ойын сауық отауы
Жезқазған
03.06.2016 1 777 0 Дауыл

Жезқазған

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Жезқазған
Жезқазған — жыр қайнарым,
мыс балқып қойнауында тулайды ағын.
Көзіндей батыр мінез бабалардың
ұлы — мәрт, қызы — көркем нұрлы аймағым!

Тағып ап ұлы дала сыр - алқаны,
әр таста өткенімнің тұрар табы.
"Ұрпағым, тарихыңды ұмытпа!" — деп.
"Жошыхан", "Алашахан" мұнартады.

Қыздары наз үйірген гүл ерінге,
даналық ұясы бар жүрегінде.
Ән қалқып, жезді өңірден күй төгілсе,
жаныңды толтырады жігер - үнге.

Көрінсе "Қызыл арай", "Түйе мойнақ",
оятар намысыңды жігер ойнап.
Жазира кеңдігімен, елдігімен
жаныңды тебірентеді киелі аймақ.

Дүниені жайласа да дауылды ағын,
ерлерше сақтап қалған мәнін, жанын.
Жігерін жұқартпаған жезді өлкеде
жер қазып, мыс балқытқан бауырларым.

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау

Әйелге деген махаббат Әйелге деген махаббат
Түндерде жалын боп өткен біреуді жаным деп өпкен сенің гүл еріндеріңнен әйтеуір жерінбедім мен.
Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай... Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай...
Жаным - дала, көгінен бұлт арылмай, Батпан зілдер бассада жүр тарылмай. Шідірлеулі көңілді зулат, жырым, Баяғының құс қанат тұлпарындай.
Жаз Жаз
Таң бұзып тынышымды жіберді деп, жазғы түн кетерінде түнерді кеп. Жер - ару серпігенде түн көрпесін, маужырап қарап тұрды Күн елжіреп.
Туған ауыл Туған ауыл
Мен туған ауыл – Ай мекен, Еске алмай жүрер күнім кем. Баяғы достар қайда екен, Бірге ойнап, бірге жүгірген?
Ән құдіреті Ән құдіреті
Жаның бір күміс үнге тамсанғанда, балбырап бөленесің қанша арманға! Бар дүние бұлбұл болып сайрайтындай Нұрғали ән салғанда!
Ұнатып ем... Ұнатып ем...
Жасымнан ұнатып ем бір жігітті, сүюдің қиындығын кім біліпті. Көз қырын тастамай ол өте берді, жүрекке арқалатып нұрлы үмітті.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×