ойын сауық отауы
Маймылдар
06.03.2019 1 305 0 Дауыл

Маймылдар

Өлеңдер
МАЙМЫЛДАР - Спандияр Көбеев
Маймыл деген көп болады ыстық жерде,
Бөтен аңдай жауыз емес зиянгер де,
Әдеті біреу істеген істі істемек,
Әлінен әлек болып келмесе де.
Аңшылар осы ісінен көрер пайда,
Адам біліп болмаған бар ма айла?
Қай жерде маймыл көрсе көп отырған,
Көзінше ауын жайып етеді айла.
Кеңес бар жазылатын түрлі-түрлі,
Ішінде қалың ағаш аңшы жүрді.
Бір жерде көп маймылды көрді дағы,
Асықпай келістіріп ауын құрды.
Ауына түсіп өзі оралады,
Оранып қасақана шырмалады,
Маймылдар осы ісін көріп тұрып,
Сыбырлап бір-біріне таң қалады.
— Айлакер, әйдік екен анау кісі,
Ұнап тұр көңілімізге әрбір ісі,
Кей кезде домаланып қалады өзі,
Көрінбей аяқ-қолы әм денесі.
Біз дағы одан кем қып істемес ек,
Егерде ауын тастап, өзі кетсе.
Маймылдар асығып тұр кетсе екен деп,
Аңшы да ауға оралып жатыр терлеп.
Әртүрлі ісін істеп болғаннан соң,
Тұрды да жүре берді ауын жөндеп.
Барды да бір тасаға аңшы тұрды,
Қарашы тілеп алған мына сорды,
Маймылдар аңшы алыс кеткеннен соң,
Күлісіп, шуылдасып ауға кірді.
Шырмалып жатыр бәрі оралысып,
Кісідей боламын деп торға түсіп,
Соны бір әжептәуір күлкі деп жүр,
Білмейді іс ақырын надан күшік.
Көп ойнап азаптанды қызық көріп,
Білмейді алданғанын жатыр күліп,
Әбден оралып шыға алмастай болған кезде,
Қапқа сап, аңшы кетті жиып-теріп.
Білсең істе, біреудің істегенін,
Білмесең әуре болма күштегенмен.
Тыныш жүрген абзал күлкі болмай,
Кітап та қылмыстыны хош көрмеген.

Мектепке шақыру - Спандияр Көбеев Мектепке шақыру - Спандияр Көбеев
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте, Мәз болмай деген сөзге «мырза, ерке». Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты Зат емес надан кісі алар текке.
Үш қатынды бір кісі - Спандияр Көбеев Үш қатынды бір кісі - Спандияр Көбеев
Бір кісі бұрынырақ еткен кезде, Бізде емес, уәлаяты бөтен жерде. Үстіне бір қатынның екіншіні ап, Жүріпті білдірместен бір - біріне.
Арыстан менен кісі - Спандияр Көбеев Арыстан менен кісі - Спандияр Көбеев
Мықты болсаң күшіңе серік болсын ақыл, Бес күндік дүниеге еріп болма ғафыл, Кейінгі балалардың пайдасы үшін, Көрсетіп тәржімамен айттым нақыл, Құр
Қасқыр менен мысық - Спандияр Көбеев Қасқыр менен мысық - Спандияр Көбеев
Аңшылар аңға шықты мылтық алып, Иттерін жүйрік - жүйрік ертіп алып, Ішінде қалың тоғай ұйықтап жатқан, Бір қасқыр қаша берді тұра салып.
Үш жігіт пен бір шал - Спандияр Көбеев Үш жігіт пен бір шал - Спандияр Көбеев
Жазамын тәржімәні ермек қылып, Жұмыс жоқ еріккен соң жәй отырып, Орнатып алма ағашын жатқан шалға, Үш жігіт келді дағы тұрды күліп.
Кісі мен арыстан Кісі мен арыстан
Бір аңшы ұстайды екен аңды қырып, Ішіне қалың ағаш торын құрып. Бір күні Арыстанға кез болыпты, Сыртынан құрған торын бағып тұрып.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×