опық жедім,
Бәрі менің басымда.

Тағдыр
адамды айдап туғызбақ,
Әрбір
сүйгенін нәпсі қуғызбақ -
Өмірдің жолы бұл.
Жақсы
нәпсісін өзі билемек,
Тапшы
наданды нәпсі сүйремек,
Мақтанға болып құл.

Ата - анасы,
айналасы,
Замандасы қылған іс
Тәлім берер,
соған ерер,
Тағы келер бір туыс.

Балалық шақ туралы. Қасым Аманжоловтың өлеңі Балалық шақ туралы. Қасым Аманжоловтың өлеңі
Түседі еске жалаңаяқ күндерім, Ақсүйекті ала қашқан түндерім, Сол қашқаннан мол қашыпты балалық, Қайда екенін көптен бері - ақ білмедім.
Бейісте бар сұлу жар Бейісте бар сұлу жар
«Бейiсте бар сұлу жар, Мінсiз таза хор қыздар, Рахат берер бал кәусар»,– Дейдi бiздiң молдалар.
«Таң» журналына жаңа әнмен байғазы «Таң» журналына жаңа әнмен байғазы
Жаңа ойдан шығарған бір бөлек бұл ән, Жақсы үнді, ұғымды жас керек бұған. Толға, шырқа байқап жас жүрек. Әншілерден сол тілек.
Қыз сөзі Қыз сөзі
Қиыстырып мақтайсыз, Ойласаң не таппайсыз? Бізде ерік жоқ, өзің біл, Әлде неге бастайсыз.
Өлең керек Өлең керек
Сая болып жаныңа емен, терек, Жетер енді жатқаның көлеңкелеп. Өгейсінбей өзі боп қалу үшін, Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол, Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол,
Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол, Қаза көрген жүрегі жаралы – ол, Көзінің жасын тыймай жылап жүріп, Зарланып неге әнге салады ол?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×