ойын сауық отауы
Білмейсің бе, қарағым
06.05.2016 2 251 0 Дауыл

Білмейсің бе, қарағым

Өлеңдер
Фариза Оңғарсынова өлеңі

Білмейсің бе, қарағым,
менің мінез - құлқымды?
Осы күймен қаламын,
бола берсін "біртүрлі".
Екі өлшеммен шектелем,
айыптасын көп пенде -
жақсы көрем, жек көрем,
орташалар жоқ менде.
Талабым сол баршаға,
кетем онсыз қол сілтеп:
кісі өлтіріп алса да,
шынын айтып келсін тек.
Басымды ойлап жүдемен,
өзгешелеу тұлғамды ұқ.
Досым үшін жіберем
ғұмырымды құрбан ғып.
Қиын - қыстау шақтағы
жеңбей өмір қыспағын,
ниетімді сатқаны -
мәңгілікке дұшпаным.
Мені емдейтін дәрі кем,
қыңыр дей бер сен мейлің.
Жалғандықтың бәрімен
келісімге келмеймін!

Жалғыз ұлдан қызық көрем деп едім Жалғыз ұлдан қызық көрем деп едім
Жалғыз ұлдан қызық көрем деп едім, Ыстық тамақ бұл күндері жемедім. Жауарап тоңып жатқанымда ауырып, Маған келіп не болды әке демедің.
Бала туралы өлеңдер Бала туралы өлеңдер
Сені қашан көрем деп, Үйге асығып жетем. Үлбір беттен өбем деп, Ұшып - ұшып кетем.
Сержанәлі Әлібек - Мен сені жақсы көремін Сержанәлі Әлібек - Мен сені жақсы көремін
Көздеріңнен аққан жасты көрем, Алдымда жұбатқан досты көрем, Сен мені жаным ұмыттың ба? Мен сені жаным жақсы көрем...
Бағлан Əбдірайымов - Мен сені жақсы көрем Бағлан Əбдірайымов - Мен сені жақсы көрем
Бағлан Əбдірайымовтың"Мен сені жақсы көрем" атты жаңа әні
Мен сені қызғанамын Мен сені қызғанамын
Мен сені қызғанамын. Жалт етіп қарағанына емес қыз баланың (мен ешқашан қызғанбан қызға, жаным, олар менің қашанда ақ тілеушім ғой -
Отыздан асып барамын Отыздан асып барамын
Сұқтанып тұрып жанарың, Сұрыма неге қарадың? Солай да, солай, қарағым, Отыздан асып барамын.
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×