Таңғы шапақ
Өлеңдер
Таңғы шапақ
Әсемхан Мұқаметхан қызы
Кірбең тартып қабағы,
Жарты көңіл ару кетіп барады.
Түніменен көз шырымын алмаған,
Солғындаған ажары.
Көңілінде көп жұмбақтар шешілмей,
Сағым болып ұстатпайды ағады.
Қара барқыт мақпал түндер,
Тым ауыр ғой зілмәуірт.
Қилы өмір, бұраң тағдыр,
Көңілінде тұр қауіп.
Ару жанын азаптаған,
Мазалаған көп ойлар,
Осы түнмен ұштасады қым - қуыт...
Пасық жандар,
Жалмауыздай жалақтайды төнеді.
Адастырып бағытынан,
Тұн - түнекке көмеді.
Көр кеуделер - тым қапырық,
У жайлаған қара үңгір,
Ару жанын тұншықтырып,
Микроп боп өбеді.
Пасықтардан ару жүрек,
Үрейленді, шошынды!
Адамдықтың, адалдықтың,
Жолы қалай тосылды?!
Періштедей қасиетті,
Ақ арманы көктемей,
Өшіп-сөніп,
Мұздай суық көз жасымен қосылды.
Бағдарсыз қап меңіреу түнде,
Ақ таңға ару асықты.
Қырсық тағдыр, жол бұралаң,
Бұған қалай жазықты?!
Ізгіліктен, ұлағаттан,
Кенде қалған надан көп,
Күншілдікпен ару жанын,
Түңілдіріп жасытты.
Осылайша түнек түндер әйтеу өтті,
Қара перде сөгілді.
Ақ пен қара тайталасы,
Таң шуағы төгілді.
Қаяулы ару,
Ақ жастыққа басын қойған талықсып,
Сергек тұрып,
Таңғы сәуле - алау нұрға шомылды.
Шығыс жақтан арайланған,
Қызыл күннің шапағы,
Дімкәстанған ару жанын,
Жылытады жазады.
Иығына салған тарап,
Сүмбіл шашы төгіліп,
Кіршіксіз жүз бал - бұл жанып,
Қара көз ұшқын атады.
Таңғы шапақ от кірпікке,
Ұрылғанда жалт етіп.
Түнек - тұман,
Қайғы - жылан,
Жығылды кеп жалп етіп.
Пәк жанына өбіскенде,
Қызыл алау таң нұры.
Қырсық пен сор жылап жатыр,
Тұра алмайды хал кетіп!
Нұр жауып тұр қылау - қылау,
Сағым болып шашылып.
Күншіл, пасық, көркеуделер,
Аспақта тұр асылып.
Ару жүрек шаттананады,
Шарықтады айғайлап:
– Құтылдым деп түнек түннен -,
Көңілден Гүл ашылып!
2009 - жылы 5 - қыркүйек.
Әсемхан Мұқаметхан қызы
1970 - жылы сәуірде гансу өлкесі Ақсай ауданы шүлен тау баурайындағы суы кәусәр құрымбұлақ деген мөлдір бастауда, аппақ таң сәулесімен бірге дүниеге есігін ашқан.
Әсемхан Мұқаметхан қызы бала кезінен әдебиетке әуес, поэзияға жаны құмар еді. Мұқағали жырларымен сусындап, бөлек талант байқатқан жалынды ақынның көптеген өлеңдері мен шалқыма және әңгімелері, «шұғыла», «мұра», «алтай аясы», «іле айдыны», ‹‹ұлттар әдебиеті››, Қазақстаннан шығатын ‹‹жалын›› қатарлы журналдардан жарық көрген.
Әсемхан Мұқаметхан қызы
Кірбең тартып қабағы,
Жарты көңіл ару кетіп барады.
Түніменен көз шырымын алмаған,
Солғындаған ажары.
Көңілінде көп жұмбақтар шешілмей,
Сағым болып ұстатпайды ағады.
Қара барқыт мақпал түндер,
Тым ауыр ғой зілмәуірт.
Қилы өмір, бұраң тағдыр,
Көңілінде тұр қауіп.
Ару жанын азаптаған,
Мазалаған көп ойлар,
Осы түнмен ұштасады қым - қуыт...
Пасық жандар,
Жалмауыздай жалақтайды төнеді.
Адастырып бағытынан,
Тұн - түнекке көмеді.
Көр кеуделер - тым қапырық,
У жайлаған қара үңгір,
Ару жанын тұншықтырып,
Микроп боп өбеді.
Пасықтардан ару жүрек,
Үрейленді, шошынды!
Адамдықтың, адалдықтың,
Жолы қалай тосылды?!
Періштедей қасиетті,
Ақ арманы көктемей,
Өшіп-сөніп,
Мұздай суық көз жасымен қосылды.
Бағдарсыз қап меңіреу түнде,
Ақ таңға ару асықты.
Қырсық тағдыр, жол бұралаң,
Бұған қалай жазықты?!
Ізгіліктен, ұлағаттан,
Кенде қалған надан көп,
Күншілдікпен ару жанын,
Түңілдіріп жасытты.
Осылайша түнек түндер әйтеу өтті,
Қара перде сөгілді.
Ақ пен қара тайталасы,
Таң шуағы төгілді.
Қаяулы ару,
Ақ жастыққа басын қойған талықсып,
Сергек тұрып,
Таңғы сәуле - алау нұрға шомылды.
Шығыс жақтан арайланған,
Қызыл күннің шапағы,
Дімкәстанған ару жанын,
Жылытады жазады.
Иығына салған тарап,
Сүмбіл шашы төгіліп,
Кіршіксіз жүз бал - бұл жанып,
Қара көз ұшқын атады.
Таңғы шапақ от кірпікке,
Ұрылғанда жалт етіп.
Түнек - тұман,
Қайғы - жылан,
Жығылды кеп жалп етіп.
Пәк жанына өбіскенде,
Қызыл алау таң нұры.
Қырсық пен сор жылап жатыр,
Тұра алмайды хал кетіп!
Нұр жауып тұр қылау - қылау,
Сағым болып шашылып.
Күншіл, пасық, көркеуделер,
Аспақта тұр асылып.
Ару жүрек шаттананады,
Шарықтады айғайлап:
– Құтылдым деп түнек түннен -,
Көңілден Гүл ашылып!
2009 - жылы 5 - қыркүйек.
Әсемхан Мұқаметхан қызы
1970 - жылы сәуірде гансу өлкесі Ақсай ауданы шүлен тау баурайындағы суы кәусәр құрымбұлақ деген мөлдір бастауда, аппақ таң сәулесімен бірге дүниеге есігін ашқан.
Әсемхан Мұқаметхан қызы бала кезінен әдебиетке әуес, поэзияға жаны құмар еді. Мұқағали жырларымен сусындап, бөлек талант байқатқан жалынды ақынның көптеген өлеңдері мен шалқыма және әңгімелері, «шұғыла», «мұра», «алтай аясы», «іле айдыны», ‹‹ұлттар әдебиеті››, Қазақстаннан шығатын ‹‹жалын›› қатарлы журналдардан жарық көрген.
Қара базар. Бек Ноғайбайұлы.
Қара базар Қара базар адам толы қайнаған, Бірі таныс, бірі бөтен айналаң. Бәз біреудің істеріне қуанып, Бәз біреудің жүрісінен қайғы алам.
Қараңғы түндердің шапағаты
Түндер келеді құбылмас қараңғылықпен дүниенің барлық жиіркеніштерін таса ғып, күндізгі сағымдай көз жауын алмай көлгір көркімен жасанып;
Өзіңменен жүрегім егіз менің
Өзіңменен жүрегім егіз менің, түндер бойы қарманып сені іздедім - жоқсың. Сонда еске алдым қимастықты тағдырдың желі үзгенін.
Шаттық қайда, ән қайда аласұрған
Шаттық қайда, ән қайда аласұрған? Түндер қайда ұйқыны таң асырған? Байланғандай тіл - аузым тұншығамын шалға тиген байғұстай шарасыздан.
Махаббаттың жазылмаған заңы
Жол бұралаң, сезім тура, oй тура, Жол түскен соң болмас кейін қайтуға. Сүйген адам сезімі үшін бақытты, Болмайды оны бақытсыз деп айтуға.
Қап - қара, ғажап, сиқырлы
Қап - қара, ғажап, сиқырлы Қашпаңдар қара бояудан! Қандырып уыз - ұйқымды, Қап - қара түннен оянғам.