Көшеді бұлттар...
Өлеңдер
Көшеді бұлттар...
Көшеді бұлттар, көшеді бұлттар, көшеді,
Қоштасар қимай көк аспан - өлең - төсегі.
Көшеді бұлттар көкжиектерді бетке алып,
Көшеді бұлттар, көшпелі ғұмыр кешеді.
Көшеді бұлттар, көшеді бұлттар жөңкіле,
Көшкен бір зулап қап - қара бұлттар дерті не?
Көшеді алыс, асықты қайда, білмеймін,
Көшеді бұлттар, қоймастай Тәңір еркіне...
Көшеді бұлттар жұлдыздар сынды үзілген,
Көшеді бұлттар сағым боп елес түзілген.
Көшеді, әне, аттанып суыт бейуақта,
Келте бір ғұмыр танытып кейпін жүзінен.
Көшеді бұлттар, ызыңдап жел де еседі,
Көшеді бұлттар, қайтқан бір жандай меселі.
Аңғартып мынау жанталас тірлік жалғанын,
Қашқандай болып қоп - қою бұлттар көшеді...
Көшеді бұлттар, көшеді бұлттар, көшеді,
Қоштасар қимай көк аспан - өлең - төсегі.
Көшеді бұлттар көкжиектерді бетке алып,
Көшеді бұлттар, көшпелі ғұмыр кешеді.
Көшеді бұлттар, көшеді бұлттар жөңкіле,
Көшкен бір зулап қап - қара бұлттар дерті не?
Көшеді алыс, асықты қайда, білмеймін,
Көшеді бұлттар, қоймастай Тәңір еркіне...
Көшеді бұлттар жұлдыздар сынды үзілген,
Көшеді бұлттар сағым боп елес түзілген.
Көшеді, әне, аттанып суыт бейуақта,
Келте бір ғұмыр танытып кейпін жүзінен.
Көшеді бұлттар, ызыңдап жел де еседі,
Көшеді бұлттар, қайтқан бір жандай меселі.
Аңғартып мынау жанталас тірлік жалғанын,
Қашқандай болып қоп - қою бұлттар көшеді...
Аспан әлемінде болып тұратын құбылыстарға қарап,
Бұлттарға қарап, күн райын болжаудағы халық тәжірибесіне тоқталсақ: Күн батар кезде бұлттар қызарып көрінсе, ертеңіне аспан ашық, күн жылы боларын
Өмір, қымбаттым менің өлеңі Тұманбай Молдағалиев
Ақшашты атадан қорқам, Өзім сондай болам - ау деп. Мүрделі жотадан қорқам, Мен де сонда қалам - ау деп,
Өледі кімдер, туады кімдер
Өледі кімдер, туады кімдер, Батады күндер, шығады күндер. Семеді гүлдер, өседі гүлдер, Келеді күндер, көшеді күндер.