ойын сауық отауы
Өз - өзімнен өртеніп барам жанып
01.03.2016 2 007 0 Дауыл

Өз - өзімнен өртеніп барам жанып

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Өз - өзімнен өртеніп барам жанып,
жүректен жас ағады тарамданып.
Менде жай жоқ бұл күнде тым болмаса
ақтарылар алдыңда саған барып.
Жасқа ғана толады жанар налып,
мен үшін тұр дүние қараң қалып.
Қақ төбемде жалт ойнап жатыр бүгін,
қалай тұрмын, япыр - ау, аман қалып?
Шырқап, шалқып жүрген бұл кезім менің,
қалай сонша күйгенім, езілгенім?
Бұл өмірдің азабы - ар алдында
күнаң болмай кінәлі сезінгенің.
Дөңбекшідім, түндерде көз ілмедім,
көз ілмедім, таусылды төзімдерім.
Алдамшы боп бара ма мынау жалған,
түсінбесең жанымды өзің менің.
Әттең, оттай сезімім шыдатпады,
суалғандай таудың да бұлақтары.
Арман алға сағым боп шақырғанмен,
көп екен ғой тірліктің сынақтары.
Сенуші едің сәбидей маған, көкем
(сенім артар бұл күнде адам да кем).
Біздегі үміт, сенімді өшіргендер
өкінбей - ақ рахат табар ма екен...
... Сүйген жүрек кешеді дейтін еді,
бұдан соң да кешіре алар ма екен...

Дос керек маған... Дос керек маған...
Бұл көңіл деген бола бермейді - ау босқа алаң, Шарқ ұрып кейде іздейді екен дос - жаран. Айналам толы ниеті түрлі пенделер, Шегінем бір рет -
Күнде үйге асығасың Күнде үйге асығасың
Күнде үйге асығасың... Түсінбес ата - ана ма - несіне жасырасың, айтып қой апаңа да.
Құштарлық немесе махаббатта жолы болмаған ақынның бір сәттік көңіл - күйлері Құштарлық немесе махаббатта жолы болмаған ақынның
Ойларым менің ойран боп сарқылып жүрген кезімде, бұрқан да талқан сезімге алқынып жүрген кезімде,
Әйелге деген махаббат Әйелге деген махаббат
Түндерде жалын боп өткен біреуді жаным деп өпкен сенің гүл еріндеріңнен әйтеуір жерінбедім мен.
Қызғаныш Қызғаныш
Мен қайтсем екен? Мынау денем өртеніп, барады ысып. Кетсем бе әлде сандалып арақ ішіп?.. Менен гөрі бақытты - ау әркімдердің
Жүрек демін алғанда Жүрек демін алғанда
Сандалғаны - ай санамның сан бөлініп, Тамырымда тулайды қан желігіп. Бара жатыр көлшіктер көлге айналып, Бара жатыр төбелер тау көрініп.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×