
Тойға шақыру
Өлеңдер
Тойға шақыру
Сезiм жолы сан мәрте сыналғанда,
Өмiр сыйын ұсынды бұларға да.
Бүгiн, мiне, қос ғашық қос аққу боп,
Сапар шектi бақытқа бiр арнада.
Шымылдығы шаттықтың түрілді де,
Естіртті ән ғып өмірдің үнін күле.
Қол ұстасқан қос ғашық сол әнді айтып,
Жарасыммен ортада бүгін, міне.
Оларға өмір той гүлін тақты мына,
Бағыт алды жұбайлар бақ қырына.
Кел, ендеше, куә бол, ағайын, дос,
Екi жастың бас қосқан шаттығына.
Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы
Сезiм жолы сан мәрте сыналғанда,
Өмiр сыйын ұсынды бұларға да.
Бүгiн, мiне, қос ғашық қос аққу боп,
Сапар шектi бақытқа бiр арнада.
Шымылдығы шаттықтың түрілді де,
Естіртті ән ғып өмірдің үнін күле.
Қол ұстасқан қос ғашық сол әнді айтып,
Жарасыммен ортада бүгін, міне.
Оларға өмір той гүлін тақты мына,
Бағыт алды жұбайлар бақ қырына.
Кел, ендеше, куә бол, ағайын, дос,
Екi жастың бас қосқан шаттығына.
Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

Бақыт қонып ақ отау түндігіне, Тағы да сезім нұры күлді, міне. Қол ұстасты жұбайлар салтанатпен Жарастығы сай келіп бір - біріне.

Келеді бүгін көгімнен тағы атып күн, Шырқайтын сәті бақ тілеп жасқа уақыттың. Қос аққу болып жұбайлық өмір басталып, Көтерілді туы бақыттың. Отауға

Өмірдің сыры махаббатпенен астасып, Қосылды жастар, бойдақ күн қалды қоштасып. Осынау күнге куә боп отыр ағайын, Мінеки, бүгін бақытын тапты қос

Екі жасқа бақ жолына ұмтылған, Бақыт тілеп әрдайым да күлсін таң. Оларға әне ақ отаудың есігі Қол бұлғап - ақ өмір атты тұр шыңнан. Сол ақ отау бақ

Ұл менен қызы құдірет, күшке балаған Адамның бәрі туады асыл анадан. Анаңыз бір кез сізге де тірлік сыйлатып, Қырыққа кепсіз, мінеки, сіз де, ағажан.

Бүгін, міне, сен үшін Дала шат боп жасыл жібек жамылды. Өйткені сен 18 - ге толған күн!!! Бір сен үшін мынау шәрбат өмірдің "Он сегіз!!!" деп