ойын сауық отауы
Жылдан жылға сиреуде достарым да
05.05.2016 2 179 0 Дауыл

Жылдан жылға сиреуде достарым да

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Жылдан жылға сиреуде достарым да,
жаным жиі көмілер тоспа мұңға.
Жалғыз едім, барамын жартыланып,
бір өшеді, бір жанып от жанымда.
Шыңдай болып көрінер шоқша құм да,
көлбеңдеген баяғы жоқ сағым да.
Жастық арын қалғандай беті қайтып,
дайын еді бұрында төс қағуға.
Жүйрік арман, тайпалған жорға мұрат
түсетіндей күні ертең қолға бір - ақ,
ақиқатты дәлелдеп өңеш керіп,
жанұшырар қалғанша орға құлап.
Жоқ бәрі де, тапжылтпай сана - қақпан,
теңіздейсің тартылып бара жатқан.
Уақытың ба, жасың ба - біле алмайсың -
барған сайын өзіңді даралатқан.
Асып - тасар сәттерің, күндерің кем,
алыстайды жандар да бірге жүрген.
Өткеніңді саралап, ойға сүңгіп,
жанға дауа іздейсің түндеріңнен.
Албырт арман суалып, ол да семер,
адам жанның азабын сонда шегер.
Тұңғиыққа балдыр - мұң батырады,
алаңдатар бір мақсат болмаса егер.

Жалғыз қайтып бара жатам бақтан мен, Жалғыз қайтып бара жатам бақтан мен,
Жалғыз қайтып бара жатам бақтан мен, Күбірлесіп жүректегі хаттармен. Неге менің жанымдағы достарым, Дос болады дүниемен, ақшамен?!
Мен сонда жылап қалғам Мен сонда жылап қалғам
Мен сонда жылап қалғам. Сен сезбедің. Кетті ұшып жыраққа арман. Мұның бәрі неліктен? Білесің сен - өзіңді ұнатқаннан; сосын, сосын жүргеннен ұмыта
Өз - өзімнен өртеніп барам жанып Өз - өзімнен өртеніп барам жанып
Өз - өзімнен өртеніп барам жанып, жүректен жас ағады тарамданып. Менде жай жоқ бұл күнде тым болмаса ақтарылар алдыңда саған барып.
Ұстаз Ұстаз
Заводта болсаң, күнбе - күн көрінер еді табысың. Дәрігер болсаң, түрлі емің – сырқаулы жанның бағы шын.
Арман Арман
Жаз шығып, жаманшылық жоғалғанда, Тал гүлдеп, шалғын өсіп, оңалғанда. Көлбеңдеп көкорайда күрілдетіп, Орақшы пішен шауып шөп алғанда.
Өзен мен Қарасу Өзен мен Қарасу
Қарасу Өзенге айтты: «Ғажап мұның! Мезгілің бар ма, сірә, табар тыным? Тасисың бірде кеме, бірде салдар, Қайықтың есебі жоқ сансыз мыңын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×