ойын сауық отауы
Ұқсастық
15.05.2016 1 779 0 Дауыл

Ұқсастық

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Босанған Ана.
Көктемде дала бусанып,
Біріне - бірі болар ма ұқсас мұншалық.
Толғатып дала,
Есен - сау Ана ұл тауып,
Бара жатады көктемнің көкшіл бұлты ауып,
Тершиді Ана,
Тершиді дала қымтанып.
Тамыры иіп, тәтті бір ұйықтап алғасын,
Ана шайыңа,
Дала нөсерге қанғасын,
Далаға - диқан,
Анаға адал жолдасы,
Тыңайтпақ болып,
Даярлап жатыр қалжасын.
Өскенде сәби Анадан таусап қорегін,
Далада тәй - тәй саусағын жаяр көк егін.
Жерді - Анама,
Анамды жерге теңедім,
Екеуінен де егіз ұқсастық көремін.
Қапелімде байқамай жүргемін бе?
Қанат бітіп келеді күннен - күнге.
Мына өмірден бір кетіп, бір келдім бе
Түсі бөлек баяғы гүлдердің де,
Кімдердің де, күн менен түндердің де
Осы, мен...
Әлде басқа түрге ендім бе? '
Бал арадай шықпайтын айналамнан
Бауыр, жолдас, дос, құрбы қайда қалған
Қысылтаяң кездерде пайдаланған,
Жоқты қуған, қайдасың,
Қайран арман?
Армысың!
Есі дұрыс, мият - Күнім!
Өліп қайта тірілген сияқтымын
Жарқын өмір, жан өмір, жасыл шуаң,
Алдарыңда сендердің, ұяттымын..
Алып ұшып барады қанаттарым,
Күнді ұзатып, күтемін таң атқанын.
Дәл осындай сәтіңнен адастырмай,
Адастырма, өтінем, жаратқаным!

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Алғашқы қар Алғашқы қар
Дала бүгін ақ ала, дала бүгін шағала, Қонып жатыр шағала, менің келіп жағама. Аспан мен жер арасы алым - беріс қозғалыс, Қарауытар маңайың қадағанмен
Шатыр Шатыр
Темір жол бойы бағана, Сымында көктем құстары. Жып – жылы қазір далада, Дала да үйдей қыстағы.
Гүлдер семіп барады Гүлдер семіп барады
Жер ылғалын, күн нұрын көріп толып, Бал араға бар нәрін беріп болып, Күннен күнге дерт жеңген нәрестедей Гүл сарғайып барады семіп, солып.
Көктем Көктем
Қарайып жарқабақтар күн ыстаған, Қырдан қар төмен қарай жылыстаған. Тосады жалпақ дала күнге жонын, Денесін жазайын деп құрыстаған.
Жалаң аяқ қыз Жалаң аяқ қыз
Төпеп тұрған нөсерге қарамай - ақ, Бір қыз кетіп барады жалаң аяқ. Жалтыраған әдемі топылиын, Кім біледі, жауыннан барады аяп.
Қысқы жолда Қысқы жолда
Қараңғы түн, сары дала, Көрінбейді айнала. Боран соғып тұр борап, Жолды басқан құр сорап.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×