ойын сауық отауы
Жүрек демін алғанда
08.05.2016 1 941 0 Дауыл

Жүрек демін алғанда

Өлеңдер
Мұқағали Мақатаев

Сандалғаны - ай санамның сан бөлініп,
Тамырымда тулайды қан желігіп.
Бара жатыр көлшіктер көлге айналып,
Бара жатыр төбелер тау көрініп.
Құмды құшқан қу тақыр баққа айналып,
Суық аяз күйдірген оттай қарып,
Әлсіз жүрек әл жиып алатындай,
Аракідік лып етіп, тоқтай қалып.
Тас көшеге табанмен сына қағып,
Қайда асығып барады мына халық?!
Абыр - сабыр ағылған адамдарға,
Айғай салғым келеді тұра қалып.
Көшелер де теңселіп баратқандай,
Машиналар шоршиды шабақтардай.
Бәрі қалқып барады сағым болып,
Барлығын да сағымнан жаратқандай.
Сағыммен сағым боп, еріп барам,
Көңіл сұрар пенде жоқ келіп маған.
Анда - санда көзімді бір ашқанда,
Алатаудың ақ басын көріп қалам..

Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2

Қаздар қайтып барады мекеніне Қаздар қайтып барады мекеніне
Қаздар қайтып барады мекеніне, (Қанаты бар мақұлық кетеді де). Қаз - қаз басып, қалтырап қария тұр Дәрмені жоқ таяғын көтеруге.
Тілектеске Тілектеске
Ей, бауырым! Көтерсеңші, көтерсеңші басыңды. Алатаудың асқарына күннің нұры шашылды. Қыз - тіршілік, міне тағы мойыныңа асылды, Асылды да саусағымен
Сағым боп аққан сан жылдар Сағым боп аққан сан жылдар
Сағым боп аққан сан жылдар, Сарпаңға мені салдыңдар. Тағдырлас маған, тағдырлар, Қай жаққа кетіп қалдыңдар?
Несіне асығады?! Несіне асығады?!
Күн қайда асығады?! Нендей күш күннің нұрын жасырады?! Қызарып соңғы сәуле шашырады. Күн түйе алмай барады шашын әлі.
Жұлдыздар сөніп барады Жұлдыздар сөніп барады
Жұлдыздар сөніп барады Айналып келді батқан күн, Жығылды түннің жалауы. Алауын бақпай ақ таңның,
Жоқ, дәрігер Жоқ, дәрігер
Жүрегіме жүк артып жүргенімде, Қажыдың ба, байғұсым, білмедім бе? Шайпау тиіп, шаршатып кім көрінген, Уландың ба, білмеймін кірледің бе?
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×