ойын сауық отауы
Тойға арналған тілек - өлең шумақтары
18.06.2024 165 304 1 Дауыл

Тойға арналған тілек - өлең шумақтары

Өлеңдер
Тойға арналған тілек - өлең шумақтары

Жалғастырып кеше мен бүгінгіні,
Еске сап ата дәстүр – бұрынғыны.
Міне, тағы бас қосты ортамызда
Екі жас ұнатқан соң бірін - бірі.

Бақыт қонып ақ отау түндігіне,
Тағы да сезім нұры күлді, міне.
Қол ұстасты жұбайлар салтанатпен
Жарастығы сай келіп бір - біріне.

Бергеннен соң қос жүрек сенімге ерік,
Той жасады тағы да елің болып.
Түсіп жатыр, мінеки, ақ отауға
Іргелі елдің бір қызы келін болып.

Ақ жол болсын үлкеннен бата алғаның,
Құтты болсын шаңырақ - отандарың!
Жайнай берсін қашанда гүлге оранып
Бүгінгі сендер тіккен отауларың!

Ұрпақ ерсін ізетті іздеріңнен,
Бақ күлкісі кетпесін жүздеріңнен!
Өмірлерің болашақ арылтпасын
Әрдайым бақытты осы кездеріңнен!

Тілейміз ырысты отау қаланғанын,
Қос жүрек сезім отын жаға алғанын.
Қол ұстасқан жұбайлар, құтты болсын
Жасаған болашаққа қадамдарың!

Үлкендер көрсін ізет ойлы жастан,
Сендерге нұрын төксін айлы аспан!
Үнемі тек осындай шаттықпенен
Көрейік тойларыңды тойға ұласқан!

***
Жар сүйіп, болуға отау қам қылыпсың,
Қолыңа бақыт құсын қондырыпсың.
Осылай дос - жаранды шаттандырып,
Думанмен айналаны ән қылыпсың.
Ақ неке қиылған соң жұбайыңмен,
Біріңе - бірің үшін мәңгіліксің!

Жақсы жар жаннан әр кез табылады,
Кетсе алыс бірін - бірі сағынады.
Бүгінгі көтерілген отауыңның
Әр кезде биік болсын шаңырағы!

Отаудың іргетасы босамасын,
Берік қып қойсын тәңір босағасын!
Жарыңмен қол ұстасып қалап алған
Ел мен ел, дос пен достың қос арасын.

Тілейміз татулықтың сезілгенін,
Таусылмай қиындықта төзімдерің.
Біріңді - бірің сүйген жүректегі
Сөнбесін, лауласын ақ сезімдерің!

Үйреніп жақсылықтың жастан бәрін,
Тойларға жайылсын тек дастарқаның!
Ағайын, міне, тағы ортамызда
Көрдіңіз қуаныштың басталғанын.

Бәрі де тоймен өтіп жыл, айлардың,
Көбейсін қуанышы мұңайғанның.
Жақсылық алып келіп болашағы,
Бағы ассын ақ некелі жұбайлардың!

Сөнбесін сенім - сәуле жүректегі,
Болады әр нәрсенің бір өткелі.
Бүгінгі тойда айтылған ел мен жұрттың
Қабыл боп қалсын бата - тілектері!

***
Ғашық болып бір - біріңе көрсеткенде шат қылық,
Алғы күннен осы той боп оянатын тәтті үміт.
Енді, міне, сендер үшін орындалып сол арман,
Шаңырақ пен босағадан кірді бүгін бақ күліп.

Бабалардың ақ үмітін тек осылай жалғаңдар,
Жүректегі ақ сезімді еш сөндіріп алмаңдар!
Келешегің нұрлы болып екеуіңе келсін де,
Орындала берсін дәйім көңілдегі армандар!

Үміттерің тойға ұласып, міне, өмірде болған шын,
Тек алдағы әрбір күнің шаттық болып жалғансын!
Әр ойлаған ойларыңа ілессін де ізгі нұр,
Тілегіңді, арманыңды Тәңір солай оңғарсын!

Тек шын сүйген жандарда әр кез болмайды ешбір, жоқ күдік,
Сондықтан да қос жүректе осы той боп жатты үміт,
Қарады да екеуіңе босағадан бақ күліп,
Енді, міне, бақыт таңы сендер үшін атты нық.

Сынақтардан қол ұстасып бірге жүріп өтіңдер,
Сол үшін де қыз - көңіл мен сертке лайық бекінді ер.
Махаббаттың сол шырағын еш сөндіріп алмастан,
Армандар мен мұраттарға қатар жүріп жетіңдер!

Авторы:
Ғабиден ҚОЖАХМЕТ,
Қызылорда қаласы

Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға бата Бата - тілектер: Алтын тойға бата, Күміс тойға
Қабыл ғып Алла тілекті, Қуанта берсін жүректі. «Алтын тойым болғай» деп, Тілеумен қанша күн өтті.
Ақ тілек  (Аға - жеңгелер тілегі) Ақ тілек (Аға - жеңгелер тілегі)
Екеуі де бірдей жоғары білім алып, екеуі де адам жанына арашашы болар мамандықты өз өмірлеріне серік етіп алған, Астана қаласында еңбек етіп жатқан
Ұзату тойға арналған тілек (әпке, қарындасқа) Ұзату тойға арналған тілек (әпке, қарындасқа)
Қуанамын неге бүгін соншалық Шаттанғаннан келіп жетті бір шабыт Қиясына ұшқалы отыр әпкеміз, Көңілде бір қимастық бар қайтеміз.
Тойға арналған бата Тойға арналған бата
Тойға келген ағайын, Домбыраны алайын. Ата - дәстүр салтымен, Термелеп әнге салайын. Қуанышқа ортақ боп, Қызығына қанайын.
Жаңа бата Жаңа бата
Екі жастың әрқашан жолы болсын, Жас өмір мерекеге толы болсын. Соңынан екеуінің сәби ерсін, Сәбиге берсін Дана тәрбиесін.
Аруларға тілек Аруларға тілек
Сендер жайлы тек ән салсын уақыт-күн, Жүздеріңде нұры ойнасын бақыттың. Бақыт деген - қыздың қамсыз күлкісі, Алмастыра алмас оны жақұт мың. Отау етіп
Пікірлер (1)
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақ,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Акниет
#1 Акниет Қонақ 22 шілде 2019 18:26
Вай оте керемет
×