ойын сауық отауы
Ұшақтан жылдам бұлттар
07.04.2020 7 121 0 Дауыл

Ұшақтан жылдам бұлттар

Өлеңдер
Ескен Елубаев өлеңдері

Ұшақтан жылдам бұлттар
Таңертең күн ашық,
Тұр енді нұр шашып.
Аспанда бұлт жоқ:
"Ендеше күдік жоқ.
Ойладым дәл бүгін
Жаумайды жаңбырың"
Шықтым мен үйімнен.
Жейдешең киіммен.
Әурелер жолда құр,
Алғам жоқ қол шатыр,
Кенеттен аспанда
Бұлт торлай бастады.
Ұшақтан жылдам ба?!
Жетсе ол тез бұл маңға.
Шаңдатып көшені,
Басталды нөсері.
Өстіп бұлт жаңбырлы
Міне таң қалдырды!

Жоқ мотор,
Қанаты,
Бұл бұлттар қалайша
Тез жете қалады?..

Ескен Елубаевтың басқа өлеңдері

Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап, ауада болатын өзгерістерді болжай аласың Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап,
Бұлттарға қарап, күн райын болжаудағы халық тәжірибесіне тоқталсақ: Күн батар кезде бұлттар қызарып көрінсе, ертеңіне аспан ашық, күн жылы боларын
Көшеді бұлттар... Көшеді бұлттар...
Көшеді бұлттар, көшеді бұлттар, көшеді, Қоштасар қимай көк аспан - өлең - төсегі. Көшеді бұлттар көкжиектерді бетке алып, Көшеді бұлттар, көшпелі
Шатыр Шатыр
Темір жол бойы бағана, Сымында көктем құстары. Жып – жылы қазір далада, Дала да үйдей қыстағы.
Нөмер Нөмер
Бұлттар төніп келеді, Нөсер жауар жиылса. Бұлттар төніп келеді, Сауыны келген сиырша
Май Май
Бұл күнде нұрлы аспаны Көрсең ғой көркем қаланы! Туған ел тойын бастады, Басталды майдың парады!
Әріпті жұмбақтар №1 Әріпті жұмбақтар №1
Тазыда бар, Итте жоқ. Қазыда бар, Сүтте жоқ. (З)
Пікірлер (0)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
×