ойын сауық отауы
Бақанас, Байқошқардың көп сабазы
04.03.2016 1 954 0 Дауыл

Бақанас, Байқошқардың көп сабазы

Өлеңдер
Шәкәрім Құдайбердіұлы өлеңі

Бақанас, Байқошқардың көп сабазы

Бақанас, Байқошқардың көп сабазы
Жиып ап қыран бүркіт, жүйрік тазы,
Еңбекші ұйым болмай, аңшы болып,
Ойда жоқ бидай менен шөптің азы.

Аңшылық – біраз күндік көңіл назы,
Мұныңа болар ма екен ақыл разы.
Көп ел жүр малын қойып, жанын тілеп,
Махшарда құрылғандай тас таразы.

Сендерге батпайды оның қайғы - назы,
Боп жүрсің, айдын көлдің қоңыр қазы.
Таусылып аздан кейін азықтары,
«Шығар,– деп зарлап жүрме,– қашан жазы?»

Аңшылық әуелінде қандай тәтті,
Еркіндік, кім жек көрер салтанатты.
Бұл күнде қоңлы тұғыр табылса да,
Аздан соң желдіктерсің жауыр атты.

Айтпаймын сөгейін деп азаматты,
Дей көрме: «мұны осы шал неге шатты».
Салынбай біржолата аң қуғанға,
Еңбек пен ескере жүр қанағатты.

Толғанып ақын айтар әрбір затты,
Сөзімнің іші жұмсақ, сырты қатты.
«Алпыс жыл аңшы болып алжыған шал,–
Дейсіңдер,– бізге айтады насихатты».

Ойласаң, біздің заман мұнан жат - ты,
Ол дәурен ойран болып, құмдай батты.
Жұмысы бұл уақыттың – адал еңбек,
Заманың көтермейді бұл саясатты.

Маймылдар Маймылдар
Маймыл деген көп болады ыстық жерде, Бөтен аңдай жауыз емес зиянгер де, Әдеті біреу істеген істі істемек, Әлінен әлек болып келмесе де.
Аңшылық, саятшылық туралы мақал-мәтелдер Аңшылық, саятшылық туралы мақал-мәтелдер
Қаршыға қанжыға қызартады, Ителгі етек былғайды.
Бір ханның кеудесіне жара шыққан Бір ханның кеудесіне жара шыққан
Бір ханның кеудесіне жара шыққан Оған ем табылмапты тамам жұрттан. Айтқаны қате кетпес бір балгерді Әкепті естіген соң даңқын сырттан.
«Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз жазушыларға «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналына сөз
Дұғай да дұғай сәлем айт, «Айқап» пенен «Қазаққа». Кекеу, сөгіс сөзден қайт, Кез боларсыз мазаққа.
Қансонарда бүркітші шығады аңға Қансонарда бүркітші шығады аңға
Қансонарда бүркітші шығады аңға, Тастан түлкі табылар аңдығанға. Жақсы ат пен тату жолдас – бір ғанибат Ыңғайлы ықшам киім аңшы адамға.
Жеті қазына Жеті қазына
Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған:
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×