
Жаңбыр
Өлеңдер
Қадыр Мырза Әли
Жаңбыр
Ала қашпай, елірмей,
Әдемі ырғақ тауып бір
Қап - қара бұлт негрдей
Ақ жаңбыр боп жауып тұр.
Табиғат қой жаңғырған
Қыл қаламның шебері:
Қара бұлт, ақ жаңбырдан
Қалады жер көгеріп!
Жаңбыр
Ала қашпай, елірмей,
Әдемі ырғақ тауып бір
Қап - қара бұлт негрдей
Ақ жаңбыр боп жауып тұр.
Табиғат қой жаңғырған
Қыл қаламның шебері:
Қара бұлт, ақ жаңбырдан
Қалады жер көгеріп!

Қоңырқай күздің аспаны Бүркенді бұлтты қап - қара. Нажағай ойнай бастады – Маңайда, алыс жақта да.

Шалғайын шалқар малшыған Бұлт келді, Көктен кір кетті. Топырлап ұрған тамшыдан Топырақ иісі бұрқ етті.

Қарайып жарқабақтар күн ыстаған, Қырдан қар төмен қарай жылыстаған. Тосады жалпақ дала күнге жонын, Денесін жазайын деп құрыстаған.

Көк ала бұлт сөгіліп, Күн жауады кей шақта. Өне бойы егіліп, Жас ағады аулақта.

Мана көкті қаптап еді қара бұлт, Күн күркіреп қорқытып, ұшырып құт: Көк тұнжырап мұңайып, қабақ жауып, Көз ашқанда аспанда жарқылдап от.