ойын сауық отауы
Менің көгершіндерім
27.08.2016 57 295 0 Дауыл

Менің көгершіндерім

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңдері
Менің көгершіндерім

Әріптер
А
Толқыны өбіп жағаны,
Өзен баяу ағады.
Айдынында қалықтап
Аққу жүзіп барады.
Білесің бе араны?
Жолай көрме жанына –
жақындасаң шағады!
Ә
Әтеш әнге басады,
Таңғы ұйқыңды ашады.
Жетіп келсең жанына,
Тырағайлап қашады.
Б
Жағалаудың көгі еді –
Мама қаздың жегені.
Балпаң - балпаң соңынан
Балапаны ереді.
Г
Күн шуағын төккенде,
Жаңбыр сеуіп өткенде,
Қызыл - жасыл далада
Гүл тереміз көктемде.
Ғ
Ғарыш деген – көк аспан,
Ай, жұлдызы жарасқан.
Мен ғарышкер боламын –
Айға барып қонамын!
Д
Дуадақ құс далада,
Жоламайды қалаға.
Дельфин жүзер теңізде,
Ол теңізбен егіз бе?!
Е
Нәр алатын жауыннан,
Қорықпайтын дауылдан
Емен деген ағаш бар
жапырағы жайылған.
Ё
Шам сөнді де қалды –
Үйді түнек жапты.
Монтёр келіп, шамды
Жарқ еткізіп жақты.
Ж
Жалп - жалп ұшып ол кейде
Түнде адамды жасқайды.
Күндіз түк те көрмей ме –
Қалғып көзін ашпайды. (Жарқанат)
3
Зебр деген жануар
Жылқыға ұқсас күші оның.
Сала құлаш жалы бар,
Жолақ - жолақ түсі оның.
И
Самолетке ұқсаған
Инелікті ұстағам.
Қойсаң болды қамалап,
Ит үреді абалап.
Й
Ай қалықтап барады,
көкте жүзген ол кеме.
Ай қызығып барады
бидай өскен өлкеме.
К
Күн – әлемнің шырағы,
төгіледі шуағы.
Көбелектер қуанып,
бірін - бірі қуады.
Қ
Көкала көйлек киеді,
Күннің көзін сүйеді.
Қарбыз жеген баланың
Шөлі әбден қанады.
Л
Ешкі төлі – бұл лақ,
шапқылайды зымырап.
Анасынан адасса,
«айқайлайды» тұрып ап.
М
Марал қандай әдемі!
Тау - орманның сәні еді.
Мүйізінің шырыны –
таптырмайтын дәрі - емі.
Н
Нан қиқымын шашпаңдар,
жерде жатса баспаңдар!
Түйенің сұлуы – нар,
жалғыз өркеші бар,
көздері жаудыраған
бота деген еркесі бар.
Ң
Аю, қасқыр – аң бұлар,
қоян, түлкі – тағы бар.
Жемтік іздеп жапаннан
күндіз - түні қаңғырар.
О
Қамқор болып орманға
ағаштарын қорғаңдар.
Жақсы азамат болмайды
Көк орманды орғандар.
Ө
Өрмекшінің өрмегін
Бар ма сенің көргенің?
П
Тұмсығы оның күшті,
аяқтары сұсты,
таси алады жүкті –
піл дегенің мықты!
Р
«Кел!» - деп аспан тұр ымдап,
жұлдыздары жымыңдап.
Байқоңырдан ұшады
Ракета зуылдап.
С
Ала қанат сауысқан,
жемді көрсе, жабысқан,
Жақындатпай жанына,
Сезіп қояды алыстан.
Т
Тасбақаға отырып,
кездік орман, даланы.
Бізді көріп, секіріп
Тиін қашып барады.
У
Уық - тіреу бұл жерде
сүйенетін шаңырақ.
Киіз үйге кіргенде,
Қаласың бір жадырап.
Ұ
Ұясы – үй ғой шынында,
ұзақ үйін қорғайды.
Балапанға ұрынба –
Ұя бұзған оңбайды.
Ү
Үкі деген әдемі,
үлпілдеген желегі.
Қыздар әсем болсын деп,
Үкі тағып береді.
Ф
Қаланың ақ бұлағы
Фонтан боп атқылады.
Маңында асыр салып,
балалар шапқылады.
Х
Хат жазамын ағама –
оқуда ғой қалада.
Хат келгенде ағамнан
оқып берем анама.
Һ
Айдаһар қандай -
қарашы?!
Ол ма, - таудай,
жыланның ағасы.
Ц
Циркте адамдар
аңдармен бір жүреді.
Клоун ағам бап -
күлдіреді.
Ч
Біздер мақтан етеміз
Боксшы ағам Оралды,
Қарсыладық кеше біз –
Чемпион боп оралды!
Ш
Шортан деген қомағай
Жақсы көреді тамақты:
Қылғытады – обал - ай! -
кіп - кішкене шабақты.
Щ
Бұлақ суы тұщы,
теңіз суы ащы.
Ь – жіңішкелік белгісі
Ъ – айыру белгісі
Ы
Күнде ерте тұрамын,
әзірлеймін сабақты.
Ыдысты да жуамын,
пісіремін тамақты.
І
Жалаңаяқ бірде мен
жүріп едім құмменен,
ізім қалды соңымда.
Қызық екен бұл деген...
Э
Сым арқылы келеді,
үйге жылу береді,
Электрдің қуаты
Күндей жарық төгеді.
Ю
Жүреді өзі жәйлап,
екі көзі жайнап,
тәтті балға тоймайды
Аю деген маймақ.
Я
Қоян қашып барады,
жүйріктігі желге тең.
Қарттар қорқақ баланы
«қоянжүрек» дейді екен

Фариза Оңғарсынованың басқа өлеңдерін қарау

Тиымдар мен ырымдар: Жақты таянба Тиымдар мен ырымдар: Жақты таянба
Әбілет пен Тәбілет жағын таянса, жер беті алай - дүлей болып, астан - кестеңі шығып жамандық атаулы жанына жиналады екен. Осыдан бастап ел ішінде
Таңғы шапақ Таңғы шапақ
Кірбең тартып қабағы, Жарты көңіл ару кетіп барады. Түніменен көз шырымын алмаған, Солғындаған ажары.
Қыс Қыс
Жалп - жалп, жалп-жалп жауды қар. Тон киіндік, тоңды мал. Бұрқ - бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар, Боран жоқта тұман бар.
Келеді еріншек түн Келеді еріншек түн
Келеді еріншек түн. Жасыл құрақ. Үн де жоқ жағада түк. Көл мөлдіреп көзіндей келіншектің, жанарына аспанды паналатып,
Өткінші жаңбыр Өткінші жаңбыр
Өткінші жаңбыр өрекпіл барып өткенде, Үздік те создық тырнаның үні жеткенде, Киіз үйлерге қараймын - дағы бөктерде, Ырза боламын осы бір ырғын
Ұқсастық Ұқсастық
Босанған Ана. Көктемде дала бусанып, Біріне - бірі болар ма ұқсас мұншалық. Толғатып дала, Есен - сау Ана ұл тауып, Бара жатады көктемнің көкшіл
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×